132
жынысты
гетерогаметалы
жыныс деп атайды. ХХ – гомогаметалы
аналық жыныс, ал ХУ – гетерогаметалы аталық жыныс.
Егер жұмыртқа жасушасы Х хромосомасы бар спермамен
ұрықтанса, онда хромосмалық формуласы 6А+ХХ болатын зигота,
ал У хромосомасы бар спермамен ұрықтанса, онда хромосомалық
формуласы 6А-ХУ болатын зигота пайда болады. Бірінші зигота-
дан аналық ал екінші зиготадан аталық шыбындар шығады жəне
аталықтары мен аналықтарының сандық қатынасы бірдей, яғни 1:1
болады.
Сүтқоректілердің көпшілігінде, соның ішінде адамды да
аталықтарының жыныс хромосомалары бір Х жəне бір У хромосома,
ал аналықтарында екі Х хромосомадан болады. Соған байланысты
аталық дарабасты гетерогометалы, аналық дарабасты гомогаметалы
дап атайды. Əйелдің дене жасушаларында 22 жұп аутосомалар жəне
екі Х хромосомалар, ал еркектің дене жасушаларында 22 жұп ауто-
сом, бір Х хромосома жəне бір У хромосома болады. Жұмыртқаның
хромосомалық формуласы 22А+Х, ал сперма екі сортты болады:
22А+Х жəне 22А+У. Егер ұрықтануға У хромосомасы бар спермий
қатысса, ұл бала дамитын зигота, егер Х хромосомасы бар спермий
қатысса, қыз бала дамитын зигота пайда болады.
Сүтқоректілердің аналығында ұрық дамуының алғашқы са-
тысында Х хромосомалардың екеуі де жұмыс істейді. Соңынан
жұмыртқа жəне аналық бездері дамитын жасушалардан бас
қа-
ларының барлығында екі Х хромосоманың біреуі жұмысын тоқ-
татады. Белсенділігінен айырылған бұл хромосома жинақталып,
тығыздалған дене түрінде қалады. Мұны Барр денешігі деп атайды
екен. Осы Барр денешігінің болуы болмауына байланысты жынысты
анықтайды. Əдетте ол əйел жынысына тəн.
Достарыңызбен бөлісу: