30
жас өсіп жатқан организмде ассимиляция диссимиляциядан басым
келеді, қартайған кезде синтезделу үдерісі әлсірейді.
1840 ж. петербург академигі г.и.гесс бірдей өнімдердің түзілуіне
әкеліп соқтыратын реакциялардың термиялық әсері бірдей болатынын
және айналудың аралық тәуелді емес екендігін дәлелдеді.
калориметрде жанған кезде және организмде тотыққан кезде 1 г
көмірсудан 16,7 кДж (4,0 ккал), 1 г майдан – 37,3 кДж (9,0 ккал) энер-
гия бөлініп шығады.
ақуыздар организмде тотыққан кезде, калориметрде тотықтырғанға
қарағанда энергия мөлшері аз бөлінеді. себебі (NH
3
) минералданған
азоттан несепнәр алуға энергия мөлшері жұмсалады.
Адам ағзасындағы зат алмасу сипаттамасы
Энергия – бұл жұмысты орындауға көмектесу үдерісі:
физикалық
(механикалық) немесе химиялық.
Ассимиляция
– пластикалық және энергетикалық ресурстар көзі, ол
ағзада өзіндік клетка құрылымын түзеді, яғни ілгерілеу.
Диссимиляция
– химиялық байланыстың тотығуының бұзылуында
органикалық заттарда клеткада энергияның босауы жүреді, яғни дис-
симиляция.
Диссимиляция және ассимиляция үдерістері бір уақытта тығыз
байланыста жүреді және ортақ атауы бар –
зат алмасуы үдерісі
. Ол
ақуыздардың алмасуынан, көмірсулардан,
минералды заттардан,
дәрумендерден және су алмасуынан түзіледі.
Орта жастағы сау адамда қажетті тағамның жеткілікті санын
қолдануда ассимиляция және диссимиляция үдерісі біркелкі болады.
жас дамып келе жатқан ағзада ассимиляция диссимиляциядан
басым болады, қартаюда синтез үдерісі әлсірейді.
Адамның энергетикалық шығыны және оны анықтау әдістері
Энергия шығынын адамнан бөлінетін жылу саны бойынша
анықтауға болады, ағзадағы энергияның барлық түрі
соңғы есепте
жылуға айналады.
жаңа қызметпен айналысатын адамның тәуліктік шығынын есеп-
теу үшін келесі көрсеткіштер қажет:
1) 1 кг дене салмағына кететін энергия шығыны;
2) зерттелетін қызмет түрінің ұзақтығы жөнінде мәлімет.
31
Энергия шығындалуын (жұмсалуын) есептеу тәсілдері
Энергияның барлық түрі организмде ақырында жылу энергия-
сына айналатын болғандықтан, энергия
шығынын адам бойынан
бөлініп шыққан жылу мөлшерімен анықтауға болады. келесі тәсілі
организмде энергия көзі болып табылатын органикалық заттардың
ыдырауынан соңғы өнімдерін өлшеу де болып табылады. Осыған бай-
ланысты екі түрлі тәсіл: тура калориметрия және жанама (тура емес)
калориметрия ұсынылады.
тура калориметрияның тарихи маңызы бар. себебі, адам-
нан бөлініп шыққан жылу мөлшерін өлшеу үшін өте үлкен жылу
өткізбейтін камералар қажет. ал ондай камераларда бөлінген энергия
мөлшерін анықтауға жағдай жасау өте қиын.
жанама калориметрия − органикалық заттардың тотығуының
негізгі өнімдерінің мөлшерін өлшеуге
және арнайы термиялық
коэффициенттерді пайдалану арқылы бастапқы қосылыстардың
энергетикалық құндылықтарын есептеуге негізделген.
Организмнен бөлінген сО
2
газының мөлшерін және пайдаланылған
О
2
мөлшерін анықтау арнайы аспаптың көмегімен жүзеге асыры-
лады. бұл аспап кез келген жағдайда ішке жұтылған және шыққан
ауаның көлемі мен құрамын тексеруге мүмкіндік береді.
алынған
көрсеткіштер бойынша организмдегі органикалық заттардың
шығынын анықтайды.
Энергия мөлшерін бөлу үшін тағы да: бөлінген азоттың мөлшерін
және дем алу коэффициентін анықтау қажет.
Қалыпты жағдайда тер бөлінген кезде зәрмен бөлінген азоттың
мөлшері организмде ыдыраған ақуыздың мөлшерімен анықталады
(зәрдегі 1 г азот ішкі ортада тотыққан 6,25 г протеинге сәйкес келеді).
1 г ақуыз тотығуы үшін 966,3 мл О
2
шығындалады және 773,9 мл сО
2
түзіледі. Осы мәндерді ыдыраған ақуыздардың
мөлшеріне көбейтсек,
ыдыраған майлар мен көмірсулардың үлесін есептеу үшін қаншама О
2
және сО
2
-ні жұтылған және шыққан ауаның жалпы көлемінен алып
тастау керек екендігін анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: