катаральды қызбасын және т.б. өсіру үшін
қолданады. Жұқтырудың бұл түрінде
вирустық
материалды табиғи ауа камерасы мен жасанды ауа
камералары арқылы енгізеді.
Табиғи ауа камерасы арқылы жұқтыру (28-
сурет) үшін штативке эмбрионның доғал жағын
жоғары қаратып (ауа камерасы жоғарғы бетінде
болуы керек) бекітеді.
Ауа камерасының
ортасынан диаметрі 15-20 мм көлемінде қауызды
ойып, пинцеттің көмегімен қауыздың астыңғы
қабықшасын ашады. ХАҚ-ның жалаңаштанған
жеріне 0,2 мл вирус суспензиясын енгізіп, тесікті
лейкопластырьмен
немесе жапқыш шыныны
балқытылған парафинмен бекіту арқылы жабады.
Жасанды ауа камерасы арқылы жұқтыру (29-сурет) біріншісіне
қарағанда жиі қолданылады. Бұл әдісте эмбрионды штативке
горизонтальды жағдайда, ұрықтың арқасын жоғары қаратып бекіткеннен
кейін, қауызды екі жерден теседі.
Достарыңызбен бөлісу: