I Р ♀ ZW х ♂ ZZ
Гаметалары ♀ Z, W ♂ Z
Ғ
1
♀ 1ZW : ♂ 1ZZ
II Р ♀ ZO х ♂ ZZ
Гаметалары ♀ Z, O ♂ Z
Ғ
1
♀ 1ZO : ♂ 1ZZ
Жынысты анықтаудың –
гаплодиплоидея деп аталатын тағы
бір типі белгілі. Мұны жынысты анықтаудың
төртінші типіне жатқызуға болады. Ол араларда жəне құмырсқаларда кеңінен
тараған. Бұл ағзаларда жыныс хромосомалары болмайды. Мыса-
лы, бал аралардың аналықтары диплоидты, ал аталықтары (
тру- тендер) гаплоидты болады. Ұрықтанған жұмыртқалардан аналық
дарабастар, ал ұрықтанбаған жұмыртқалардан партеногенез жо-
лымен трутендер өсіп дамиды. Сперматогенез үдерісі кезінде тру-
тендердің хромосомаларының саны редукцияға ұшырамайды.
Хромосомалардың гаплоидты саны трутендердің соматикалық
жасушаларында сақталып, олар жыныс жасушаларын береді.
Ұрпақ беруге қабілетсіз жасушалар өздерінің жеке дамуы кезінде
хромосомалардың диплоидты санын қайтадан қалпына келтіреді.