Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012



Pdf көрінісі
бет100/101
Дата13.03.2022
өлшемі1,27 Mb.
#135422
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101
Байланысты:
Мотивациялық кітаптар жиынтығы

№3 себеп
Жалқаулық. Қолы бос емес адамдар жиі жалқау болып келеді. Бір 
бизнесмен адам болыпты, тынбай еңбек етіп, ақша табатын. Әйелі мен баласын асырау 
үшін көп жұмыс істейтін. Офисте көп уақыт отыратын, дем алыс күндері жұмысын үйге 
әкелетін. Күндердің бір күнінде ол үйіне келсе, үйі – бос. Оның әйелі балаларымен бірге 
кетіп қалыпты. Әйелімен араздығы болған, алайда, жанұядағы мәселелерді реттеудің 
орнына, бизнесмен жұмыстағы мәселелерін реттейтін. Енді жабырқау күйге түсіп, іскер 
қасиеттерін жоғалтқан мезетте, жұмысынан да айырылады. Бүгінгі таңда, мен қолы 
босамағандықтан байлығын қамқорлыққа алмайтын, тіпті денсаулығына да қарамайтын 
адамдарды жиі кездестіремін. Керісінше, үйде отырған, бала тәрбиелемейтін адамдардың 
телебағдарламалардан, дүкенге барғаннан қолдары босамайтындарды да білемін. Негізі, 
олар жүректерінің түбінде бәрін түсінеді, бәрін біледі. Cіздердің алдыларыңызда 
жалқаулықтың кең тараған түрі көрсетілді, ол асқан жұмысбастылықпен қымтанады. 
Жалқаулыққа қарсы нәрсе бар ма? Бар, бұл – кішкентай ашкөздік.
«Ашкөз адам – жаман 
адам»
деген тәрбие бар, бірақ талпынысты оятатын да нәрсе осы ашкөздік қой. Көп емес, 
кішкене ғана ашкөздік. 
«Ашкөздік – пайдалы»,
- деп Майкл Дуглас айтқан болатын. 
№4 себеп: 
Әдеттер. Біздің өмір – білімге қарағанда, әдеттеріміздің бейнесі. Бай 
әкемнің айтқан жақсы сөздері бар еді: 
«Егер мен өзіме бірінші кезекте төлесем, 
қаржылық, ақыл-ой, фискальды қарым-қатынаста мықтырақ боламын. Ал егер мен 
өзіме соңғы кезекте төлесем немесе тіпті төлемесем, әлсіз бола бастаймын. 
Бастықтар, менеджерлер, салық жинаушылар, пәтер берушілер мені бір нәрсе істеуге 
ынталандырады, маған өмір бойы қысым көрсетеді. Маған жақсы ақшалай әдеттер 
керек, сонда ғана олардың қысымынан құтыламын».
№ 5 себеп: 
Тәкаппарлық. Тәкаппарлық – бұл эго + надандық. 
«Мен білген нәрсем 
үшін ақша табамын. Білмегенім үшін ақша жоғалтамын. Тәкаппарлық танытқан сайын 
ақша жоғалтумен боламын. Мен тәкаппар болғанда, менің білмейтін нәрсем мен үшін 
маңызды емес болып көрінеді»
- деп бай әкем жиі айтатын. Менің байқағаным адамдар 
білімсіздіктерін жасыру үшін тәкаппарлықты пайдаланады екен. Ондай жағдайларды 
инвесторлармен, бухгалтерлермен сөйлесу барысында да байқағанмын. Ақша, қаржы, 
инвестиция әлеміндегі көптеген адамдар не айтып, не қойғанын өздері түсінбейді. Ақша 
индустриясындағы олар тауардың партиясын итерумен болады. Егер бір нәрседен білімсіз 
екеніңізді түсінсеңіз, осы жөніндегі мамандардан көмек алыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет