Қазақ тілін оқытудың өзіндік ұстанымдары (принциптері)



бет1/5
Дата24.04.2023
өлшемі4,44 Mb.
#175256
  1   2   3   4   5
Байланысты:
156162.pptx


Қазақ тілін оқытудың өзіндік ұстанымдары (принциптері)
Қазақ тілін оқыту методикасы мен методикалық принциптері педагогика ғылымының оқу-тəрбие беру жөніндегі барлық теорияларына, оның дидактика бөліміне негізделеді. Өйткені дидактика - барлық ғылымды оқыту жөніндегі əдістер жайлы теорияның жиынтығы немесе педагогикалық ғылымның оқыту əдістері жөніндегі саласы.
Сондықтан дидактикалық принциптер əр пəнді оқыту методикасының, оның ішінде ана тілін оқыту методикасының теориялық негізі болып есептеледі.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) — белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Дидактикалық принципті алғашқы зерттегендер: чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменскийден басталса, орыс педагогы К.Д.Ушинский, қазақ халқында Ы.Алтынсарин құнды пікір айтты. Одақ кеңес кезінде педагог ғалымдар әр түрлі принциптерді ұсынады. Мысалы, Н.А.Сорокин оқыту принциптерінің 8 түрін тұжырымдар көрсетсе, М.А.Данилов (Дидакитка средней школы, 1975) 7 түріне, Т.А.Ильина (Педагогика) 7 түріне, Ю.К.Бабанский (Педагогика, 1977) оқыту принциптерінің 13 түріне тоқталады. Бұл салыстырулардан байқайтынымыз - өмір талабына сәйкес өзгеріп отыратын, зерттеуді қажет ете беретін ғылым.
Қазақ балаларын оқытуда Ы.Алтынсарин өте жоғары талап қоя білген: «... әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру, өз оқулығында («Қырғыз хрестоматиясы») тақырыптарға сәйкес суреттеу, сурет арқылы беру сияқты, көркем жазуды, әріптердің формасын дұрыс түсінуге, дағдыландыруды үйрету ...шәкірттердің барлық сезім мүшелерінің - көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру, баланың барлық қабілеттерін жаттықтыру арқылы және оған өз бетімен жұмыс істеу керек» - деген әдістемелік нұсқау қалдырды. Ы.Алтынсарин оқыту принциптеріне: түсініктілік, көрнекілік, жаттығу, өз бетінше оқыту – саналылық принципін ұсынған.
1. Қазақ тілін оқытудың ғылымилық принципі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет