59
көмірсулар – рационның басым бөлігін
құрайтын тағамның міндетті
кешені. тағамның көмірсулық кешендердің саны мен арақатынасы
адам тамақтануында, оның денсаулығын
сақтауда және негізгі
аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.
көмірсулар – бұл органикалық қосындылардың қомақты бөлігі.
Өсімдік жасушаларында олардың үлесіне барлық кепкен заттардың
90%-ы тиесілі. көмірсулар өсімдіктерде жүретін фотосинтез кезіндегі
күн сәулелерінің әсері арқасында, ауадағы көмір қышқылы газын
хлорофиллдің ассимиляциялауы нәтижесінде пайда болады.
көмірсулар жай немесе моносахаридтер
мен дисахаридтер-
ден тұратын қанттарға және күрделі көмірсуларға – крахмал мен
күрделі крахмал емес полисахаридтерден құралатын полисахарид-
терге бөлінеді. соңғылары тағамдық талшықтар ретінде танымал.
көмірсуларды тағам және химиялық
құрылысы тұрғысынан жіктеу
18-кестеде көрсетілген.
Шығу тегіне қарай көмірсулар сүт және дақылдар, көкөністер
мен жемістер сияқты өсімдік тектес тағамдық
өнімдердің құрамына
кіретін ішкі және де кондитерлік заттар мен тәттілерді (қант және оны
алмастырғыштар, бал) әзірлеу кезінде қолданылатын сыртқы (немесе
қант қосу) деп бөлінеді.
көмірсулардың негізгі функциясы – бұл организмді энергиямен
қамтамасыз ету. көмірсулар энергия көзі ретінде белоктармен және
майлармен алмастырылуы мүмкін, бірақ
олардың тамақта жоқтығы
денсаулыққа кері әсерін тигізеді. көмірсулардың жетіспеушілігі
аштықты еске түсіретін белгілермен білінеді. көмірсуларсыз немесе
көмірсулары аз диетада отыратын
адамдар тез шаршағыштықтан,
әлсіздіктен зардап шегеді.
көмірсуларды артығымен қабылдаған жағдайларда глюкоза майға
айналады. бұдан кез келген артық мөлшерде тамақ жеу организмде
май жинақталуына және салмақ қосуға соқтыратынын білуге болады.
Қантты таза күйінде немесе құрамына қант кіретін тамақтарды жиі
жеу
тісжегінің дамуына соқтырады, ал одан тіс бүлінеді және түсіп
қалады.
сонымен, көмірсулардың артықтығы және оның жетіспеушілігі
денсаулыққа жағымсыз болып табылады. салауатты тамақтану деге-
німіз – тамақтағы негізгі тағамдық
заттар мен олардың құрамдас-
кешендердің белгілі қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: