Бақылау сұрақтары: 1 Ветеринариялық зертханада жұмыс істеу
ережесі. 2 Ірі вирусологиялық зертханаларда қандай бөлімдер болады? 3
Вирусы бар материалдармен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігі.
ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӨҢДЕУ Сабақтың мақсаты: Вирусологиялық зерттеуге арналған патологиялық
материалдарды алу және тасымалдау ережелерімен танысу. Өлімге ұшыраған
немесе амалсыздан сойылған жануарлардың органдарынан құрамында вирусы
бар суспензияларды зерттеуге дайындау тәсілдерін меңгеру.