мөлдірлендіру үшін), қан тамырына жұқтыратын суспензияны енгізеді.
Қауыздың жалаңаштанған жерін лейкопластырмен бекітеді.
Жоғарыдағы әдістермен жұқтырылған тауық
эмбриондарын +33-37ºС температураға реттелген
термостатта инкубациялайды.
Жұқтырылған
эмбриондарды күнделікті овоскоппен бақылап
отырады. Жұқтырғаннан кейін алғашқы 24 сағат
аралығында өлімге
ұшыраған эмбриондар алып
тастайды. Себебі бұл уақыт аралығында бөгде
микрофлоралармен
ластанған, жұқтыру кезінде
жарақаттанудан
өлген эмбриондар жарамсыз
болып есептеледі. Одан кейінгі эмбриондардың
өлімге ұшырауы
вирустардың көбеюі әсерінен
болады. Мұндай эмбриондарды таңдап алып, тез
арада тоңазытқышқа (+4ºС) ауыстырады.
Тоңазытқыштағы эмбриондардың құрамындағы
вирустардың белсенділігі
ұзақ сақталады және
ұлпалар тығыздалып, тамырлары босап, оларды жарып алуға жеңілдік
тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: