Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет252/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Бақылау сұрақтары:
1 Везикулярлы стоматит қоздырғышының
қысқаша сипаттамасы. 2 Везикулярлы стоматитке сезімтал келетін
жануарлар. 3 Ауру қоздырғышының денеге ену жолдары. 4 Везикулярлы
стоматитті балау қандай зерттеулерді жүргізуге негізделген? 5
Клиникалық, патологоанатомиялық және дифференциалдық балауы. 6
Везикулярлы стоматит қоздырғышын қандай орталарда өсіруге болады?
7 Биосынама қою үшін зертханалық жануарларға қалай жұқтырады? 8
Везикулярлы стоматит қоздырғышының индикациясы мен
идентификациясында қолданылатын реакциялар. 9 Везикулярлы
стоматиттің серологиялық балауында қандай реакциялар қолданылады?
ШЕШЕК
Шешекке сүт қоректілер, құстар мен жәндіктер шалдығады. Шешек
вирусының біреулері жануарлардың белгілі бір түрлерін ғана ауруға
шалдықтыратын болса екінші бір түрлері барлық жануарларды ауруға
шалдықтырады. Бұл ауруға шалдыққан жануарлардың клиникалық
белгілері бір-біріне ұқсас келеді. Олардың кілегейлі қабықшалары мен
терінің жүні жоқ жерлерінде розеола (қызарады), папулалар (ісінеді) мен
везикулалар (күлдіреуіктер) пайда болады. Сонан соң везикулалар
жарылып, қабыршықтанады. Аурудың жайылған түрінде жануарлардың
дене қызуы көтеріледі, әлсірейді, азыққа тәбеті жоғалады, тері асты
клетчаткалары ісінеді, тауықтардың тыныс жолдары қабынады. Шешек
вирусының вириондарының көлемі 200-390 нм-ге дейін жететіндіктен,
жарықтық микроскоппен көруге болады (84-сурет). 
Шешек қоздырғыштары
ДНҚ-лы бар вирустар тобына,
Poxviridae
 
тұқымдастығына
жатады.
Poxviridae
тұқымдас-
тығының өзі екі тармаққа:
Chordopoxvirinae
– омыртқалы-
лар поксвирустарына және
Entomopoxvirinae
– жәндіктер
поксвирусына бөлінеді.
Chordopoxvirinae
 
тұқым
тармағы 8 туысқа: 
Ortopoxvirus,
Parapoxvirus,
 
Avipoxvirus,
Capripoxvirus, Leporipoxvirus,
Suipoxvirus, Molluscipoxvirus, Yatapoxvirus
бөлінеді.
Entomopoxvirinae
тұқым тармағының үш туысы (
А, В, С
) бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет