Топырақтағы микробтардың санын анықтау. Микроорганизмдер топырақта біркелкі орналаспайды. Сондықтан
олардың санын анықтау үшін алынған үлгілер стерильді шыны сауытта
араластырылады. Үлгілердің қоспасынан 1 г топырақ алынып, 99 мл
стерильді сумен араластырылады. Осы ерітіндінің 1 мл-і 9 мл стерильді
суы бар шыны түтікке құйылады.
Ерітінділерді дайындау схемасы:
1
1г топырақ +99 мл стерильді су – 10
-2
2
1мл 10
-2
ерітінді + 9 мл стерильді су – 10
-3
3
1мл 10
-3
ерітінді + 9 мл стерильді су – 10
-4
4
1мл 10
-4
ерітінді + 9 мл стерильді су – 10
-5
Кейінгі ерітінділердің 1 мл-ін стерильді Петри шыныларына құйып,
45ºС температураға дейінгі суытылған ЕПА мен араластырады да, тегіс
жазықтықтың бетінде қалдырады. Қоректік орталар тығыздалғаннан
кейін термостатқа қойылады. 3-4 тәуліктен соң өсіп шыққан микробтар
колонияларының саны анықталады. Алынған топырақ санын сұйылту
дәрежесіне көбейту арқылы 1 г топырақ үлгісіндегі микробтар саны
анықталады.