Shape типінің анимациясы. Анимацияны дыбыстау.
Мақсаты:
Shape типінің шамалау анимациясы.
Shape Hint (түйінді нүктенің формасы) көмегімен форманың өзгеруін басқару.
Дыбыстық форматтар.
Анимацияны дыбыстау.
Дыбыстық фрагменттің жазбасы және коррекциясы.
Мазмұны және лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған методикалық нұсқаулар.
Shape типінің шамалау анимациясы
Shape (форма) типінің анимациясы метаморфоза эффектісін құруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге Flash обектінің координатын, оның өлшемін және түсін өзгертуге мүмкіндік береді.
Анимацияның осы типін қолдана отырып, сіз Flash-тің тек қана графикалық примитивтермен (сызық және бояу құйғыш) жұмыс жасайтынын естен шығармау қажет, ал топты анимирлеу символдар, мәтін блогы немесе растрлық бейнелермен жұмыс жасамайды. Осы элементтерді өзіңіздің жұмысыңызға қолдану үшін, сіз Modify > Break Apart командасын қолданып, оларды (примитивтерді) бөліктерге бөлу қажет. Шамалау анимациясының типін үйрену үшін метаморфозаны моделдейміз, шеңберлер квадратқа айналады, айналу процессінде фигуралар қозғалады, түсі мен өлшемі өзгереді.
Сонымен 100х300рх өлшемімен жаңа құжат құрып, metaphor атымен дискіде сақтаңыз.
Роликтің бірінші кадрына Oval құралының көмегімен сахнаның жоғарғы бөлігіне шеңберді салыңыз. Содан кейін 20 кадрға өтіп, оны кілттік етіңіз. Сахнаның төменгі бөлігіне 20 кадрға Rectangle құралының көмегімен квадратты салыңыз, ал шеңберді Arrow құралымен ерекшелеп, өшіріңіз. Квадраттың өлшемі шеңбер өлшемінен үлкен болу қажет. Шеңбер мен квадраттың түсін өзіңіз таңдап алыңыз, Info палитрасын қолданып, бір вертикальға фигураларды орналастыруға болады. Барлық моменттерді жасағаннан кейін, 1-ші кадрға оралып, Properties палитрасындағы Tween бөлімінде Shape мәнін орналастырыңыз. Timeline палитрасындағы қабат алаңында 1-ден 20-шы кадр аралығы ашық жасыл түске боялып, 1-ден 20-шы кадрға бағыттауыш созылады. Егер де бағыттауыштың орныны үзік сызықтар пайда болса, онда қате кеткенін білдіреді, мысалы, өзіңіздің жұмысыңыда графикалық емес примитивтерді, топты немесе симвлоды қолданғаныңызды білдіреді. Control > Test Movie командасын қолданып, ролигіңізді тестілеңіз.
Timeline палитрасына экперимент жасап көріңіз. Ease бөлімін қолдана отырып, қозғалыс мінезімен басқара аласыз, сонымен бірге оның метаморфоза процесіндегі трансформация формасы тәсілінің мінезін анықтауға болады.
Ол үшін Blend (өту) бөлімін қолдану қажет және сізге екі нұсқа ұсынылған:
Достарыңызбен бөлісу: |