Микробиологиялыќ зертхана


Топырақтағы термофильді бактерияларының титрін



Pdf көрінісі
бет69/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Топырақтағы термофильді бактерияларының титрін,
перфрингенс-титр мен коли-титрді анықтау.
Әр түрлі сұйылтымда
дайындалған топырақ суспензиясын Кесслер ортасы (1% пептон, 5% өт
сұйықтығы, 0,25 % лактоза, грамм теріс бактериялардың өсуін тежеуге
арналған генцианвиолет) бар шыны түтіктерге 1 мл-ден себінді жасайды
да, 48 сағат бойы 43°С температураға реттелген термостатта
инкубациялайды. Сонан соң талдау жүйесін судың коли-титрін анықтау
реттілігіне сәйкес жүргізеді.
Перфрингенс титрді анықтау үшін әр түрлі сұйылтымдағы топырақ
суспензиясын (1 мл-ден) майсыздандырылған стерильді сүт және темір
сульфиді бар Вильсон-Блер (3% қоректік агар, 1% глюкоза, 2% натрий
сульфиді, 0,08% темір хлориді) ортасы құйылған шыны түтіктерге
себінді жасайды. Себіндіні 24-48 сағат бойы термостатта (43°С)
инкубациялағаннан кейін нәтижесін сүттің ұюына немесе Вильсон-Блер
ортасының агарлы бағанасында
Clostridium perfringens
-тің қара түсті
колонияларының қалыптасуына байланысты бағалайды. Содан кейін
түзілген колониядан жағынды жасап, Грамм тәсілімен бояйды да,
микроскоптың көмегімен перфрингенс-титрін анықтайды.
Термофильді бактериялардың титрін анықтау үшін топырақ
сузпензиясының 1 мл-ін Петри табақшаларына енгізіп, үстінен
балқытылған қоректік агарды құяды. Себіндіні тәулік бойы 60°С-де
ұстаған соң өскен колониялардың санын анықтап, 1 г топыраққа сәйкес
келетін мөлшерін есептеп шығарады.
Топырақтың санитарлық-микробиологиялық бағасын нәжіспен
залалдану деңгейінің көрсеткішін анықтауға бағытталған кешенді
шаралар арқылы жүргізеді. 
57




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет