Глоссарий академиялық күнтізбе



Pdf көрінісі
бет16/39
Дата11.03.2022
өлшемі319,68 Kb.
#135276
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ

 
Заң шығарушы билік 
заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен 
айналысатын билік, парламент. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті 
тағайындайды, бюджетті бекітеді, əскерді қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты 
ұйымдастырады, халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі 
жəне сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше 
органдар (конституциялық қадағалау, конституциялық сот) бақылау жасайды. 
Идеология
– 
белгілі бір əлеуметтік топтар, таптар, партиялар жəне т.б. мақсаттары 
мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп, отырған қоғамдық қатынастарды 
орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, 
идеялардың жүйесі. Жүйеленген түрінде ол партия бағдарламасында, декларация, 


манифест, жарғыларында, сондай- ақ əр түрлі насихаттық құжаттарында қалыптасады. 
Ол көпшіліктің саяси санасын қалыптастыруға, саяси өмірде бағыт-бағдар, рухани 
байлықтар жүйесін айқындауға, саяси іс-əрекет жолдарын белгілеу жəне т.с.с. 
қызметтерді атқарады, қоғам дамуында зор рөл атқарады. 
Иерархия
төменгі органдардың, шенділердің жоғарғы органдарға, шенділерге 
бағыну тəртібі. 
Импичмент 
– жоғарғы лауазымды адамдарды (президентке шейін) конституцияны 
бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға жəне ісін сотта 
қарауға мүмкіндік беретін ерекше тəртіптің түрі. Олжөнінде жауапкершілікке шақыру 
мəселесін парламенттің төменгі палатасы шешеді. Ал істі қарап, үкім шығаратын 
жоғарғы палата. Мысалы, мұндай тəртіп АҚШ, Ұлыбритания, Жапония жəне т.б. 
елдерде орын алған. 
Инагурация – 
1) мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты түрде кірісуі; 2) 
тарихи оқиғалар құрметіне жасалған ескерткіш, ұйымдастырылған көрме жəне т.б. 
салтанатты түрде ашу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет