Тақырып Азаматтық-саяси қарсылықтар Сұрақтар: 1



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата12.03.2022
өлшемі309,87 Kb.
#135359
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бекбулатова Азира КА-24 тарих 4-апта



Тақырып 3. Азаматтық-саяси қарсылықтар 
Сұрақтар: 
1.
 
Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкерісі және оның Қазақстанға ықпалы
Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген 
халықтарға ӛзін-ӛзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға 
тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты кӛкейкесті 
мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы 
мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке 
деген қарсылығы ӛсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына 
жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола 
кӛтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан 
кейін алынып тасталған ―Барлық билік Кеңестерге берілсін‖ деген ұранды қайта 
кӛтерді. Енді бұл ұран қарулы кӛтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат 
диктатурасын орнатуға бағытталды.1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта 
қарулы кӛтеріліс басталд. Келесі күні кӛтерілісшілер қаланың ең маңызды 
объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық 
комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан 
тӛңкерісі жеңіске жетті.Қазан қарулы кӛтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі
сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі 
қалаларда Кеңес ӛкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына 
ӛтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес ӛкіметін орнату тӛрт айға, 1917 ж. 
соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік–
экономикалық 
және 
мәдени 
баяу 
дамуымен, 
ұлтаралық 
қатынастардың 
күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе 
түсті. Кеңес ӛкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің 
халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен 
ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жӛніндегі уәдесі ӛз септігін тигізді. Кеңес 
үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша 
үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық кӛрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре 
түсті 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет