Түсінік хат «ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығының 14-тармағында бастауыш сыныптағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді. Пән мазмұны мен оқу жүктемесі өзгертілген жоқ.
Республикасы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; Қ.Р.Б және ҒМ ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген. Үлгілік оқу жоспарлары «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы 21.11.2022 ж (27-қосымша), № 467, 05.07.2023 ж. № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен басшылыққа алынып жасалды 4-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық білім мазмұны: 1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары: компьютерлік және мобильді технологиялардың ескіруі ғылыми-техникалық прогреспен байланысты екенін түсіндіру.
Қауіпсіздік: сенімді пароль критерийлері;
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу».
Мәтін: мәтіндегі кестелер.
Презентациялар: слайдтың макеті; объектілердің анимациясы; бейне мен аудионы орналастыру.
Мультимедиа: бейнеролик жасау.
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу: компьютерде файл мен бумаларды іздеу; ақпарат алмасу : браузерді реттеу (бетбелгі, журнал мен жүктеу); электрондық пошта: хабарлама қабылдау және жіберу, файлдары қоса берілген хабарлама.
4) «Есептей білу»: алгоритмдер: енгізілген циклдер, логикалық операторлар, салыстыру операторлары.
Программалау: программалау ойын алаңында айнымалыларды қолдану; жеке сценарийі бойынша ойын әзірлеу.
5) «Робототехника»: түс датчигі; ультрадыбыс датчигі.