жануарлардың өлімі 70-100%-ға дейін жетеді. Ешкілерде бөртпелер
негізінен желін терісінде болады, ал
лақтарда ауыз және мұрын
қуыстарының кілегейлі қабықтары зақымдалады.
Шошқаларда везикулалар өте сирек пайда болады. Оларда
папулалар бірден пустулаға ауысады. Сарғылт-сұр түсті пустуланың іші
іріңді затқа (некрозға ұшыраған ұлпаларға) толы болады, кейде олар бір-
бірімен қосылып, диаметрі 2,5 см-ге дейін жетеді.
Шешекке шалдыққан құстардың жалпы күйі нашарлайды,
әлсірейді, жұмыртқалау қабілеті күрт төмендейді. Ауру ағымы
дифтериялық, терілік және трахеальды формада өтеді.
Дифтериялық
формада – ауыз және мұрын қуыстарының, көздің кілегей қабықшалары
зақымдалады. Терілік формада – айдары мен сырғасында, ауыз
бұрыштарында, қабағында, желкесінде,
аяқтары мен клоака
айналасында бозғылт-сары түсті дақтар пайда болады. Кейінірек ондай
дақтар қою қызыл түсті қатты қабыршыққа айналады. Бір-біріне жақын
орналасқан шешек бөртпелері қосылып кетеді. Трахеальды формада –
қабынулар трахеяның жоғарғы бөлігінде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: