Тапсырма:
1.
1917 жылғы Қазанның негізгі оқиғасын және қорытындысын бӛліп кӛрсетіңіз
Қазан тӛңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі
әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Кӛтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер
партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оған Петроград жұмысшылары,
қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының ӛкілдері
қатынасты. Кӛтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған
Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және
бүкіл елдегі ӛкімет билігі Кеңестердің қолына кӛшкендігін жарияланды,
Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес ӛкіметі Мәскеуде, елдің
ӛнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, кӛп кешікпей бұл жағдай
мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда
Кеңес ӛкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес ӛкіметі негізінен алғанда
қалалар мен ӛлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен
селолардың басым кӛпшілігінде Кеңес ӛкіметінің орнауы азамат соғысы
басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл ӛлкенің
әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен
большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық
қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия
Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан тӛнкерісі мен Кеңес ӛкіметінің идеяларын
қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және
Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес ӛкіметінің орнауына қарулы
қарсылық кӛрсетті. Кеңес ӛкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян
текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) ӛкілдерін біріктірген
жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар
кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің ӛкілдері барынша ат
салысты. Қазақстанда Кеңес ӛкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин,
К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкӛтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов,
А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Ӛтепов,
А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.
2. Кесте толытырыңыз: «Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы»
№ Орнату жолдары
Уақыты
Қалалары
Нәтижесі
1
Торғай облысында Кеңес
үкіметінің
орнауына
А.
Иманов, Қ. Қойдосов, В.
Чеклиров, В. Зинченко және
т. б күрескерлер елеулі үлес
қосты.
1917 жылғы
желтоқсан –
1918 жылғы
наурыз
Торғай
облысының
орталығы
Қостанай,
Ақтӛбе
қалалары
Семейде ӛкімет
билігі жергілікті
Кеңестің
қолына 1918
жылы ақпанның
орта кезінде
кӛшті.
2
Т. Бокин, Т. Ӛтенов, Ж.
Бабаев,
А.
Розыбакиев
сияқты
жергілікті
халық
ӛкілдері бар еді. Верный
жұмысшылары
Қызыл
гвардия
жасақтарын
ұйымдастырды,
әскери
тӛңкеріс комитетін құрды.
1918 жыл
Жетісу
Сӛйтіп,
наурыздың 2–не
3–не қараған
түні Верныйда
әскери –
революциялық
(тӛңкеріс)
комитеті
басқарған
күштер қала
еңбекшілерінің
қолдауына
сүйеніп «әскри
үкіметтің»
тірегі болған
қамалды, қару –
жарақ
қоймаларын,
почта –
телеграфты т. б
маңызды
мекемелерді
басып алды да,
Верный
қаласында
Кеңес үкіметін
орнатты.
|