Тезисы (Пути воспроизводства почвенного плодородия и повышение продуктивности хлопчатника)



бет1/25
Дата20.06.2018
өлшемі7,96 Mb.
#43757
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Семинар методикасының тақырыбына

1 қосымша:


«Топырақ құнарлылығын жақсарту және мақта өнімділігін арттыру жолдары» тақырыбы бойынша лектордың тезисы

(Пути воспроизводства почвенного плодородия и повышение продуктивности хлопчатника)


Лекция 1.

Топырақты егіс алды үнемді өңдеу технологиясы
Ауыл шаруашылық саласын дамыту   өз кезегінде  ауылдарды жұмыспен қамтуға  және еліміздің  экономикасын  ықпал етеді. Жалпы алғанда  ауыл шаруашылығы салаларын өркендетуге  мемлекет тарапынан  көптеген қаржылар бөлініп, бәсекеге қабілетті   агроөнеркәсіп  өндірісін  дамытуға және еліміздің  экспорттау мүмкіндіктерін  кеңейтуге,  базалық жағдайлар  жасауға көмектеседі.

Елбасы үкімет пен ел алдына ауыл шаруашылығы ғылымын басым бағытта дамыту қажет екендігін, өндірістің тиімділігі мен өнім сапасының артуы қолданбалы аграрлық зерттеулерді дамытуға және пайдалануға, қазіргі бар технологияға бейімделуге және өндірушілерге жаңа технологиялар беруге тікелей байланысты екенін атап келеді.

Осы орайда әртүрлі келеңсіз жағдайларға төзімді жаңа мақта сорттарын өндіріске ендіру, топырақ құнарлылығын арттыру мақсатындағы ғылыми негізделген тиімді ауыспалы егіс тізбектерін жетілдіру, нарық заманындағы отандық мақта өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мақта қозасын баптаудағы жаңа технологияларды жасап шығару қазіргі таңда өте үлкен өзектілік танытады.

Сондай-ақ егіншілік жүйесін қалыптастыру үшін агроқұрылымдарда тиімді ауыспалы егістерді енгізу және игеру, топырақ өңдеудің дұрыс және тиімді жүйесін қолдану, қазіргі таңның талабына сай мақта қозасы мен басқа да ауылшаруашылығы дақылдарын өсірудің ғылыми негізделген ылғал, су және қорүнемдеу технологияларын енгізу, суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту, жергілікті органикалық, биорганикалық және минералды тыңайтқыштарды өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдану, барлық озық агротехникалық шараларды механикаландыруды қалыптастыру, ағын су жетіспеушілік пен қолайсыз су-тұз жүйесі жағдайында мақта шикізатынан орнықты өнімді қамтамасыз ету үлкен маңыздылық танытады..

Өңдеудің аймақтық жүйесін жетілдірудің қажеттілігі еңбек өнімділігінің артуы, өнімнің өзіндік құнының төмендеуі секілді экономикалық тәртіптің себептерімен ғана емес, сонымен бірге топырақтың агрофизикалық қасиеттерінің жақсаруымен, қарашіріктің баланысымен, топырақтың құнарлығының сақталуымен, ылғалды жоғалтудың және жел эрозиясының азаюымен де айқындалады. Топырақты өңдеуді барынша азайтуды зерттеу кезінде бірнеше технологиялық оперияциялар мен тәсілдерді бір жұмыс үдерісінде құрамдастырылған агрегаттарды қолдану топырақты ең аз мөлшерде өңдеу кезінде қолданудың мерзімдерін, мөлшері мен тәсілдерін негіздеу өңдеуді барынша азайтудың өсімдіктер мен өнімге ықпалы; топырақтың аса жоғары тығыздығын жою; құрамдастырылған агрегаттарды агротехникалық және экономикалық бағалау арқылы мүмкіндігінше болғанша біріктіруді жетілдіре түсіудің қажеттілігі туындайды.

Топырақты өңдеу – қазіргі заманғы егін шаруашылығы жүйесінің негізгі буындарының бірі. Оған егіншіліктегі бүкіл энергетикалық шығындардың жартысынан астамы тура келеді. Көптеген агротехникалық тәсілдердің арасында, топырақты өңдеу әрқашанда өнімді қалыптастыруда негізгі рольді атқарып отырды, себебі бұл тәсіл топырақтың көптеген физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттеріне және ең соңында оны құнарлығына ықпал етудің әмбебап әдісі болып табылады.

Егін шаруашылығының пайда болуынан бастап күні бүгінге дейін топырақты өңдеудің мақсаты елеулі өзгеріске ұшырамады, сонда да болса, оны үнемі жетілдіріп отырудың және теориялық негіздеудің мәселері көкейтесті болып қала бермек. Бұл топыраққа ықпал етудің күшейюімен байланысты.

Оңтүстік Қазақстанның сортаңдануға ұшыраған байырғы суармалы жерлері жағдайында ең аз үнемді технологияны қолдану, тұқым себуге дейінгі өңдеу мен мақтаны қатараралық өңдеудің санын азайту топырақтың қолайлы болып түзілуіне (тұқым себуден кейін көлем салмағын масса 1,28-1,30 г/см3 тең) және топырақтың агрономиялық құмды фракциясының құрамының 68,9 пайыздан 76,1 пайызға дейін артуына септігін тигізеді. Тұқым себудің алдындағы өңдеу санының қысқаруы тұқымдарға ауаның жақсы жетуін қамтамасыз етеді, топырақтың беткі қабаты жылдам әрі жеткілікті түрде қызады, мақтаның ерте және бірінғай өскіндерін алу үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Тракторлардың жүріп өту санының үшеуден екеуге яғни біреуге қысқарту суға агрегаттардың мөлшерін 6,89 пайызға және топырақтың су сіңіргіштігін гектарына 38,5 см3 арттырады, сондайақ топырақта ылғалдың жақсы жинақталуын қамтамасыз етеді.

Мақта шаруашылықтарында қозаны күтіп-баптау кезінде қолданылатын трактордың жұмыс технологиясы, жұмыстың жоғары тиімділігін қамтамасыз еткенмен, қазіргі кезеңде ол барынша тиімді болып есептелмейді. Оның кемшілігі топырақты қатар-аралық өңдеу, жүйектерді, тыңайтқыштарды қолданумен бірге немесе қолданбай-ақ жүруінде. Осының салдарынан тракторлардың алқап ішімен жүріп өту саны маусым ішінде 10-15 ке, тіпті одан да көбейіп кетеді.

Трактордың алқаппен әрбір жүрісі жыртылатын қабатты елеулі түрде тығыздатады. Бұл топырақтың сулық–физикалық және химиялық қасиеттеріне, қозаның қоректенуі мен дамуына кері әсер етеді.

Мақта қозасын күтіп-баптау шараларының агрокешенінде өсімдіктердің өңделетін сорттардың биологиялық ерекшеліктерімен үйлесе отырып өсуі мен орналасуының жиілігі туралы мәселе әлі де болса түпкілікті зерттеліп болған жоқ. Жоғары өнім, өсімдіктің санын көбейту арқылы ғана емес, сонымен бірге олардың кең қатарлы және жінішке қатарлы егістіктерде дұрыс орналасуында, демек ауылшаруашылық дақылдарының бірыңғай өсуі және дамуы арқылы да қамтамасыз етіледі.

Суармалы жерлердің барынша мол өнім алуда ең маңыздысы егіншілік мәдениетінің артуы, ғылым мен озық тәжірибелердің соңғы жетістіктерін қолдана отырып (ең бастысы суармалы жерлерді тиімді пайдаланудың негізінде) күтіп баптаудың прогрессивтік әдістерін жасау болып табылады.

Тұқым себуге дайындау бойынша көп реттік механикаландырылған жұмыстар мен тұқым себудің өзі топырақтың жоғарғы қабаттарын қатты тығыздап жібереді, ал бұл өз кезегінде ылғалдың жоғалуына алып келеді, қоректік ережені бұзады, арамшөптердің дамуына септігін тигізеді және қозаның нашар өсіп дамуына алыпкеледі.

Топырақты қорғаудың болашағы бар жаңа тәсілдері мен топырақты өңдеудің ең аз технологиясын жасап шығару, әсіресе топырақтың тамыр өсетін қабатының су-физикалық қасиетінің қолайлы параметірлерін қалыптастыру мен қолдауға қарай бағыталған.

Мақта шикізатының өнімділігін артырумен оның өзіндік құнын төмендетудің жолдарының бірі топырақты өңдеуді барынша азайту және мақта қозасын күтіп баптаудың агротехникалық тәсілдерінің санын мейлінше кеміту болып табылады.

Топырақ үнемді өңдеу технологиясы – бұл тұқым себудің алдындағы барлық жұмыстарды күрделі тракторлық агрегаттың егістікпен бір немесе ең көптегенде екі жүріп өтуінің ішінде жасап шығуға мүмкіндік беретін, бір кешенде әр түрлі механикалық және химиялық операцияларды үйлестіретін және біріктіретін жүйе. Ең аз мөлшерде өңдеу көктемгі тұқым себу жұмыстарын жылдамырақ әрі дер кезінде жүргізуді; топырақ ылғалдылығын жақсы сақталуы мен пайдалануын, еңбек өнімділігінің жоғары болуын, күш-қуат пен қаржының елеулі дәрежеде үнемделуін қамтамасыз етеді. Ең аз мөлшерде өңдеу мен жабындаушы қабатының арқасында мақта мен өзге де отамалы дақылдарды ақшыл сұғылт топырақ жағдайында күтіп баптаудың мүмкіндігі туды.

Қазіргі таңда мақта алқабында егістен алдыңғы топырақ өңдеу санының жиынтығы 5-6 ретке, кейбір шаруашылықтарда 8 ретке дейін жететін, Оңтүстік Қазақстан облысының байырғы суармалы жерлері жағдайында топырақты үнемді өңдеу жүйесін үлкен теориялық және практикалық маңызға ие.

Топырақты үнемді өңдеу технологиясының ерекшілігі - дискілеу, тырмалаумен қоса чизелдеу бойынша барлық операция бір мезгілде трактордың бір жүріп өтуімен негізделеді (1,2-сурет).



1,2 сурет - Егістен алдыңғы топырақты үнемді өңдеу технологисы


Топырақты үнемді өңдеудің топырақтағы агрофизикалық және сулық қасиетіне әсері

Агротехникалық іс-шаралардың жалпы жүйесінде, топырақтың құнарлығын көтеруші және өнімділікті жоғарылатушы көктемгі өңдеу маңызды орын алады. Қазіргі таңда әлемнің барлық дерлік елдерінде, топырақты үнемді өңдеу технологиясы, демек егістен алдыңғы топырақты өңдеудің санын азайту мүмкіндігі бойынша зерттеулер жүргізілуде.

Топырақты үнемді өңдеу – бұл егістен алдыңғы көктемгі агротехникалық операциялардың біріктірілу және үйлестірілу жүйесі және ол күрделі трактор агрегаттарының алқаптан бір рет немесе әрі кеткенде екі реттік өтуімен шектеледі. Ол әрине топырақтың құрылымына оң әсер етуі тиіс.

Топырақтың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ол, топырақтың көлемдік салмағы. Топырақтың жоғары тығыздығы ауа және су ережелерін бұзып, ауыл шаруашылық дақылдарының өніп-өсуіне кері әсерін тигізеді. Қоректік заттардың бірдей көлемдегі қорында, әр түрлі тығыздықтағы топырақтың құнарлылығы түрлі деңгейде болады. Атмосфералық жаңбырлардың, суару мен трактор агрегаттарының жүріп өтуінің әсерінен топырақ көктемнен күзге дейін едеуір тығыздалып қалады.


Кесте 1 - Түрлі агротехникалық шаралардың және трактор агрегаттарының өту жиілігінің топырақтың көлемдік салмағына әсері, г/см3


Егістегі салыстырмалы агро- шаралар



Топырақ қабаттары

см


Егістен кейін

Суарудан алдын

Өсіп-өну кезеңінің соңында

Агрегат-тардың өту жиілігі

1

Кәдімгі технология (2 рет тырмалау + 2 рет чизелдеу тегістеумен қоса + 2 рет тырмалау тегістеумен қоса + 4 рет қатар аралық өңдеу), бақылау

0-10

1,27

1,29

1,32

8

10-20

1,30

1,32

1,34

20-30

1,36

1,38

1,40

2

Екі реттік тырмалау + 2 рет чизелдеу + 1 рет тырмалау + 3 рет қатар аралық өңдеу

0-10

1,25

1,26

1,31

7

10-20

1,29

1,31

1,34

20-30

1,34

1,36

1,39

3

Екі реттік тырмалау + 2 рет чизелдеу тырмалауды қоса + 3 рет қатар аралық өңдеу

0-10

1,24

1,25

1,28

6


10-20

1,28

1,31

1,34

20-30

1,34

1,36

1,39

4

Үнемді технология (барлы-ғы бір мезгілде дискілеу, тырмалаумен қоса чизелдеу + 2 рет қатар аралық өңдеу)

0-10

1,20

1,22

1,28

3

10-20

1,25

1,29

1,33

20-30

1,32

1,34

1,38

Тракторлар мен өңдеу құралдарының жүру жиілігі топырақтың көлемдік салмағына тікелей әсер етеді. Мысалға егістен алдын, 2 рет тырмалау + 2 рет чизелдеу тегістеумен қоса + тегістеумен қоса 2 рет тырмалау жүргізіліп жалпы агрегаттардың өту саны 8 ретті құраған егісте, топырақтың ең жоғарғы көлемдік салмағы бұзылалы. Ол 0-10; 10-20; және 20-30 см қабаттарда, сәйкесінше 1,27; 1,30 және 1,36 г/см3 құрайды (кесте 1).

Топырақтың ең төменгі және қолайлы көлемдік салмағы барлығы бір мезгілде дискілеу, тырмалаумен қоса чизелдеу жүргізілген, жалпы агрегаттардың өту саны 3 ретті құраған үнемді өңдеу технологиясында жақсы сипатталады. Топырақты көлемдік салмағы бұл егісте 0-10; 10-20; және 20-30 см қабаттарда, сәйкесінше 1,20; 1,25 және 1,32 г/см3 құрайды.

Едәуір жоғары көлемдегі салмақ, әсіресе бірінші егістегі кәдімгі технологияда көрініп отыр, демек агрегаттардың 8 рет жүріп өту жағдайында топырақтың көлемдік салмағы 0-10 см қабата – 1,32 г/см3; 10-20 см қабатта – 1,34 г/см3 және 20-30 см қабатта 1,40 г/см3 құрады.

Ал екінші және үшінші зеттеулерде ол сәйкесінше - 1,31; 1,34; 1,39 г/см3 және 1,28; 1,34; 1,39 г/см3 мөлшердегі көлемдік салмақ түзілді.

Төртінші егісте, топырақтың ең төменгі тығыздалуы байқалды, мұнда тракторлардың егіс алқабында аз жүріп, сәйкесінше топырақтың аз тапталуы нәтижесінде топырақтың көлемдік салмағы 0-10 см қабатта - 1,28 г/см3; 10-20 см қабатта – 1,33 г/см3 және 20-30 см қабатта – 1,38 г/см3 құраған.

Топырақтың көлемді салмағына жүргізілген зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, егістен кейін төртінші үнемді технология нұсқасында бақылаумен салыстырғанда көлемдік салмақ тиісінше 0,04-0,07 г/см3 аз болған. Өсіп-өну кезеңінің соңында, трактор агрегатының егістен алдыңғы және қатар аралық өңдеу кезінде алқаптан жүріп өту жиілігінің аздығына байланысты, көлемдік салмақ төртінші нұсқада бақылаумен салыстырғанда қабаттар бойынша тиісінше 0,01-0,04 г/см3 төмен болды. Бұл ешбір даусыз ашық сұр топырақты қорғаудың баға жетпес факторы болады.

Алынған мәліметтер көсеткендей, тракторлар мен ауыл шаруашылық машиналарының алқаппен жүріп өтуі көбейген сайын топырақтың көлемдік салмағы арта береді.

Міне осылайша зерттеулер, мақта қозасына тракторлардың алқаптан жүріп өту жиілігін азайта отырып күтіп-баптау, топырақтың су-физикалық қасиетерін сақтап қалуға септігін тигізетіндігін көрсетті.

Топырақты егістен алдынғы және қатараралық өңдеу жиілігін қысқартудың ондағы ылғалдың құрамына әсері

Топырақтың жақсы су өткізгіштігі, бұл соның арқасында мақта қозасының тұқым себу мен суару аралығындағы кезеңдерде өсуі мен дамуы үшін ылғалдың тиімді қорын қалыптастыратын болады дегенді білідре бермейді. Топырақтың түзілуінің қолайлы жағдайларында бәрі де топырақтың суды ұстап тұру қабілетіне, оның шектеулі алқаптық ылғал сыйымдылығы шамасына байланысты. Топырақтың шектеулі алқаптық ылғал сыйымдылығы біздің телімімізде 26,0 %-ға тең.

Топырақта ылғалды сақтау, егістен алдын өңдеудің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Ылғалдың топырақта сақталуы негізінен оның құрылымы мен және жыртылу қабатының түзілуімен айқындалады.

Біздің зерттеулерде, топырақтың ылғалдығын анықтау барлық мөлдектер мен тәжірибедегі қайталаулар бойынша 60см тереңдікке дейін, егістен кейін, вегетациялық суаруға дейін және өніп-өсу кезеңінің соңында жүргізілді. Топырақ ылғалдылығы бойынша мәліметтер 2-ші кестеде келтірілген.


Кесте 2 - Егісті үнемді өңдеудің топырақ ылғалдылығына әсері




Нұсқалар

Топырақ қабаттары, см

Топырақтағы ылғалдың көлемі , %

Егістен кейін

Суғарудан алдын

Вегетация соңында

1

Кәдуілгі технология (2 рет тырмалау + 2 рет чизелдеу тегістеумен қоса + 2 рет тырмалау тегістеумен қоса + 4 рет қатар аралық өңдеу), бақылау

0-20

13,8

10,9

9,8

20-40

18,5

15,7

14,9

40-60

21,2

19,5

18,9

2

Екі реттік тырмалау + 2 рет чизелдеу + 1 рет тырмалау + 3 рет қатар аралық өңдеу

0-20

14,0

11,3

10,2

20-40

18,8

16,4

15,4

40-60

21,5

19,8

19,3

3

Екі реттік тырмалау + 2 рет чизелдеу тырмалауды қоса + 3 рет қатар аралық өңдеу

0-20

14,3

11,5

10,5

20-40

19,0

16,6

15,7

40-60

21,7

20,2

19,5

4

Үнемді технология (барлығы бір мезгілде дискілеу, тырмалаумен қоса чизелдеу + 2 рет қатар аралық өңдеу)

0-20

14,9

12,2

10,7

20-40

20,2

17,4

16,0

40-60

22,8

20,7

19,7

Топырақтағы ылғалдың мөлшері тракторлардың агрегаттармен қоса егістен көп рет (8 рет, 1 нұсқа) және мейлінше аз, яғни 3 рет жүріп өтуі жағдайында анықтау, ылғал мөлшерінің тракторлардың жүріп өтуін мейлінше кеміткенде көбірек болатындығын көрсетті. Мәселен, тракторлардың агрегаттармен қоса мейлінше аз өту барысындағы топырақты егістен алдын өңдеуден кейін ылғалдың 0-20 см қабаттағы мөлшері, тракторлардың көп рет (8 рет) жүріп өтуіне қарағанда 1,1 пайызға көп болды.

Сондай ақ, суарудан алдын және қозаның өсіп-өнуінің соңғы кезеңіндегі үнемді технология нүсұасында, тракторлардың көп реттік жүріп өтуімен салыстырғанда тиісінше 1,3 және 0,9 пайызға жоғары болды.

Топырақтағы ылғалдың мөлшеріндегі бұдан да үлкен айырмашылық күтілгендегідей, топырақтың ылғалдылығын анықтаудың мәліметтері бойынша 20-40 және 40-60 см қабаттарда байқалды. Трактормен жүргізілген 8 жұмыстан кейін ылғалдың топырақтағы қоры, 3 тракторлық жүріске қарағанда топырақтың 20-40 см қабатында, суарудан бұрын 1,7 пайызға, өсіп-өнудің соңында 1,1 пайызға кем болды, ал 40-60 см қабатта абсолюттік құрғақ салмақтың салмағынан тиісінше 1,2-0,8 пайызға кем болған.

Міне осылайша топырақтың ылғалдылығы бойынша мәліметтер, егістен алдындағы өңдеулердің санының қысқаруы өз кезегінде ылғалдың топырақта жақсы сақталуына септігін тигізеді. Топырақты егістен алдын әр түрлі агрегаттармен жеке-жеке қайта өңдеу, топырақтың едуір түрде кебуіне жағдай жасайды. Тракторлық агрегаттардың егістікпен интенсивті жүріп өтуі жағдайында топырақтағы ылғал мөлшерінің аз болуының себебі мыналар болып табылады: көп реттік механикалық өңдеулерде топырақтың тозаңдануы мен тығыздалуы артады. Бұл топырақтың су өткізгіштігін төмендетеді де оның ылғалды жоғалтуын жеделдетеді. Топырақтың ылғалдылығының динамикасы, қозаның өніп-өсуінің бастапқы кезеңінен бастап соңына қарай ылғал мөлшерінің кемуінен көрінеді және де бұл үрдіс әсіресе тракторлар мен агрегаттардың егістікпен көп реттік (8 рет) жүріп өтуі кезеңінде қатты байқалады.
Түрлі агротехникалық әдістердің мақта қозасының өсіп-дамуына және өнімділігіне әсері

Тракторлық агрегаттардың операцияларын үйлестіре отырып, топырақты үнемді өңдеудің, топырақтың су-физикалық қасиетіне (көлемдік салмаққа, топырақтың су өткізгіштігіне, топырақтағы судың құрамына және топырақтың агрегаттық құрамына) тиімді әсер етуі, мақтаның өсіп-өнуіне оңтайлы жағдай жасауы тиіс.

Агрегаттардың егістікпен жүріп өтуінің әртүрлі саны, қозаның даму фазасының барысына ықпал етеді. Тәжірибелі телімде ай сайын қозаның өсіп дамуына, вегетациялық кезеңінің соңына дейін фенологиялық бақылаулар жүргізіледі. Негізгі сабақтың биіктігін өлшеу, өнім бұтақтары мен өнімнің жинақталуын есептеу – 1 маусымда, 1 шілдеде, 1 тамызда және 1-ші қыркүйекте жүргізіледі. Өлшеулер жердің беткі қабатынан негізгі сабақтың өсу нүктесіне дейін ондық сантиметрге дейінгі дәлдікпен жүргізіледі (кесте 3).

Кесте 3 - Топырақты егістен алдындағы және қатараралық өңдеудің жиілігінің мақта қозасының өсіп дамуына әсері




Нұсқалар



1.06.10 ж.

1.07.10 ж.

1.08.10 ж

1.09.10 ж.

Нағыз жапырақ-тар саны, дана

Бас сабақтың биіктігі, см

Бас сабақтың биіктігі, см

Өнім бұтақ-тарының саны, дана

Бас сабақтың биіктігі, см

Өнім бұтақ-тарының саны, дана

Көсектер саны, дана

Көсектер саны, дана

Оның ішінде ашыл-ғаны, дана

Кәдуілгі технология (2 рет тырмалау + 2 рет чизелдеу тегістеумен қоса + 2 рет тырмалау тегістеумен қоса + 4 рет қатар аралық өңдеу), бақылау

5,7

15,3

39,6

5,2

72,3

8,8

6,8

9,2

0,9

Екі реттік тырмалау + 2 рет чизелдеу + 1 рет тырмалау + 3 рет қатар аралық өңдеу

5,9

15,7

41,4

5,8

74,6

9,2

7,4

9,9

1,0

Екі реттік тырмалау + 2 рет чизелдеу тырмалауды қоса + 3 рет қатар аралық өңдеу

6,0

15,9

42,2

6,0

75,1

10,0

7,7

10,1

1,2

Үнемді технология (барлығы бір мезгілде дискілеу, тырмалаумен қоса чизелдеу + 2 рет қатар аралық өңдеу)

6,4

16,3

43,4

6,2

76,7

11,4

8,3

10,7

1,5

Өсіп-өну барысында мақта қозасының өсуі мен дамуында айтарлықтай ерекшеліктер болады. Қозаның бас сабағының биіктігі 1-ші маусымдағы жағдайға қарай орташа есеппен бақылау нұсқасында 15,3 см-ді, нағыз жапырақтардың саны бір өсімдікте 5,7 данадан болған. Ал төртінші нұсқада топырақты мейлінше аз өңдеу жағдайында өсімдіктің негізгі сабағының биіктігі орташа есеппен 16,3 см-де ауытқыса, бір өсімдіктегі нағыз жапырақтардың саны 6,4 дана шегінде болды. Қозаның өсуі мен дамуына жүргізілген фенологиялық бақылаулар көрсеткендей, мамыр айының үшінші он күндігіне қарай ауа температурасы көтерілуіне байланысты мақта қозасы қарқынды өсіп дами бастады. Егер де 1-ші шілдедегі жағдай бойынша, үшінші және төртінші нұсқаларда өсуі бойынша, орташа есеппен 41,4-42,2 см және жеміс бұтақтарының саны бойынша 5,8-6,0 дана болса, ал қозаның биіктігі 39,6 см болған бақылау нұсқасында өнім бұтақтарының саны 5,2 дананы құрады.

Бірінші тамызға қарай, бақылау нұсқасында қозаның биіктігі 72,3 см, екінші нұсқада 74,6 см, үшінші нұсқада 75,1 және төртінші үнемді технология нұсқасында 76,7 см болса және сәйкесінше өнім бұтақтарының саны 8,8; 9,2; 10,0 және 11,4 дананы құрады.

Қозаның өсіп-өнуінің соңындағы фенологиялық бақылаулар бойынша 1-ші қыркүйекке қарай көсектердің саны (мақта қозасының өнімділігінің негізгі көрсеткіші) бақылау нұсқасында орташа есеппен – 9,2 дананы, оның ішінде ашылғаны 0,9 дана. Екінші нұсқада – 9,9 дана, оның ішінде ашылған қауашақтар саны 1,0 дана. Үшінші нұсқада көсектер саны - 10,1 дана болды, олардың ішінде ашылғандары - 1,2 дана, ал төртінші үнемді технология нұсқасында көсектер саны 10,7 дана, оның ішінде ашылғандары 1,5 дана болған. Соңғы үнемді технология нұсқасы, бақылау нұсқасынан көсектердің жиынтығы бойынша -1,5 данаға және қауашақтардың ашылуы бір өсімдікке шаққанда – 0,6 данаға асып түскен.

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі сол немесе өзге агротехникалық тәсілдің тиімділігі оның соңғы нәтижеге немесе дақылдың өнімділігіне әсерімен айқындалатындығы белгілі. Мақта қозасының қалыпты дамуы мен тиімділігінің артуын қамтамасыз ету үшін, қоршаған орта жағдайларының қолайлы түрде үйлесуі мен дақылды өсірудің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес агротехникалық шаралар жұйесін сақтаудың маңызы зор. Мақтаның өнімділігі мынадай негізгі факторларға байланысты: өнім бұтақтарының саны, бір өсімдіктегі көсектердің саны, бір көсектің орташа салмағы мен өсімдіктердің бір гектарға орналасу жиілігі.

Біздің жағдайда мақта шикізатының өнімділігі барлық мөлдектер мен есептің алаңдардағы тәжірибе қайталауларында есепке алынып отырды (4 кесте).

Кестеден көрініп түрғандай, тәжірибелік телімдерде мақта шикізатының ең жоғарғы өнімі топырақты мейлінше аз технология бойынша өңдеудің нәтижесінде алынды, мұнда барлығы бір мезгілде тырмалаумен бірге дискілеу, чизелдеу, оған қоса екі рет қопсыту жүргізілді. Мұнда өнімділік гектарына орташа есеппен – 33,7 ц болып, бақылау нұсқасымен салыстырғандағы қосымша өнім гектарына 4,5 ц құрады.

4 кесте – Тәжірибе нұсқалары бойынша мақта шикізаты өнімділігінің құрама кестесі


Нұсқалар

Орналасу тығыз-дығы, мың. дана/га

Көсектер саны, дана

Мақта шикізатының өнімділігі, ц/га

I

II

III

Орташа

Қосым-ша өнім

Кәдуілгі технология (2 рет тырмалау + 2 рет чизелдеу тегістеумен қоса + 2 рет тырмалау тегістеумен қоса + 4 рет қатар аралық өңдеу), бақылау

117,3

9,2

30,1

28,6

28,9

29,2

-

Екі реттік тырмалау + 2 рет чизелдеу + 1 рет тырмалау + 3 рет қатар аралық өңдеу

116,9

9,9

32,0

31,3

30,9

31,4

2,2

Екі реттік тырмалау +2 рет чизелдеу тырма- лауды қоса + 3 рет қатар аралық өңдеу

118,2

10,1

32,2

31,6

32,1

32,0

3,0

Үнемді технология (барлығы бір мезгілде дискілеу, тырмалаумен қоса чизелдеу + 2 рет қатар аралық өңдеу)

118,7

10,7

34,1

33,8

33,2

33,7

4,5

Ескерту – ЕТЕА095=1,7

Өнімділік бойынша мәліметтер көрсеткендей, жоғарыдағы көрсеткішке қарағанда төмендеу өнімділік, екі қайтара ерте көктемгі тырмалау жүргізілген, оған қоса бір реттік тырмалаумен қоса, екі ізбен чизелдеу және вегетация кезеңінде үш реттік қопсыту жүргізілген үшінші нұсқада байқалды. Мұнда әр гектардан орташаесеппен 32,0 ц өнім алынып, қосымша өнім бақылау нұсқасымен салыстырғанда тиісінше 3,0 ц құрады.

Мақта шикізатының анағұрлым төмен өнімі, егістен алдын екі қайтара тырмалау, оған қоса екі ізбен чизелдеу, және бір ізбен тырмалау, сонымен қатар өсіп-өну кезеңінде үш реттік қопсыту жүргізілген екінші нұсқада алынды. Мұнда өнімділік әр гектарына 31,4 ц болып, бақылау нұсқасымен салыстырғанда қосымша өнім гектарына 2,2 ц құрады.

Жалпы тәжірибе бойынша, мақта шикізатының ең аз өнімі, кәдуілгі технология бойынша көктемде, екі ізбен тырмалау, оған қоса тегістеумен бірге екі ізбен чизелдеу және тегістеумен бірге екі ізбен тырмалау, сонымен қатар вегетация кезеңінде төрт реттік қопсыту жүргізілген бақылау нұсқасында алынды. Мұнда өнімділік гектарына орташа есеппен 29,2 ц құрады.

Міне осылайша, өнімділік бойынша мәліметтердің негізінде мынаны айтуға болады: мейлінше аз өңдеу тәсілдерінің топырақтың су-физикалық қасиетіне және қозаның өсуіне, дамуына мен пісіп-жетілу қарқынына өң әсері – мақта шикізатының өнімі бойынша мәліметтермен расталады.

Топырақты тұқым себуден алдын және қатараралық өңдеуде үнемді технологияның экономикалық тиімділігі

Ауыл шаруашылық өндірісінде қолданылатын кез-келген шаралар экономикалық тұрғыдан негізделген болуы тиіс. Бұл, олардың жоғары техникалық қана емес, сонымен бірге жоғары экономикалық тиімділікпен де ерекшеленулері тиіс дегенді білдіреді. Экономикалық тиімділік сол немесе өзге бір шараға (әрқайсына жекелей) немесе шаруашылықта жүргізілген технологиялық үдерістердің бүкіл кешеніне жұмсалған шығындардың өтелуін білдіреді. Егістіктің әрбір гектарынан алынатын өнімнің көлемі, қолданылатын жаңа технологияларға жұмсалатын қаражаттар мен еңбек шығындарының мейлінше аз болуы жағдайында қаншама жоғары болса, олардың экономикалық тиімділігі де соншалықты жоғары болмақ.

Топырақты тұқымды себуден алдын өңдеу мен мақтаның өсіп-өну кезеңінде баптау бойынша біз зерттеген технологиялардың экономикалық тиімділігін анықтау, мақтаның өнімділігі бойынша тәжірибелік мәліметтерге, жұмсалған жанар майдың мөлшерлік көрсеткіштері мен трактормен жүргізілген жекелеген жұмыстардың өтелу мөлшерлеріне, ауыл шаруашылық техникаларын пайдаланғандығы үшін амортизациялық шығындардың көлеміне негізделеді.

Мақта шаруашылығында инновациялық технологияларды ендірудің жоғары қарқындары өнім бірлігіне жұмсалатын еңбек шығындарының азаюына өз септігін тигізеді. Еңбек шығындарының едәуір төмендеуі, ең бастысы өндірістік үдерістерді механизацияландырудың есебінен жүзеге асады.

Қолданылатын технологияның тиімділігін экономикалық бағалау кезінде әрбір гектардан алынатын таза табыстың (пайданың) көлемі есепке алынады, мұның негізгі көрсеткіші мақта шикізатының көлемі мен сапасы, оның өзіндік құны мен өндіруге жұмсалатын қосымша шығындардың өтелуі болып табылады.

Бұдан бұрынғы бөлімдерде берілген зерттеу нәтижелері көсеткендей, топырақты егістен алдын және мақтаның вегетация кезеңінде қатараралық өңдеулердің санын қысқарту мақта қозасының өсуі мен дамуына оң ықпал етеді, сәйкесінше мақта шикізатының өнімін ұлғайтады (5 кесте).

5 кесте – Қоза баптауда үнемді өңдеу технологиясының экономикалық тиімділігі


Нұсқалар

Мақта шикізатының өнімділігі, ц/га

Мақта шикі-затын сатудан түскен түсім,

тенге


Топырақты үнемді өңдеуді есепке ала отырып, мақтаны өндіруге кеткен шығындар, тенге/га

Таза пайда тене/га

Тиім-ділік

ор-та-ша

қосым-ша өнім

егістен алдын топырақ өңдеуге

жа-нар- май, л/га

қатар-аралық өңдеуге

жа-нар- май, л/га

басқа-лай шығ-ындар

қосымша

өнімді


жинауға және тасымал-дауға

бар-лығы







Кәдуілгі технология (2 рет тырмалау + 2 рет чизелдеу тегістеумен қоса + 2 рет тырмалау тегістеумен қоса + 4 рет қатар аралық өңдеу), бақылау

29,2

-

294920

11785

45

7200

26,4

84718

-

103703

191217

84,4

Екі реттік тырмалау + 2 рет чизелдеу + 1 рет тырмалау + 3 рет қатар аралық өңдеу


31,4

2,2

317140

9520

35

5400

19,8

84718

4250

103888

213252

105,3

Екі реттік тырмалау +2 рет чизелдеу тырмалауды қоса + 3 рет қатар аралық өңдеу

32,0

3,0

323200

8270

30

5400

19,8

84718

5810

104198

219002

110,2

Үнемді технология (барлығы бір мезгілде дискілеу, тырмалаумен қоса чизелдеу + 2 рет қатар аралық өңдеу)

33,7

4,5

340370

7060

25

3600

13,2

84718

8370

103728

236622

128,1

Ескерту - 1 кг мақта шикізатының орташа бағасы 101 тенге

Кестеден көрініп түрғандай таза табысты алудың анағұрлым жоғары көрсеткіштері мақтаны төртінші нұсқада күтіп-баптау кезінде байқалды. Мұнда топырақты өңдеу, тракторлардың алқаптан мейлінше аз өту технологиясы бойынша жүргізілді. Бұл нұсқада мақта шикізаты бойынша таза пайда гектарына 236622 теңге болды. Біршама аз пйда екінші және үшінші нұсқалардан алынды, мұнда таза пайда гектарына 213252-219002 теңгені құрады.

Мақта шикізатының өнімі бойынша ең аз пайда бақылау нұсқасыныан алынды. Мұнда топырақ кәдуілгі технология бойынша өңделген болатын, таза пайда гектарына - 191217 теңгені құрады.

Кәдуілгі технология бойынша егістен алдын топырақты екі ізбен тырмалап оған қоса тегістеумен бірге екі ізбен чизелдеу және тегістеумен бірге екі ізбен тырмалау үрдістеріне әр гектарына шаққанда 45,0 л жанар-жағар май шығын болса, сонымен қатар вегетация кезеңінде қозаны төрт реттік қопсытуға 26,4 л жанар-жағар май шығын болған.

Ал бұдан кейінгі кезекте, топырақ өңдеуде іс-шаралардың саны төмендеген сайын жанар-жағар май шығыны да тиісінше азая отырып, топырақты мейлінше аз технология бойынша өңдеп, барлығы бір мезгілде тырмалаумен бірге дискілеу, чизелдеу оған қоса екі рет қопсыту жүргізілген төртінші нұсқада жалпы 38,2 л жанар-жағар май шығын болған

Жалпы жаңа үнемді технология топырақ өңдеуге кеткен жанар-жағар май шығындарын 23,6%-ға дейін қысқартуға жағдай жасады.

Сонымен қатар мақта егістігін үнемді өңдеу технологиясы, алқаптағы топырақтың тракторлар мен агрегаттардың көп жүріп өтуінен шектен тыс тапталуының алдын ала отырып, егістен алдыңғы топырақ өңдеу шығындарының көлемін 19,2 %-дан 40 %-ға дейін төмендетуге жағдай жасады. Мысалға: бірінші нұсқадағы кәдуілгі технология бойынша егістен алдын топырақты екі ізбен тырмалап оған қоса тегістеумен бірге екі ізбен чизелдеу және тегістеумен бірге екі ізбен тырмалау іс-шараларына әр гектарға шаққанда 11785 тенге шығын шықса, егістен алдын екі қайтара тырмалау, оған қоса екі ізбен чизелдеу және бір ізбен тырмалау жүргізілген екінші нұсқада шығын гектарына 9520 тенгені құраған. Ал, екі қайтара ерте көктемгі тырмалау жүргізілген, оған қоса бір реттік тырмалау мен екі ізбен чизелдеу жүргізілген үшінші нұсқада, шығын көлемі гектарына 8270 тенге болған.

Тәжірибелік телімдерде топырақты егістен алдынғы өңдеулерге кеткен ең төменгі шығын, топырақты мейлінше аз технология бойынша өңдеуші, барлығы бір мезгілде тырмалаумен бірге дискілеу және чизелдеу жүргізілген төртінші нұсқада алынып, шығын мөлшері әр гектарына 7060 тенгені құрады.

Жалпы мақта егістерінде мейлінше аз өңдеу технологиясын қолдану, мақта шикізатынан әр гектарына 4,5 ц қосымша өнім алуды қамтамасыз етті және де шартты пайда 236222 теңгені құрады, бұл бақылаумен салыстырғанда 45405 тенге көп болып шықты.

Жанар-жағар майдың шығынын 23,6 пайызға дейн үнемдеуді қамтамасыз ететін бұл технологияны, батыл түрде, мақта қозасын күтіп-баптаудың қор үнемдеуші технологиясы деп атауға болады.

Зерттеу нәтижелері мен қорытындылау

Сынақта қозаның өсуін, дамуын және өнiмдiлiгін жоғарылататын, топырақтың тығыздалуының алдын алушы, оның химиялық және физикалық қасиеттерін жақсартатын, қоза баптаудың үнемді технологиясы зерттелді, сонымен қатар экономикалық негіздеу жүргізілді.

Топырақтың көлемді салмағына жүргізілген зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, төртінші үнемді технология нұсқасында бақылаумен салыстырғанда көлемдік салмақ тиісінше 0,04-0,05 г/см3 аз болған. Өсіп-өну кезеңінің соңында, трактор агрегатының егістен алдыңғы және қатар аралық өңдеу кезінде алқаптан жүріп өту жиілігінің аздығына байланысты, көлемдік салмақ төртінші нұсқада бақылаумен салыстырғанда қабаттар бойынша тиісінше 0,02-0,03 г/см3 төмен болды. Алынған мәліметтер көсеткендей, тракторлар мен ауыл шаруашылық машиналарының алқаппен жүріп өтуі көбейген сайын топырақтың көлемдік салмағы арта береді.

Зерттеу нәтижелері бойынша анықталғаны топырақтың жақсы үгілуіне оны бір мезгілде дискілеу, тырмалаумен қоса чизелдеу арқылы ең аз мөлшердегі өңдеуде қол жеткізіледі.

Бақылаулар нәтижесінде белгілі болғандай, топырақтың су өткізгіштігі (судың топыраққа сіңуінің жылдамдығы мен коэффициенті) топырақтың түзілуінің тығыздығы бойынша зерттеулермен толық ұштасады, дәлірек айтқанда, топырақтың көлемдік салмағы қаншалықты төмен болса, топырақтың сүзгіштік қабілеті де соншалықты жоғары болады.

Тракторларды агрегаттармен қоса алқаппен 8 рет жүргізу 3 рет жүргізумен салыстырғанда, топырақтың сүзгіштік қабілеті – судың топыраққа сіңуінің жылдамдығы мен коэффициентіне кері әсер етеді.

Сонымен қатар, топырақтың ылғалдылығының динамикасы, қозаның өсіп-өнуінің бастапқы кезеңінен бастап соңына қарай ылғал мөлшерінің кемуінен көрінеді және де бұл үрдіс әсіресе тракторлар мен агрегаттардың егістікпен көп реттік (8 рет) жүріп өтуі кезеңінде қатты байқалады.

Жалпы жаңа үнемді технология топырақ өңдеуге кеткен жанар-жағар май шығындарын 23,6%-ға дейін қысқартуға жағдай жасайды.

Сонымен қатар мақта егістігін үнемді өңдеу технологиясы, алқаптағы топырақтың тракторлар мен агрегаттардың көп жүріп өтуінен шектен тыс тапталуының алдын ала отырып, егістен алдыңғы топырақ өңдеу шығындарының көлемін 19,2%-дан 40,0%-ға дейін төмендетуге жағдай жасайды.

Лекция 2.
Топырақты терең қопсыту технологиясы және оның экономикалық тиімділігі
Оңтүстік Қазақстан облысының мақта қозасы өсірілетін ашық сұр топырақты ескі суармалы жерлері игерілгеннен кейін дерлік 100 жылдан бері соқа жәрдемінде 30-35 см тереңдікке аударылып айдалып келеді. Топырақтың мұндай ұзақ уақыт бойы жалғасқан негізгі өңдеу жұмыстары жер жыртудың төменгі табанының пайда болуына және топырақтың көлемдік салмағының артуына алып келді, бұл өз кезегінде ауылшаруашылық дақылдарының, соның ішінде мақта қозасының да өнімділігіне кері әсер етті.

Аталған мәселелерді шешу үшін тәжірибелік мәліметтер нәтижесіне негізделіп, жердің қатты қабатын бұзу және топырақтың агрофизикалық қасиетін жақсарту мақсатында өндіріске негізгі өңдеудің инновациялық технологиясы болып табылатын – жерді 55-60 см-ге терең қопсытуды енгізу туралы шешім қабылданды.

Мұндай технологияны – топырақты терең қопсыту технологиясын қолдану нәтижесінде ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі топырақ тығыздығының төмендеуі есебінен кемінде 15-20 пайызға артады. Бұл өз кезегінде топырақтың су өткізгіштігінің артуына және зиянды тұздардан шайылуына жағдай жасайды.

Ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізу барысында машина-тракторлық агрегаттардың қозғалу жүйелері алқап бетінің 40-80 пайызын таптап өтеді, ал айналатын жолақтар 8-10 есе көп жаншылады. Тракторлар мен ауылшаруашылық машиналарының салмағының артуы нәтижесінде топырақтың жыртылатын және одан да терең 1-1,5 м-ге дейінгі қабаттары да нығыздалады. Нығыздалу нәтижесінде эрозиялық процестер күшейеді, топырақтың көлемдік салмағы және оның өңдеу жұмыстарына кері әсері сәйкесінше 1,5-2 және 1,3-1,9 есе артады, құнарлы топырақ қабатының жалпы және капиллярлық қуыстылығы төмендейді. Топырақтың тығыздығы мен қаттылығы топырақ микрофлорасының тіршілігін төмендетеді және нәтижесінде өнім 20-40 пайызға төмендейді.

Топырақтағы «қатты табан» атты қабат сор шаю кезінде ағын судың және жауын-шашын суларының терең топырақ қабаттарына сіңуіне жол бермейді және ол жерден артық ылғалдың булануына кедергі жасайды. Бұл жазықтық және ойпатты жерлерде еріген қардың және жаңбыр сулары жиналатын ылғалды ойыстардың пайда болуына алып келеді. Аталған барлық жағымсыз факторлар топырақтың құнарлы қабатының нашарлауына және эрозиялық процестер аймағының кеңеюіне әкеп соқтырды. Әсіресе су эрозиясы өте қауіпті, ол жел эрозиясы сияқты айқын көрінбегенімен жыл сайын еріген қар және жаңбыр сулары еңіс жерлерде топырақтың құнарлы беткі қабатын шайып, ауыл шаруашылығына елеулі зиян келтіреді. Топырақтың нығыздалуына қарсы күресу жерлердің экологиялық тұрақтылығына, сондай-ақ жалпы сыртқы ортаның экологиясымен де тығыз байланысты, өйткені су қоймалары топырақтың шайылуымен бірге минералды тыңайтқыштардың, пестицидтердің, гербицидтердің қалдықтары түріндегі улы заттармен де ластанады. Сондықтан да болашақта жерлердің жағдайын, сондай-ақ топырақты механикалық өңдеудің түрлі технологияларының экологиялық бағалау бірінші орында тұруы керек.

Топырақтың нығыздалуына қарсы күрес үш бағытта жүргізіледі: нығыздалуды төмендету, босату және нығыздалуды болдырмау. Топырақтың нығыздалуын төмендету үшін конструкторлар энергетикалық және транспорттық агрегаттардың қозғалғыш жүйесін жетілдіреді, олардың салмағын азайтады, кең алымды және біріктірілген машиналарды шығарады. Озық бағыттардың бірі – ауылшаруашылық дақылдарын өсіріп-баптауда технологиялық соқпақтан пайдалану (бейімделгіш технологиялық және транспорттық машиналар алқапта тұрақты соқпақпен жүріп отырады).

Топырақтың нығыздалуын болдырмау әдістері әлі жеткілікті түрде әзірленбеген. Бұл бағытқа белгілі бір дәрежеде топырақты өңдеудің «нөльдік» технологиясын, сондай-ақ ауа жастықтары бар машиналарды ж.т.б. енгізу бойынша ұсыныстарды жатқызуға болады. Алайда соңғы екі әдісті тәжірибеде қолдану үшін ұзақ уақыт ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет болады. Ғылым мен техниканың бұл даму сатысында топырақты қопсытудың біршама тиімді әдісі – терең қопсытқыштың жәрдемінде 50-60 см тереңдікке механикалық қопсыту болып табылады.

Терең қопсытқыштың жәрдемінде топырақты қопсыту өте қажетті әдіс, өйткені Қазақстан республикасындағы мақта өсірілетін суармалы аймақтар бұл технологияға мұқтаж.

Жердің беткі қатты қабатын 40 см тереңдікте қопсыту бүгінгі таңда қолға алынған және ол үшін чизельді соқалар мен қопсытқыш-культиваторлар қолданылатын болса, одан терең қабаттар (50 см-ден терең) егіншілік саласындағы ғалымдар тарапынан жеткілікті дәрежеде зерттелген болса да, қажетті құрал-жабдықтардың жоқ болуы себепті енгізілмеген.

Суармалы жер жағдайында түрлі себептердің: жыл сайын бірдей тереңдікте (30-35 см) жер жырту, ұзақ уақыт суару, өз салмағымен шөгуі, ауылшаруашылық машиналарымен қарқынды түрде өңдеу ж.т.б. салдарынан – топырақтың терең қабаттары күшті нығыздалады және көлемдік салмағы 1,4-1,6 г/см3 жетеді. Топырақтың бұл тығыз терең қабаттары өсімдіктердің тамыр жүйесінің еркін және мықты болып өсіп дамуына кедергі келтіреді, астыңғы қабаттарда жайласқан қоректік заттардың және топырақтағы ылғалдың игерілу мүмкіндігін шектейді. Мұндай нығыздалуға сондай-ақ бір дақылды (мақта қозасын) ауыстырмай көп жыл қатарынан өсіріп баптау да (монодақыл) жағдай жасайды, нәтижесінде топырақтың жарты метрлік қабатында соңғы 30-40 жыл ішінде органикалық заттар (қарашірінді) қоры төмендеп, топырақтың физикалық, физика-химиялық және микробиологиялық қасиеттері нашарлап кеткен.

Сонымен бірге Орта Азиядағы ескі суармалы жерлер ұзақ уақыт бойы адам қызметінің әсерінен пайда болған және бұл жердегі агроирригациялық қабаттар 1-2 метрге жеткен, сәйкесінше бұл топырақ құрамында бағалы қоректік заттардың көп мөлшері тек беткі қабатында ғана емес, сондай-ақ астыңғы қабаттарында да бар. Сондықтан суармалы жерлер барлық ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру үшін үлкен әлеуеттік мүмкіндіктерге ие. Бұл топырақтың жыртылатын және астыңғы қабаттарында жалпы фосфордың мөлшері жоғары болуымен сипатталады. Көптеген зерттеулер нәтижесінің мәліметтері бойынша ол топырақ салмағының 0,10- 0,26 пайызын құрайды және фосфордың жеңіл сіңетін немесе жылжымалы түрлерінің қоры төмен болып, оның жалпы мөлшерінің 1-3 %-ын құрайды. Фосфордың көптеген бөлігі қиын сіңетін түрлерінде болады және фосфорды минералды тыңайтқыш түрінде енгізу нәтижесінде өсімдіктің фосфорға деген қажеттілігі белгілі бір дәрежеде қанағаттандырылады. Алайда енгізілген тыңайтқыштың 20-25 %-ы өсімдіктер тарапынан сіңіріледі, ал қалған бөлігі бірігу (химиялық, физика-химиялық) нәтижесінде топырақта қалады.

Сондықтан ауыл шаруашылығын әрі қарай қарқындандыру үшін суармалы жерлерде жыртылатын топырақ қабатының астыңғы бөлігінің нығыздалған қабаттарын биологиялық белсендендіру және игеру жолымен мықты, терең, құнарлылығы жоғары топырақ асты қабаттарын қалыптастыру және терең қопсыту қазіргі таңда өте қажет.


Зерттеу бағытын таңдау
Жүргізіліп жатқан Мемлекеттік аграрлық саясат аясында ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жүргізіп жатқан қазақстандық ғалымдардың алдында экономиканың аграрлық саласының елеулі дамуындағы ғылым мен инновацияның ролін арттыру бойынша өзекті мәселе тұр.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік саласындағы өзекті мәселелердің бірі ауылшаруашылық дақылдарының, соның ішінде мақта қозасының да өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Соңғы жылдары Қазақстанда қоза өсіріп баптаудың жоғары тиімді жаңа технологияларының жоқтығы мақта өнімінің сапасы мен өнімділігінің төмендеп кетуіне алып келді.

Аталған мәселелерді шешу үшін Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары тарапынан шығарылған топырақты өңдеудің инновациялық технологиясын, яғни топырақты терең қопсытуды өндіріске енгізуді ұсынады, бұл технологияның негізгі мақсаты топырақтың беткі қатты табанын қопсыту болып табылады.

В.В.Докучаев атындағы топырақтану институты, Агрофизикалық институты, К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылығы академиясы (МСХА), Бүкілодақтық ауылшаруашылығын механикаландыру ғылыми-зерттеу институты (ВИМ), Орта Азиялық механикаландыру және электрлеу институты (САИМЭ), Мелитополь ауылшаруашылығын механикаландыру институты (МИМСХ), Целиноград ауылшаруашылығын механикаландыру және электрлеу ғылыми-зерттеу институты (ЦелинНИИМЭСХ) ж.т.б. институттар ғалымдарының зерттеулерінен топырақты терең қопсытқыштар жәрдемінде қопсыту нәтижесінде эрозиялық процестердің (әсіресе су эрозиясы) төмендейтіні және алқаптардың құнарлылығы мен ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі артатыны айқындалды. Әр түрлі топырақ-климаттық аймақтары үшін түрлі ауылшаруашылық дақылдарына арналған терең қопсытудың бірқатар технологиялық әдістері мен процестері шығарылған.

Тегіс жерлерді жаппай терең қопсыту күзде дәнді дақылдар астарында күзгі сүдігер жыртудың орнына жүргізу ұсынылады. Құрғатушы жүйе болмаған және топырақтың шектен тыс ылғалдану қаупі болған жағдайда картоп, тамыр жемістілер, жүгері және басқа дақылдар астарында терең қопсыту жұмыстарын көктемде жүргізеді.

Құрғатумен бір уақытта жолақтап терең қопсыту ойыс жерлері көп алқаптарда жүргізіледі. Жолақтардың аралықтары сазды жерлерде 2-2,5 м және саздақ жерлерде 3-4 м болуы керек. Терең қопсытудың төзімділігі оны жүргізген уақыттағы топырақтың ылғалдылығына байланысты. Ол қопсыту алқабының ылғалдылығы шектік дала ылғалдылығының 60-80 %-ы мөлшерінде болған жағдайда оңтайлы болады. Жыртылатын топырақ қабатының астыңғы бөлігінің ылғалдылығы шектік ылғалдылықтан жоғары болған жағдайда терең қопсытуды топырақты 0,4-0,5 м тереңдікте құрғатқаннан кейін жүргізу оңтайлы болады, мұндай құрғату топырақтың оңтайлы ылғалдылығын қамтамасыз етеді.

Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдары тарапынан жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде тракторлар мен ауыр машиналар жүріп өткен сазды және саздақ топырақтардың агрофизикалық және су-физикалық қасиеттері нашарлайтынын айқындады. Мұндай топырақ қабаттарының су өткізгіштігі төмендейді, жоғары тығыздыққа және қаттылыққа ие болады. Осының бәрі эрозияға, алқап бетінде шұңқыр жерлерінде судың жиналуына, сондай-ақ өсімдіктердің терең қабаттардан ылғал мен қоректік заттардың қорын аз мөлшерде пайдалануға алып келеді. Қопсытқыш құрылғыларының аралығы 0,9 м-ден кем болмаған аралықтарда топырақты терең қопсыту топырақтың физика-механикалық қасиеттерін жақсартуға, органикалық заттардың мөлшерін және инфильтрация коэффициентін 2-3 есе арттыруға жағдай жасайды.

Көптеген ғылыми-зерттеу институттарының мәліметтері бойынша ауылшаруашылық дақылдарын өсіріп баптауда энергиясы жоғары және ауыр машина-тракторлық құрылғыларды қолданатын қарқынды технологияларды енгізу топырақтың тығыздығын арттырады және қатты су өткізбейтін топырақ қабатының пайда болуын жеделдетеді. Алқаптар құрғамай жатып жердің жоғары ылғалды жағдайында ауылшаруашылық арегаттарды алқапқа салу бұл жағдайды одан әрі ушықтырады. Жыртылатын қабаттың астыңғы топырақ қабатын 0,5 м-ге қопсыту беткі қабатындағы ылғал қорының артуына және ауылшаруашылық дақылдарының, мақта қозасының өнімділігін 15-25 %-ға артуына жағдай жасайды.

Украина ауылшаруашылығын механикаландыру және электрлеу ғылыми-зерттеу институты (УНИИМЭСХ) мамандары топырақтың қатты табанын қопсыту үшін қопсытқыш құрылғылар аралығын 0,7 м етіп 0,4-0,6 м тереңдікте жаппай қопсыту жүргізуді ұсынады.

Уақытша ылғалдылығы жоғары топырақтарда терең қопсыту жұмыстарының тиімділігі топырақты өңдеудің түрлі нұсқаларында зерттелді. Көктемде және күзде мол түскен жаңбырдан алқап бетінде су жиналып тұруы топырақтың 0,4-0,6 м қабатының су өткізгіштігінің төмен болуына байланысты.

Топырақты су эрозиясынан қорғау бойынша кез келген агротехникалық іс-шаралар уақытша су ағысын және топырақтың шайылуын болдырмауы немесе төмендетуі керек. Бұл топырақ қабаттарының су сіңіру қабілетін арттыру жолымен және алқап бетін суды жылдам ағызып жібермейтіндей етіп өзгерту арқылы қол жеткізіледі. Еңістілігі 3-4о артық жерлерде жаппай немесе жолақтап терең қопсыту ұсынылады.

Белоруссияның көптеген шаруашылықтарында терең қопсытуды көпжылдық зерттеу нәтижелері бұл әдістердің тиімділігі – топырақтың тығыздығының төмендеуі, оның жинақтау қабілетінің (аккумуляция) артуы, топырақта ылғалдың жақсы бөлістірілуі нәтижесінде және енгізілген тыңайтқыштардың әсерінен артатындығы Целиноград ауылшаруашылығын механикаландыру және электрлеу ғылыми-зерттеу институты (ЦелинНИИМЭСХ) және Белоруссия топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институы (БелНИИПА) ұсыныстарында атап өтілген. Осының барлығы өнімнің 15-25 %-ға артуын қамтамасыз етті. Осылайша терең қопсыту картопты 20-25 ц/га, малазықтық қызылшаны 34-123 ц/га, жүгеріні 50-65 ц/га, сұлы-бұршақ қоспасын 105 ц/га қосымша өніммен қамтамасыз етті. Топырақты терең қопсытудың әсер ету мерзімі 2-3 жылға жететіні анықталды.

Терең қопсытқыш құрылғыларды қара топырақты емес аймақтардың саздақ жерлерінде қолдану фильтрлену коэффициентін тәулігіне 1-1,5 м-ге және ылғал қорын 4-11 мм-ге арттыруға, топырақ тығыздығын 1,2-1,3 т/м және қаттылығын 2-3 МПа-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Ресей Федерациясының Москва, Владимир және Смоленск облыстарының қара топырақты емес аймақтарының құрғатылған минералды топырақтарында жүргізген терең қопсытудың тиімділігін зерттеулер нәтижесі қопсытқан кезде топырақтың 0,2-0,6 м тереңдіктегі қабатының тығыздығы 13-15%-ға төмендейтінін, оның қуыстылығы 10-11 %-ға артатынын және жыртылатын қабаттың инфильтрациясы біршама жоғарылайтынын көрсетті. Қосымша өнім 17-18 %-ды құрады.

Суармалы жерлерде жыртылатын топырақ қабатының астыңғы табанының нығыздалуын жоюдың маңызы орасан, өйткені топырақты үнемі бір тереңдікте көп жылдар бойы өңдеу, ауыр жылжымалы техникалар пайдалану, көп қайтара суару барысында топырақтың табиғи шөгуі топырақтың терең қабаттарына ағын судың және өсімдік тамырларының жетіп баруына кедергі келтіретін нығыздалған қатты қабат түзеді. Нәтижеде өнімнің төмендеуі 40 %-ға жетеді және материалдық және су қорын да біршама көп жұмсауға тура келеді. Суармалы жерлерде топырақтың астыңғы қабаттарының тығыздығы 1,5-1,6 г/см болғанда мақта қозасының тамыр жүйесі топырақтың жер бетіне жақын қабатында жайласады, бұл өз кезегінде өсімдіктердің өсуі мен дамуына кері әсерін тигізеді.

Нығыздалған топырақты терең қопсыту Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде, АҚШ және Канада мемлекеттерінде кеңінен тараған. Бұл әдістің кейінгі әсері жыртылатын және оның астыңғы топырақ қабаттарының физика-механикалық және агрохимиялық қасиеттеріне, биологиялық және ауа-райы жағдайларына, топырақтың бетіне жабынды материалдардың түрлері мен төселу (мульчирование) мөлшеріне байланысты болады. Терең қопсытудың оң әсерінің мерзімі 2-5 жыл аралығында болады. Жолақтап қопсыту – еңісті жерлерде су эрозиясының алдын алу бойынша тиімді агротехникалық әдіс болып табылады.

Сонымен, топырақтың нығыздалған жыртылатын және астыңғы қабаттарын қопсыту үшін, сондай-ақ еңіс жерлерде су эрозиясына қарсы күресу үшін терең қопсытқыш құрылғылардың жәрдемінде топырақты терең қопсыту (0,6 м-ге дейін) тиімді болады. Бұл агротехникалық әдісті кеңінен қолданысқа енгізу үшін осындай құрылғыларды шығаруды бастау қажет.


Каталог: uploads -> extensions -> rastenievodstvo -> khlopchatnik
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
khlopchatnik -> Лекция 3 Мақтаны зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың кешенді жүйесі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет