2. Оқытудың шамаға лайық жүйелілік принципі
Оқытудың жүйелілік принципі - оқу материалдарының (əр пəн бойынша) логикалық жағынан бірізбен сатылай құрылу, берілу тəртібін оқытудың жүйелілік принципі дейміз. Яғни оқытудудағы берік жүйелілік пен бірізділік – ғылыми білім берудің негізі. Мысалы қазақ тілінен жай сөйлемдердің ережелерін жете меңгермейінше, құрмалас сөйлемдер түрлерінің (салалас, сабақтас, оның ішінде басыңқы, бағыныңқы сөйлемдердің) жасалу жолдарын білу қиын.
Бұл принцип бойынша бұрын өтілген тілдік материалдарды оқушы əбден меңгергеннен кейін ғана жаңа материал таныстырылады. Демек, оқу материалдарының логикалық ішкі заңдылықтарын жүйелі оқып үйренген жағдайда ғана оның ғылыми негіздерін шын мағынасында меңгеруге болады. Қазақ тілі программасы жүйелілік принципі негізінде құрастырылады.
Программадағы бұрын берілген материал мен келесі материалдың сабақтас болуын байланыстырып отыру көзделеді.
3. Оқытудың саналылық принципі
Оқытудың саналылық принципі – үйретілген материалды оқушылардың құрғақ жаттамай, толық түсініп, саналы меңгеруі. Оқу материалдарын саналы түсіну үшін оқушылардың оқуға деген белсенділігі, ынтасы арттырылады, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйретіледі, материалды өз бетінше түсініп, өз сөздерімен айтуға дағдыландырылады. Түрлі творчестволық жұмыстарды өздігінен орындауға бейімделеді. Сонымен бірге ережелер мен анықтамаларды саналы түсінуі үшін, оқушылар тіл фактілерін дұпыс ажырата білуге тиіс. Мысалы, оқушылар фонетикадан дыбысты алмастырып айту, жазу ( ң – н, т – д, ы – і т.б.). Жалғау мен жұрнақты ажырата алмау, буынға дұрыс бөлме, дұрыс тасымалдай алмау, ережелерді ажырата алмаудан қате жіберу жиі кездеседі.
Бұл оқыту принципі оқулықтағы теориялық материалдардың мазмұны мен көлемі оқушылардың жас ерекшелігіне сай, əр оқушының жеке-дара қабілетіне, ақыл-ой өрісінің дамуына жəне білім көлеміне бейімделіп құрылуын талап етеді.
Оқу материалдары жеңілден – ауырға, оңайдан қиынға қарай баяндау принципімен түсіндіріледі. Яғни оқушылардың бұрын білетін материалдарының негізінде жаңа материалдарды байланыстыра түсіндіру мақсат етіледі. Демек, оқытудың бұл принципі бойынша оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіншілік болады.
Достарыңызбен бөлісу: |