138
Кіріспе
Шөлді жерлердің ажарын кірігзетін мелиоранттардың
бірден бірі ол сексеуіл
ағаштары. Сексеуіл алқаптары құмның көшуіне тосқауыл болады, айналаның снитарлы-
гигиеналық ортасын жақсартады [1], тұрақты және өнімді
жайылымдардың құрылуна
ықпал етеді, шалғайда мал шаруашылығын құруға қолайлы жағдай туғызады [2], жасанды
жайылымдарды құру кезінде кеңінен пайдаланылады, жәнеде сирек кездесетін жануарлар
мен өсімдіктер дүниесі мекендейтін жер болып табылады [3].
Қазақстан Республикасының орманмен қамтылған жерлерінің (12,4 млн.га) шамамен
жартысын (6,1 млн.га) сексеуіл алқа ағаштары алып жатыр. Соның ішінде көп алқаптары
(3,4 млн.га) қара сексеуіл алқа ағаштарына тиеселі. Олар көбіне транзиттік өзендер,
корбанатты шөлейтті жерлерде, ескі су
арналарының орындарында, ежелгі аллювиалды
жазықтарда, қатты құмдармен шекаралас шөлейтті территорияларда өседі, ал құмдауытты
барханды шөлейтті жерлерде оларды ақ сексеуілдер алмастырады [4].
Қара сексеуіл тұзды топырақтарды жақсы көтереді. Қатты сортаң жерлерде өсуіне
байланысты кейде оларды сортаңдар да деп атайды. Алайда кішкене жаста олар
топырақтың
тұздануын көтере алмайды, сондықтан қара сексеуілге тұқым бақ саларда
олардың топырақ құрамында тұз мөлшері аз болғандығын ескереді.
Қара сексеуіл шөлейтті жерлердің типттік өсімдігі болып табылады. Қоршаған
ортаның өзгеруіне байланысты қара сексеуіл өз өсу жағдайын да өзгерте алады.
Қара сексеуіл құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер категориясына жатқызуға болады.
Тамыр жүйесі арқылы берілетін ылғалдылық жетіспеген
жағдайда бұл өсімдік өз
бойындағы жасушаларға ылғалдылығын тоқтатады, ал ылғалдылық көп кезеңде (қыркүйек
қазан айларында) өз бойындағы ылғалдылықты бір қалыпты ұстап тұруға қауқарлы. Қара
сексеуіл алқа ағаштарына ылғалдылық жетіспеушілік негізінен маусым айларында
байқалады [5]. Өсу жағдайына байланысты қара сексеуіл алқа ағаштары 2-7 жастан бастап
тұқым береді [6].
Достарыңызбен бөлісу: