Дыбыстық фрагменттің жазбасы және коррекциясы
Мультипликация және интерактивті элементтермен жұмыс жасау процесінде, сізге де өзіңіздің музыкалық немесе сөйлеу фрагментін жазғыңыз келеді. Сонымен сіз қандай да бір дыбысты микрафонның көмегімен жазып, оны sound.wav сияқты сақтадыңыз.
Кез келген wav-файл үлкен көлемге ие, біз оны PlayCenter көмегімен mp3-файлына конверттейміз, сонымен арнайы программаның көмегімен осы фрагменттерге коррекция жасаймыз, мысалы, Sound Forge немесе Steinberg Wave Lab программалары.
Микрафонмен жазу барысында дыбыстық фрагментке (мысалы, сөздер) дейін және содан кейін кідіріс,шу пайда болады. Дыбыс бұзылады. Бұның барлығын жоғарыда аталған программа оны оңай жоя алады.
Бұл программада дыбыс графикалық толқын түрінде берілген. Сондықтан бізге қажет емес бөліктерді алып тастауға болады, әртүрлі эффектілерді қосуға, мысалы, “А-ля Масяни”, әйел дауысын еркек дауысына ауыстыру, өзіңізге ыңғайлы етіп өзгертуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |