Сро тақырыбы: Әртүрлі елдердің өнертабыстарды патенттеу жүйелері Орындаған



Дата25.04.2020
өлшемі20 Kb.
#64742
Байланысты:
01dee642-57be-11e9-9cb9-bcaec5508c5bпатентсро11 (1)


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті



СРО

Тақырыбы: Әртүрлі елдердің өнертабыстарды патенттеу жүйелері

Орындаған: Жеңісхан А.А

Тобы: ТП-701

Тексерген:Кабденова А.Т

Жоспар:


Кіріспе:

Негізгі бөлім:

1 Германдық өнертабыстарды патенттеу жүйесі

2 Американдық өнертабыстарды патенттеу жүйесі

3 Өнертабыстарды патенттік жүйелеудің ағылшындық жүйесі

4 Өнертабыстарды патенттік жүйелеудің жапондық жүйесі

Қорытынды:

Пайдаланылған әдебиеттер:

Кіріспе

Әлемдік тәжірибе тәуелсіздікті және тұрақты экономикалық өсімді дамыған жоғары зияткерлік индустрия болған кезде ғана қамтамасыз етуге болатындығын куәландырып отыр. Барлық дамыған елдердің ұқсас салыстырмалы нарықтық тетіктері мен заңдары бар, олар дегенмен де технологиялық басымдылықтың кепілі болып табылмайды. Табысқа жетуге қажетті және жеткілікті талап – барлық нарық құралдары жинағының болуы, сонымен қатар ғылыми мектептермен және қазіргі кездегі технологиялармен сабақтасқан зияткерлік меншікті патенттік қорғаудың тиімді жүйесінің болуы.

Жиырма бірінші ғасырда зияткерлік меншік, көбінесе технологияны немесе жаңа өнімді көшіруден қорғау құралы ретінде қаралған. Аз ғана уақыт өтісімен, зияткерлік меншікке жай ғана құқықтық функция ретінде қарауға болмайтындығы айқын болды. Білімнің белсенді қалыптасып келе жатқан экономикасы мүлдем жаңа бәсекелес ортаны тудырып отыр, онда ноу-хау мен өнертабыстардың айрықша құқықтарын иелену үшін күрес жүргізіледі, онда болашақ байлық тұқымы табиғи ресурстар емес, зияткерлік меншік болып табылады.

Қазақстан Республикасының ұлттық патенттік жүйесі маңызды стратегиялық ресурс болып табылады, оның потенциалды мүмкіндіктері шексіз. Әдетте, біздің мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігінің факторы ретінде бағаланатын патенттік жүйе ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық реформаларда маңызды рөл атқаруға тиіс және нарықтық қатынастарды кеңейтіп, елдің зияткерлік әлеуетін арттырудың қомақты факторына айналуы қажет.

Қолданылатын өнертабыстарды жүйелеуеу көпсатылы жүйе ретінде көрсетіледі. Белгілі өнертабыстарды жіктеуде пәндік-тематикалық (аймақтық), функционалдық және түсіну жүйесін құрудың аралас принципін қолданады.

Ресейде алғашқы өнертабыстарды жіктеу 1896 жылы енгізілген. Ол негізгі шағын бөлімдерді қамтыды. Олар рим сандарымен белгіленген.

Өнертабыстарды жіктеудің белгілі ұлттық жүйелері ретінде германдық, американдық, ағылшындық, жапондық жүйелерді айтуға болады.

1. 1906 жылы Германияда алғашқы рет германдық өнертабысты жіктеу жүйесі басылып шықты. Бұл жүйе көп уақытқа дейін Кеңес Одағы, Германия, Франция, Норвегия, Австрия, Дания, Нидерланды, Чехия, Швеция, Швейцарияда қолданылатын жүйенің негізі болып табылды.

Германдық жіктеу жүйесі негізінен, пәндік-тематикалық принципке негізделіп құрылған. Жіктеу рубрикасы не бұйымды, не технологиялық үрдістерді сипаттайды. Жүйеде 89 класс, 20 000 жуық рубрикаға негізделген. Германдық жүйе 4 категориялық рубрикадан тұрады: класс, классішілік, топ, топша. Бірақ та, жеке кластар сонымен бірге кластар мен қосымша шағын кластарға бөлінеді.

Кластар араб сандарымен белгіленеді (15), классішіліктер – латын әрпімен (35 в), бөлімдер (егер, берілген класта болса) - әріптің үстінде индекспен белгіленеді (21 а3), топтар – топшадан кейін үтір арқылы араб сандарымен, топшалар – екі мәнді сандар қисық сызықтан кейін.

Толық индексі былай көрінеді: Мысалы; 21 h, 30 02 немесе 21 h, 30/02.

Жіктеу жүйесін түсіну тек индекстер иерархиясын қамтамасыз ету арқылы ғана емес, сонымен қатар топшалар деңгейін түсінуді анықтайтын мәтінді орналастыру тәсілін қамтамасыз етеді. Бұл үшін МКИ (ӨХЖ) қолданылады.

Германдық жіктеудегі патенттік кластар тәртіп сақтай отырып, А дан Z дейінгі кластардың атауы неміс әріптерімен орналасу арқалы анықталады. Мұндай құрылым тиімсіз болып табылады. Мысалы; құрылыс жұмысына қатысты өнертабыстардағы кластар рубрикасымен индекстеледі. 19,37,80,84. сол себепті, германдық жіктеу жүйесінде ұқсас кластар, топтар немесе топшалар кең қолданылады.

Германдық өнертабыс жіктеу жүйесіндегі кең қолданылатын пәндік-тақырыптық принцип әртүрлі класқа қатысты бұйымдарды дайындайтын технологиялық процестердің ерекшелігін көрсетеді.

Германдық жіктеу жүйесін 1970 жылға дейін біраз өзгерістермен Кеңес Одағы қолданған.

2. Өнертабыстарды жіктеудің американдық жүйесі алғашқы рет 1830 жылы жарық көрді. Және өнертабыстарды жіктеудің негізгі жүйелерінің бірі болып табылады. Бұл жүйені құру функционалдық принципке негізделген. Осы принциппен қатар, өнертабыстың қай аймаққа жататындығы жөніндегі принцип, сонымен бірге пәндік-тақырыптық принцип те қолданылады. АҚШ-ғы өнертабыстарды жіктеу 300 жуық әрекет етуші кластарды және 100 мың рубрикаларды қамтиды. АҚШ-та кластар нөмірлерінің кезектілігі оның логикалық негізіне қатысы жоқ. Сол себепті, тақырыпқа жақын кластар барлық жіктеу жүйелерінде берілген.

Кластағы классішіліктердің саны әртүрлі: бірден бірнеше жүзге дейін барады. Жіктеу индексі сызықшамен бөлінген екі санмен көрсетіледі. Бірінші сан класты білдірсе, екіншісі классішілікті білдіреді. Мысалы; 2-17 индексі. Индекс классішіліктің класқа қатысты иерархиясын көрсетпейді, ол классішіліктің орналасуын анықтайды.

АҚШ-тың патенттік ведомствосымен дайындалған, тәртіпке сәйкес көрсетілген өнертабыс бір немесе бірнеше жіктеу индекстеріне негізделеді, жіктеу индексінің біреуі негізгі болып табылса, қалғаны қосымшалар болып табылады.

АҚШ-тың өнертабыстарды жіктеуі үнемі қарастырылады және оған өзгерістер енгізіліп отырылады. Сол себепті өнертабыстарды жіктеу жүйесіне қатысты анықтамалық-ізденістік аппараттардыңбарлық элементтері анықталған уақыт мерзіміне қатысты жарамды болып табылады.

3. Өнертабыстарды жіктеудің ағылшындық жүйесі ең бірінші рет 1852-1855 жылдар аралығында дайындалды. Бұл жүйе Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Американың көптеген елдерінің (Бразилия, Аргентина, Колумбия, Уругвай) өнертабыстарды жіктеуі үшін негізі ретінде қолданылған.

Өнертабыстарды жіктеудің ағылшындық жүйесіндегі УКИ Ұлыбританияның патенттік ведомствосымен 50 000 жасалған өнертабыстарына нөмірлер сериясымен берілді.

1978 жылы 1 маусымда кіріспе ретінде Ұлыбританияның жаңа патенттік құжаттары басылып шықты, ал 1979 жылы 1 қаңтарда өтініштердің жаңа нөмірлері әрекет етеді. Осыған байланысты бұрынғыдағыдай патенттік серияны анықтау үшін емес, жыл күнтізбесі аралығында әрекет ететін жаңа УКИ (А сериясы) жарық көрді. УКИ-дің А-сериясы өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Оған 152 классішіліктер қосылды, ал 115 классішіліктер толықтай қайта дайындалды. 1980 жылы В-сериялы УКИ шығарылды. Мұнда 70 классішілік қайтадан өңделген және 4 жаңа классішілік енгізілді. Өтініш үшін 1981 жылы С-сериялы УКИ жарық көрді. Әр УКИ бір-бірінен ерекшелене түседі және өзгерістермен толықтырылған, өнертабыстарды жіктеу жүйесінің жандануына және аймақтағы білім деңгейінің өсуіне байланысты. Кейбір классішіліктер толықтай қайтадан дайындалады, ал кейбіреулері жеке өзгерістермен қамтылады. УКИ-дің ақырғысындағы әріпті символдардың орнын сандар басады, олар машиналық өңдеу үшін тиімді. Бұл жүйенің жіктеу индекстері реферативтік патенттік журналда «ABRIdgments of Specificatiop» басылып шығып отырады.

Өнертабыстарды жіктеудің ағылшындық жүйесін МКИ-мен байланыстыру жөніндегі Конвенцияда Ұлыбританиямен қол қойғаннан кейін, 1963 жылы жаңа жіктеу енгізілді, ол 8 бөлімді қарастырады. Онда 40 класс, 420 классішілік және 50 000 рубрика бар. Бұл жаңа жүйеде жіктеудің иерархиялық жүйесінен ерекшелінетін фасеттік принцип қолданылады.

Негізгі бөлімдер 8 латын алфавитінің әріптерімен белгіленеді: А, В, С, Д, Е, F, G және Н. УКИ-дің әр бөліміне 2-8 дейін класс кіреді. Әр класс араб сандарымен белгіленген. Кластар классішіліктерден тұрады, олар УКИ-дің негізгі шағын бөлімдері болып табылады. Классішіліктер бөлімдегідей латын әріптерімен белгіленген. Классішілік қандай бөлімдерден тұратынын көрсететін негізгі бөлімдерді қамтиды, негізгі бөлімде сілтеме көрсетіледі, онда МКИ-дің рубрикасының сәйкестігі, сонымен қатар УКИ терминдерінің әрекет ету уақыты жөнінде.

Классішіліктердің көбі (В1С, В1М, В10 осылардан басқа) әртүрлі рубрикаларын қамтиды. Ұлыбританиядағы УКИ МКИ қарағанда ерекшеленеді, және топтар мен классішіліктерден басқа жіктеулерде кездеспейді және барлық рубрикалар шағын бөлімдер деп аталады.

4. Өнертабыстарды жапондық жіктеу басқа жіктеулерден ерекшелене түседі.

Жапондық УКИ-дағы кластар 1-136 дейінгі араб сандарын білдіреді. Ақырғы сан (136) 1961 жылы өзгертілген жоқ. Енгізілген кластар қосымша сандарды қамтиды, мысалы; 13 (7), 13 (9) және т.с.с. Әр класс өндіріс немесе техникалық аймақты қамтиды.

1971 жылы жапондық жүйені сараптауды кейінге қалдыру басылып шығатын өтініштер санын арттыруға алып келді. Сол себепті 1972 жылы бірінші маусымда Жапониядағы Патенттік ведомство тақырыптық серия бойынша кластарды бөлуге өзгерістер енгізілді. Жіктеуде өнертабыстар белгілерінің барлығы қамтылды, сол себепті жапондық бір өнертабыстар жазбаларында 8-9 дейін индекстер көрсетілген. 1980 жылы өнертабыстарды ұлттық жіктеудің орнына Жапонияда жіктеудің негізі ретінде МКИ енгізілді. Бірақ та, көп жағдайларда іздеуде НКИ қолданылады.

Әлемдік патенттік қордың көлемінің өсуі, халықаралық әріптестіктің дамуы өнертабыстардың бірлік жүйесін құруға алып келді.
Қорытынды

Өнертабыстарды жүйелеу – ғылыми-техникалық әдебиеттердің арнайы түрі ретіндегі патенттік құжаттардың ерекшелігі, патенттік құжаттардың арнайы жүйесін қолдану болып табылады.

Өнертабыстарды жүйелеу мынандай мақсаттарды көздейді: техникалық шешімдерді бөлу, сұранысқа сай патенттік құжаттарды және рубрикаға қатысты басқа да патенттік құжаттарды қамтамасыз ету. Өнертабыстарды жіктеу жүйесінің негізі болып, қордағы патенттік құжаттарды орналастыру және индекстеу табылады.

Қолданылатын өнертабыстарды жүйелеу көпсатылы жүйе ретінде көрсетіледі. Белгілі өнертабыстарды жүйелеуде пәндік-тематикалық (аймақтық), функционалдық және түсіну жүйесін құрудың аралас принципін қолданады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1 Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан .- Алматы: Жетi-Жаргы. 1999

2 Патентоведение. Учебник для вузов. / Под ред. В.А. Рясенцева. - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: Машиностроение , 1984. -352 с.

3 Патентное законодательство зарубежных стран. В 2-х т. : Переводы / Сост. Н.К. Финкель. М.: Прогресс. 1987. .- Т.1 - 656 с., Т.2 - 526 с.



4 Патентное право: Сборник нормативно-правовых актов// Составитель Т.Е. Каудыров, Э.З. Фаизова .- Алматы: Жетi-Жарғы. 1996

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет