Жүйелілік икемділікті шығарып тастамайды Негізгі және аралық мақсаттарды орнықтыру – табысқа жетудегі алғашқы қадам.
Сосын бағытты белгілеп, негізгі мақсатты көзден таса етпей, осы беталысты ұстап отыру
шарт. Сіздің бәсекелесіңіз жағдайды ушықтырғанда, әдепсіз шабуылы үшін шақыруын
қабылдағыңыз келеді. Бірақ ол дәл осыны күтеді, сондықтан олай етуге болмайды! Егер
сіз нақты стратегияңызды таңдап алсаңыз, одан бас тартып не істейсіз? Әрине, бұл жерде
салқынқандылық пен шыдам керек. Алайда осы салқынқандылық пен шыдамдылық
стратегиялық ойлаудың икемділігін шығарып тастамайды. Сіз жеңіске жеткен кезде,
таңдалған жоспарды ұстану оп-оңай сияқты көрінеді. Ал шын мәнінде, бұл оңай шаруа
емес. Масаттануға түсіп, өзін-өзі бақылауының жоғалғаны оңай шығар. Егер сіздің
эмоцияңыз стратегиялық жоспарға әсер етсе, онда ұзақ уақыттық жеңіс мүмкін емес
болып табылады.