Абжанова сокращенная indd


Рациондардағы майларды нормалаудың ғылыми негіздері



Pdf көрінісі
бет37/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   189
Рациондардағы майларды нормалаудың ғылыми негіздері
липидтер табиғатта кеңінен тараған. Олар жануарлар мен 
өсімдіктер ұлпаларыныңқұрамына кіреді. Вегетативті бөлімдері 5%, 
тұқымдары 50%-ға дейін липидтер жинайды. адам организмінде 
10-20%-ға дейін май болады, кейбір жағдайларда – 50%-ға дейін 
артады (май алдын ала бұзылуына байланысты). 
липидтер әртүрлі функциялар атқарады. Олар энергия көзі болып 
табылады: организмде 1 г май тотыққан кезде 37,66 кДж (9 ккал) 
жылу бөлінеді. 100 г май тотыққан кезде 107 г эндогенді су бөлінеді. 
липидтер құрылымдық-иілімділік функциясын атқарады. себебі, 
барлық ткандердің клеткалық және клеткадан тыс мембрандарының 
құрамына кіреді. 
майлар а, Д, е, к дәрумендерін ерітетін зат болып табылады және 
олардың сіңірілуіне жағдай жасайды. тамақтық майлармен организмге 
бірқатар биологиялық белсенді заттар түседі. Олар: фосфатидтер, 
қанықпаған майлы қышқылдар, стериндер және т.б. 
жүйке клеткаларының құрамына кіретін липидтер жүйкедабыл 
тобының бағытталуын қамтамасыз етеді. липидтерден кейбір гор-
мондар (жыныс, бүйрек үсті), сол сияқты Д дәрумені де түзіледі. 
тері майлары және ішкі органдар майлары қорғаныс рөлін атқарады. 
адам және жануарлар организмінде майлар денені суықтан қорғайды, 
жылудың өтуіне кедергі болады, механикалық жараланудан (мысалы, 
бүйректер) қорғайды. май бездерінен бөлінетін липидтер теріге 
жұмсақтық, иілімділік береді, кебуден, жарылудан сақтайды.
адам организмінде майлар екі түрлі құрылымдық (протоплазмалық) 
және резервті (май деполарында) болады.
Құрылымдық май клеткаларда липопротеинді кешеннің құрамына 
кіреді. Олар қанда болады, клеткалардың ядросын, рибосомдарын, 
митохондрияларын түзуге қатысады. протоплазматикалық майдың 
мөлшері органдар менұлпаларда бірқалыпты мөлшерде болады, 
ашыққанда да өзгермейді.
Резервті май (қор майы) май жинау қорында, терінің астында 
(теріасты май қабаты), кеуде тұста, бүйректің төңірегінде (бүйрек 
жаны майы) жиналады.


64
 
 

май қорының жиналуы әртүрлі факторларға: тамақтанудың сипа-
тына, энергия шығынының көлеміне, жасқа, жынысқа, организмнің 
конституциялық ерекшеліктеріне, ішкі секреция бездерінің жұмысына 
байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет