69
организмдердің тіршілік етуі үшін қажетті бұрыннан белгілі зат-
тармен қоса тағы бір белгісіз зат бар деген пікір пайда болады.
Осындай пікірді у.бунгеннің, с.а.сосиннің және тағы басқа шетел
оқымыстыларының жүмыстары дәлелдеп берді. 1896 жылы голланд
дәрігері Эйхман ақталған күрішпен тамақтанатын адамдардың «бери-
бери»
ауруымен көп ауыратынын, ал ақталмаған немесе жартылай
ақталған күрішпен тамақтанатын адамдардың ол аурумен ауырмай-
тынын байқады. кейіннен Ропкинс (1906 ж.) күріш дәнінің сыртқы
қауызында белгісіз бір заттың болмайтындығын анықтады, 1912 жылы
поляк оқымыстысы с.Функ ашытқыдан
құрамында витаминге ұқсас
амин тобы бар кристалды затты бөліп алды. бұл затпен полиневрит
ауруымен ауырған көгершінді емдеп жазды. бұл заттың жануарлар
организміне тигізетін әсерін зерттей келе, оның проф. н.и.лунин
ашқан жаңа затқа ұқсас екенін анықтады.
Осыдан кейін Функ адам
мен жануарларда болатын кейбір аурулар тағамның құрамындағы
белгісіз бір заттың жетіспеуінен болады деген қорытындыға келді. Ол
бұл затты «дәрумендер» деп атады. «Вита» – латынның «өмір» деген
сөзі, ал «амин» деп химияда құрамында азоты бар заттарды атайды.
бұл заттардың жетіспеуінен туатын ауруларды авитаминоз деп атады.
1913 ж. макколлум және оның шәкірттері жануарлардың қалыпты
дамуы үшін майда еритін фактор «а»-ның қажет екенін анықтап, оған
а витамині деп ат берді. а дәруменінің жетіспеуі адамды ақшамсоқыр
ауруына шалдықтыратыны анықталды.
1928 ж. сент-Дьердьи с дәруменін ашты және оның малдың
бүйрекүсті безінен бөлінетінін, сонымен
бірге кейбір өсімдіктерде
кездесетінін анықтады. Осыдан кейін 1935 жылы дат ғалымы Дам
қанның құрамында болатын к витаминін ашты.
1948 ж. смит Фолкерс т.б. В2 витаминін тапты. бүл дәруменнің
жетіспеуі адам организмінде қанның азаюына әкеліп соқтыратыны
белгілі болды.
соңғы жылдары кенес Одағында а.В.палларин, м.н.Шатерников,
л.а.Чероес, В.н.букин, В.В.ефремов
сияқты оқымыстылардың баста-
уымен көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. түрлі эксперименттер
арқылы авитаминоздардың потофизиологиялық және биохимиялық
өзгерістері ашылды.
сөйтіп, дәрумендердің тағамдық заттарда жетіспеуінен болатын
дерттер көне заманнан-ақ белгілі болғанымен,
оның себептері осы
біз өмір сүріп отырған ғасырларымыздың бастапкы жылдарында ғана
анықтала бастады.