1. Қазақстанда баскетболдың даму кезеңдері



бет1/2
Дата25.12.2021
өлшемі24,94 Kb.
#104963
  1   2
Байланысты:
Дене16.01


1. Қазақстанда баскетболдың даму кезеңдері.

Ресейде ең алғаш баскетболмен жүйелі турде шұғылдана бастаған Петербургтегі "Маяк" клубы болды. "Маякта" гиинастика сабағын Құрама Шаттардан арнайы шақырылған Э.Мораллер жүргізді және ол жаңа ойын тасілдерін көрсетті, ая 1908 жылы алғашқы баскетбол сайыстары өтті. "Маяк" спортшыларының басшылығымен ойын басқа орталар мен оқу орындарына тарала бастады. "Богатырь" спорт қоғамында баскетбол командалары пайда болды. Ресейдегі алғашқы халықаралық кездесуге "Маяк" клубы спортшылары мен Американың Христиан Жастap Одағының командасы арасындағы ойныды жатқызуға болады.

1913 жылы Петербургте алғашқы баскетбол ережелері басылып шықты.

I9I6 жылы Торопов пен Скотак Торға доп түсіру деп аталатын ойынды суреттейтін Ресейдегі ең алғаш кітап жарық көрді.

1920 жылы баскетбол Всеобуч мектебінің бағдарламасына енгізілді және міндетті пәндердің бірі болды. Подольскіде, Орехова- Зуевода, Смоденскіде, Серпухавта және басқа қалаларда командалар

пайда бола бастады.

жылдан бастап баскетбол Орта Азия, Кавказ, Украина республикаларына да таралды.

Ал 1923 жылдан бастап РСФСР ВЦИК жанынан Дене тәрбиелеу мәдениетінің жоғары кеңесі ұйымдастырылды, сөйтіп, бүкіл елімізде көптеген баскетбол жарыстары өткізіле бастады.

1923 жылы баскетбол Москвада өткен Бүкілодақтық дене тәрбиелеу мәдениетінің алғашқы мерекесінің бағдарламасына енгізілді.

1924 жылы Москвада өткен КСРО-ның алғашқы чемпионатында Москва құрамасы жеңімпаз болды. КСРО біріншілігіне қатысу үшін Москва. Орталық аудандар мен Орал құрамалары ұсыныс жасады. Бірақ Орталық аудан құрамалары ойынға келмей қалды да, КСРО-ның алғашқы чемпионы жалғыз кездесуден кейін ғана анықталды.

Жыл сайын ойын танымал бола бастады, әртурлі жарыстар саны артты. 1928 жылы баскетболдан I Бүкілодақтық спартакиада өтті және мұнда Францияның ерлер және әйелдер командалары қонақ болды.

1934 жылдан бастап еліміздің чемпионаты жыл сайын өткізілетін болды.

1947 жылы Бүкілодақтық баскетбол секциясы Халықаралық басксетбол федерациясына муше болып енді, бұл ФИБА ұйымдастырған барлық халықаралық ресми кездесулерге қатысу құқын берді.

Жыл өткен сайын ойын түрлендіріліп ереже түбірімен өзгертілді, ойын тәсілі жаңа ұтымды қолданыстармен байытылып отырды, ал бұл тактикалық әрекеттердің дамуына ықпал етті. 1952 жылы Хельсинкиде өткен ХУ Олимпиада ойындарында еліміздің ерлер құрамасы табысты өнер көрсетіп, күміс жүлдегер болды. Кейінірек Мюнхендегі Олимпиада 1972 мен Сеул Олимпиадасында 1988 баскетболшылар алтын медаль жеңіп алды. Елімізде баскетбол дамуының одан кейінгі кезеңдері негізінен оқытушылар мен жаттықтырушылардың тәжірбиесін байыту және білімін көтеруге бағытталды. Жаттықтырушылар мен төрешілер семинарлары жуйелі түрде өткізіліп отыратын болды, мұнда озық мамандармен тәжірбие ауысулар болып отырды. 1954 жылдан бастап дене тәрбиелеу мәдениеті институттарында жоғары маманданған оқытушылар мен жаттықтырушылар дайындайтын бөлімдер ұйымдастырыла бастады.

1976 жылы XXI Олимпиада ойындарында Монреаль еліміздің әйелдер құрамасы алғаш peт өнер көрсеті және оны табыспен аяқтап, алғаш рет баскетбол тарихында Олимпиаданың алтын медаліне ие болді

Одан кейінгі кезеңдерде баскетбол көпшілік спорт түріне айнала бастауымен, еліміздің құрама командасын қалыптастырудары негізгі базаны жасайтын көптеген командалардың жоғары шеберлікке жетуімен сипатталады. Еліміздің құрама командасы Халықаралық турнирлерден –бастап әлем Европа чемпионаттарында және Олимпиада ойындарында-табысты өнер көрсете бастады. Құрамына футбол, волейбол және баскетбол деген спорттың ойын турлері- бойынша Қазақстандағы алғашқы жарыс 1928 жылдың мамыр айында өткізілді. Осы жылы халықаралық кездесулер де өткізілді. Қызылордада Ташкент пен Қызылорданың теміржол мектептерінің командалары арасында баскетболдан кездесу өтті.

1945 жылдан бастап жергілікті жарыстар өткізіле бастады, ал оның женімпаздары республика чемпионы атағы үшін жарысты. Алғашқы чемпиондар Алматының ерлер және әйелдер командалары болды.

1947 жылы алғаш рет КСРО біріншілігіне қатыса отырып қазакстандықтар қатысқан 10 команда ішінен алтыншы орынды, ал қыздар сегіздің ішінен төртінші орынды жеңіп алды. І918 жылы Алматыда Орта Азия және Қазақстан республикалары командаларының кездесулері өтті, мұнда Қазақстанның ерлер командасы бірінші орынға шықса, әйелдер командасы төртінші орынға ие болды.

1950 жылы көптеген жарыстар өтті: Бүкілқазақстандық Спартакиада өтті, ҚазКСР кубогы үшін ойындар өткізілді, республиканың құрама командасы КСРО чемпионатына қатысты. Осы жылы Орта Азия және Қазақстан республикаларының Спартакиадасы өтікізілді және мұнда қазақстандық баскетболшылар жеңіске жетті. Kөn жылдарғы үзілістен кейін 1991 жылы өткен Орта Азин және Қазақстан Спартакиадасында Қазақстанның баскетболшы қыздары мен жігіттері чемпиондық тұғырға көтерілгенін атап өткен жөн.

1952 жылы Ташкентте баскетболлан еліміздің Кубогы үшін аймақтық кездесулер өткізілді, мұнда Орта Азия және Қазақстан республикаларының командалары, сонымен бірге Москва чекпиокм -ӘӘК BBC командасы қатысты.

Москвалықтардан ғана ұтылған қазақстандықтар қалған кездесулердің бәрін ұтады.

Осы жылы УІ Бүкілқазақстандық спартакиада бағдарламасы бойынша баскетболдан турнир өтті, республика астанасының спортшылары жеңімпаз атанды.

1953 жылы Сухумиде студенттердің "Искра" атты бүкілодақтық ерікті спорт қоғамының Орталық кеңесінің біріншілігі өткізілді және мұнда "Искра" Алматы командасы қатысты. Қазақстандық баскетболшылардың ең алғашқы ipі табысы "Буревестник" ЕСҚ-ң Орталық кеңесінің чемпионы, ал кейін 1953 жылы еліміздің біріншілігінде ІЗ-орын алуы. 1954-55 жылдары Буревестник командасы "Б" тобының жарыстарына қатысып жүрді, "А" тобына тек соғылған және өткізілген доптардың сәйкес келмеуі себепті ғана өмбей қалып отырды.

Тек бір жылдан соң – Днепропетровскіде турнирді ешбір жеңіліссіз өткізгеннен кейін ғана алматылықтар жоғары топқа ойнау құқын жеіңіп алды.

Сол жылдардағы қазақстандық баскетболшылардың ойыны көрермендер арасында жоғары қызығушылық тұғызды. Команда құрамында еліміздегі ең ұзын баскетболшы Уайс Ақтаев бойы - 232 см, салмағы 160 кг. ойнады. Ғажап табиғи қасиеттері мен бірге У.Ақтаевтың лақтыру тәсілі де жоғары болды. Алаң ішінде қозғалу жылдамдығындағы кемшілікті ол қалқан астындағы ойынмен етеп отырды. Ол қарсылас торына допты жоғарыдан оңай-ақ салатын және қалқаннан ауытқыған допты қағып алып қайта итеруді өте тамаша орындайтын.

1956 жылы өткен КСРО халықтарының Спартакиадасында Қазақстан баскетболшы жігіттерінің бесінші орын алуын үлкен табыс деп есептеуге болады.

1957 жылы еліміз ченпионатында алматылыіқ "Буревестник" командасы бір қатар алдыңғы қатарлы командаларды ұтып, турнир кестесінде жетінші орынға ие болды.

Одан кейінгі жылдары Қазақстан баскетболшыларының өнері бірде аспандап, бірде құлдыраумен сипатталады, бірақ команда тәжірбие жинақтайды, олардың беделі арта бастайды, республикада танымал бола бастайды.

1964-75 жылдар аралығында ерлер арасындағы барлық жарыстарда республика намысын "Локомотив" командасы қорғап жүрді. Құрамында жоғары дәрежелі ойыншылары бар "Локомотив" турнир кестесінде жорары орындарға ие болмағанымен, еліміздің алдыңғы қатарлы командаларын жиі-жиі ұтып отырды. Алматылықтар спортшы-теміржолашылар арасындағы Европа чемпионатының халықаралық турнирлерінде жоғары табыстарға жетеді. Олар МССЖ-ның төрт біріншілігіне қатысты. 1956 жылы Алматыда 2- орын, 1968 жылы Францияның Страсбург қаласында чемпионы, 1971 жылы Бургаста Болгария 3-орын. ал 1975 жылы Вроцлавта Польша 2-орын алады.

1976 жылдан бастап команда Армияның спорт клубы туы астында өнер көрсете бастады. Команда көптеген жарыстарға қатысты, жоғары топтың ірі командалары арасында медальдар жеңіп алып, көптеген халықаралық жарыстарда жеңімпаз болды. 1988 жылы Сеул Олимпиадасында команда мүшесі В.Тихоненко алтын медальға ие болды.

1972 жылдан бастап, қыздар арасындағы баскетболдан республика намысын кейін "Университет" Алматы аталған Буревестник студенттік командасы қорғап келеді. Жоғары топта өнер көрсеткен ұзақ жылдар ішінде команда өте жоғары дәрежелі ойыншылар дайындап шығарды, олардың ішінде Европа, әлем чемпионаттарының, бүкіләлемдік универсиадалардың және тағы басқа халықаралық жарыстардың жеңімпаздары бар. Команданың екі ойыншысының Олимпиада чемпионы деген атағы бар - Н.Ольхова І976

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуына байланысты республикамызда баскетболды дамытудың жаңа беттері ашылуда. 199I жылы Қазақстан Республикасының Баскетбол федерациясы құрылды. 1992 жылы I Ұлттық чемпионат өткізілді, Қазақстан Республикасының құрама командалары Азия ойындарында Әлем чемпионаттарында, Олимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғауға дайындалуда.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет