ІІ Бөлім. Жалпы вирусология
ВИРУСЫ БАР МАТЕРИАЛДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕСІ
МЕН ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
Вирусологиялық зертхана.
Вирустық инфекциялардың аса
қауіптілігіне және вирусологиялық зерттеу жұмыстарына арнайы
техникалардың қажеттілігіне байланысты дербес вирусологиялық
зертханалардың ұйымдастырылуы қажет.
Вирусологиялық зертханаларда өндірістік
және ғылыми-зерттеу
жұмыстарын орындау үшін келесі принциптерді міндетті түрде сақтау
қажет:
1 Зертхана мен экспериментальды жануарларды ұстауға арналған
бөлмелер міндетті түрде бөлек болуы;
2 Зертханаға, өндірістік бөлмелер
мен виварийге келетін және
олардан шығатын ауалардың стерильденуі;
3 Зерттеу жұмыстарынан қалған жануарлардың, зертхананың және
өндірістік ғимараттан шыққан қалдықтар рациональды жүйеде
жойылуы;
4 Зертхана мен өндіріс қызметкерлеріне арналған санитарлық
өткізгіш қондырғылары мен киім ауыстыру орындары болуы:
5 Вирусологиялық зертханада сумен қамтамасыз ету жүйесінің,
залалсыздандырылмаған қалдықтардың ағын сулар мен су құбырларына
түсуінен қорғайтын қондырғылардың болуы;
6 Белсенді агенттермен тікелей
жұмыс істейтін зертхана
қызметкерлерін залалданудан сақтайтын (тыныс жолдары мен ашық
кілегейлі қабықшаларын) заттардың болуы керек.
Ірі вирусологиялық зертханалар бірнеше бөлімнен тұрады:
1 Вирустармен тікелей жұмыс істейтін бөлім;
2 Жасуша өсінділерін дайындау бөлімі;
3
In vitro
және
in vivo
жағдайларында
серологиялық зерттеулерді
жүргізу бөлімі;
4 Вирустарды физикалық әдістермен зерттеу бөлімі. Бұл бөлімде
ультрацентрифуга, электронды микроскоп болуы қажет.
5 Жуу-автоклав блогы.
6 Сау және жұқтырылған жануарларға арналған виварийлер.
7 Қосалқы бөлім (душ, жануарларды жарып сою, стерильдеу, ауаны
желдету және т.б.).
Вирустармен тікелей жұмыс істейтін немесе жасушалар өсінділері
бөлімдері екі бөлмеден тұруы қажет:
Бірінші бөлме – боксқа кіреберіс;
Екіншісі – бокс бөлмесі.
Боксқа кіреберіс бөлмесінде жұмысқа қажетті саймандар: резеңке
қолғаптар, халаттар, жеңғаптар және т.б. болады. Боксқа кіреберіс пен
бокс бөлмелері бактериоцидті лампалармен жабдықталуы тиіс. Бұл
61
бөлмелерде дезинфекциялағыш заттардың (хлорамин, натрий
гидрототығы
ерітінділері, т.б.) көмегімен күнделікті ылғалды уборка
жасалып тұрады және бір мезгілде бөлмелердің ауасы да формалин
немесе бетапропилактон буымен залалсыздандырылады.
Вирустар және жасуша өсінділерімен жұмыс істеу бокс бөлмесінде
жүргізіледі. Бокстағы үстелдің беті дезинфекциялағыш ерітінділермен
ылғалдандырылған дәкемен жабылады.
Жұмысты жүргізгеннен
кейін барлық қалдықтар мен
материалдарды стерильді ыдысқа салып, темір жәшікте
залалсыздандырады. Сосын барлық материалдарды қайтара
дезинфекциялау үшін стерильдеу бөліміне жөнелтеді.
Достарыңызбен бөлісу: