49
қайтадан қанға кері сіңеді, ал
несепнәр, несеп қышқылы, сульфаттар
сияқты зиянды және тіршілікке қажетсіз заттар генле иінінен кейінгі
екінші деңгейлі иірім жолдарында қалып, нағыз несептің құрамына
кіреді. соңғы несеп нефронның жинағыш жолдарымен ағып, бүйректің
бүртіктеріне,
одан тостағаншасына, одан бүйрек түбегіне, содан соң
ұзындығы 30 см-дей несеп ағар арқылы қуыққа барады.
Қорытып айтқанда, несептің түзілуі күрделі үш қызметтің
нәтижесі: 1. нефронның капилляр шумағындағы сүзілуі. 2. иірімді
жолдардағы кері сүзілу (реабсорбция). 3. екінші деңгейлі –
иірім
жолдардың эпителий клеткаларының белсенді секрециялық қызметі.
мұнда аммиак, сутегі иондары, креатинин т. б. заттар соңғы несепке
қосылады және кейбір улы заттар залалсыздандырылады.
тәулік бойы бүйректен 2000 л қан айдалады, одан 150-180 л
алғашқы несеп өндіріледі, бірақ соңғы несептің мөлшері – 1,5 л ғана.
мұндай қарқынды сүзілу бүйрек жолдарыныңөте ұзын болуына
байланысты.
Қуыққа айдалатын соңғы несеп – сарғыш түсті сұйықтық. Оның
меншікті салмағы – 1,010-1,025, реакциясы – сол қышқыл. Құрамының
негізі – су (98-99%), қалған 1-2%-ы – көптеген (130-140) химиялық зат-
тар, олардың көбі – несепнәр, несеп қышқылы, креатинин.
Дені сау
адам несебінің құрамында белок пен глюкоза қанты болмауға тиіс.
несептің тәуліктік мөлшері – 1300-1500 мл.
Достарыңызбен бөлісу: