манифест, жарғыларында, сондай- ақ əр түрлі насихаттық құжаттарында қалыптасады.
Ол көпшіліктің саяси санасын қалыптастыруға, саяси өмірде бағыт-бағдар, рухани
байлықтар жүйесін айқындауға, саяси іс-əрекет жолдарын белгілеу жəне т.с.с.
қызметтерді атқарады, қоғам дамуында зор рөл атқарады.
Иерархия
– төменгі органдардың, шенділердің жоғарғы органдарға, шенділерге
бағыну тəртібі.
Импичмент
– жоғарғы лауазымды адамдарды (президентке шейін) конституцияны
бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға жəне ісін сотта
қарауға мүмкіндік беретін ерекше тəртіптің түрі. Олжөнінде жауапкершілікке шақыру
мəселесін парламенттің төменгі палатасы шешеді. Ал істі қарап, үкім шығаратын
жоғарғы палата. Мысалы, мұндай тəртіп АҚШ, Ұлыбритания, Жапония жəне т.б.
елдерде орын алған.
Инагурация –
1) мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты түрде кірісуі; 2)
тарихи оқиғалар құрметіне жасалған ескерткіш, ұйымдастырылған көрме жəне т.б.
салтанатты түрде ашу.
Достарыңызбен бөлісу: