24
тер болып табылғанымен, оларды қабылдаған кезде сандық нормасын
сақтау керек.
ми және жұлын ұлпаларында көптеген
липидтер мен липоид-
тер (фосфатидтер, стериндер т.б.) кездеседі. Өте үлкен маңызы бар
лецитин мен кефалин. бұл заттарға қажеттілікті өтеу үшін рационға:
рафинадталған өсімдік майларын, сарымай,
жұмыртқаның сарысын
енгізу керек.
Дәрумендер медиаторларды синтездеу үшін қажет. мысалы,
халин сірке қышқылымен айетилхолин деген эфир түзеді. Ол жүйке
жүйесінде ацетилхомин эстераза ферментінің активтілігін тежейді.
тиамин жетіспеген кезде мидың шартты рефлекторлық қызметі
бұзылады, қозу үдерісі әлсірейді және кідіру күшейеді, бұл адамның
еңбек қабілетін төмендетеді.
симпатикалық бөлімнің (жүйке жүйесінің) медиаторы нора-
дреналин –
фенилаланиннің тотығуы, соңынан түзілген өнімнің
декарбоксилденуінің нәтижесінде түзіледі. бұл үдеріс үшін пири-
доксин (дәрумен В6) қажет. Ол басқа да медиаторлардың (серотонин,
гаммааминомай қышқылының) түзілуіне қатысады. Рибофлавин көру
үдерісін қамтамасыз етеді.
әсіресе жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімдері дәрумен РР-нің
жетіспеушілігіне сезімтал. Ол орталық жүйке жүйесінде
терең
өзгерістерге әкеп соғады, нейрондарға зақым келеді.
сондықтан да В тобындағы дәрумендердің кез келгенінің
жетіспеушілігі Ожж қызметін бұзады.
аскорбин қышқылы (дәрумен с) норадреналиннің түзілуіне
қатысады және адреналинді тотығудан сақтайды.
нейрондардың қызметі организмдегі минералды заттардың
мөлшеріне де байланысты. Na, K,
Ca орындаушы органдарға
хабарды жеткізуге қатысады. Осы минералды заттар және де Mg, P
ферменттердің белсенділігі әсер етеді. Ферменттер жүйке клеткала-
рында негізгі алмасу үдерістерін жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: