Абжанова сокращенная indd


Дем алу және дем шығару механизмi



Pdf көрінісі
бет21/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   189
Дем алу және дем шығару механизмi
Дем алған кезде көкірек қуысы арттан алға қарай, екі бүйірге және 
жоғарыдан төмен қарай үлкейеді. арттан алға қарай және екі бүйірге 


32
 
 

көкірек клеткасының ұлғаюы сыртқы қабырғааралық еттердің жиы-
рылуынан қабырғалармен төс сүйегінің көтерілуі нәтижесінде орын-
далады. ал жоғарыдан төмен қарай үлкеюі дем алу кезінде диафрагма 
жиырылып, оның іш қуысына қарай 3-4 см. төмен түскендігінен 
болады.
Диафрагманың 1 см-ге төмен түсуі көкірек қуысынан 250-300 мл-ге 
үлкейеді, олай болса, дем алу кезіндегі оның 3-4 см-ге төмен түсуі оны 
1000 мл. шамасына үлкейтеді екен.
Диафрагма төмен түскенде, ол іш қуысындағы органдарды қысатын 
болғандықтан, дем алу кезінде іш те үлкейеді. көкірек клеткасының 
кеңеюі нәтижесінде өкпе үлкейеді. созылған өкпедегі альвеолдық 
қысым атмосфералық қысымнан гөрі төмен түседі. ал көкірек қуысы 
герметикалық жабық және сыртқы ортамен тек ауа жүретін жолдары 
арқылы өкпеге түседі. Осы айтып отырған жағдайды Дондерстің 
моделі арқылы түсінуге болады. бұл модель аузы кең, түбінде резеңке 
пленкасы бар шыны шөлмек. Шөлмектің аузы тығынмен жабылған. 
тығын арқылы тек шыны түтік өтеді. ал шыны түтіктің төменгі 
жағына қоянның не мысықтың өкпесін кеңірдегімен қосып бай-
лап қойған. сөйтіп, шөлмек герметикалық жабық, сыртқы ортамен 
қатынаспайды. тек ондағы өкпе ғана түтік арқылы атмосфералық 
ауамен жалғасады. Осы шөлмектің резеңке жарғағын тартсақ, оның 
көлемі үлкейеді де, ішіндегі қысым атмосфералық қысымнан төмен 
түседі.
атмосфералық қысыммен шөлмектегі қысымның арасындағы 
айырмашылық арқасында ауа шөлмекке түсуге ұмтылады. бірақ ауа-
мен тек шөлмек ішіндегі өкпе ғана қатынаса алатындықтан, ауа өкпеге 
түсіп, оны созады. егер шөлмек түбіндегі резеңкені қоя берсек, ол 
өзінің бұрынғы қалпына келеді де, шөлмектің аумағы кішірейеді, 
ондағы қысым артады, өкпе қысылып, ондағы ауа ығыстырылып, 
сыртқа шығарылады. сөйтіп, бұл модель арқылы ауаның өкпеге 
түсуі көкірек қуысының ұлғаюының нәтижесі болып табылатын 
жауапкершілікті деген ойға келуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет