Modify > Shape > Add Shape Hint (модификациялау > форма > түйінді нүктені қосу) менюін қолданып, нәтижесінде сіздің кадрыңыздың сахнасында “дайындық” бірінші түйінді нүктесі - а әріпі бар қызыл түсті шеңбер пайда болады.
Түйінді етіп белгілегіңіз келетін бейне нүктесін Arrow құралының көмегімен Snap to Objects өшірілген модификаторына тышқанмен орналастырыңыз.
Нәтижелі бейнеге сәйкес келетін кадрға тышқанның сол батырмасын шертіңіз, сахнада бастапқы кадрдағыдай сол әріпі бар қызыл шеңбер пайда болады.
Шеңберді бейне нүктесіне орналастырыңыз, ал бастапқы белгіленген кадрға сәйкес келу қажет, орналастырғаннан кейін шеңбер түсін жасыл түске өзгертеді.
Бірінші кадрға оралып, түйінді нүктеніз сары түске өзгергеніне көз жеткізіңіз.
Егер де түйінді нүктелерді қойып шығу керек болса, онда жоғарыдағы амалдарды қайталаңыз.
Ескерту: егер трансформацияны қолдану барысында бірнеше түйінді нүктелерді қолданатын болсаңыз, онда оларды сағат бағыты бойынша қою, яғни бейненің сол жақ жоғарғы бұрышынан бастап орындау қажет. Яғни Flash түйінді нүктелерді алфавит реті бойынша өңдейді. Түйінді нүктелерді орналастыру процесінде өзіңіздің ролигіңізді периодты түрде тестілеп отыру қажет. Түйінді нүктенің қалпын өзгерту үшін оны жаңа орынға сүйреп тарту жеткілікті. Сонымен бірге, әр уақытта қажет емес нүктелерді өшіруге немесе жаңасын қосуға болады. Егер жұмыстың нәтижесі сізді қанағаттандыратын болса, онда түйінді нүктелерді жасырып қоюға болады. Барлық айтылған операцияларды контексті менюдің көмегімен орындау ыңғайлы. Оны ашу үшін, түйінді нүктелердің біреуіне тышқанның оң батырмасын шертіңіз. Меню төрт команданы қамтиды, оның ішінде бірінші үшеуі тек қорытынды бейненің түйінді нүктелеріне тәуелді.