Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет44/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   189
Суда еритін дәрумендер
Рибофлавиннің (В2) жеткіліксіздігі В1, Вб, РР дәрумендері тапшы 
болғанда күшейе түседі. ниациннің (РР) жеткіліксіздігі тамақта трип-
тофан аз болғанда жэне триптофаннан ниацин түзілуін туғызатын В1, 
В2 Вб дәрумендері тапшы болғанда күшейе түседі. Фолациннің әсері 
Ві1 дәруменімен тығыз байланысты. Өз кезегінде, В2 дәруменінің 
тиімділігі фолацин бар болғанда артады. бұл екі дәруменнің 
жеткіліксіздігі с дәрумені және В тобындағы басқа кейбір дәрумендер 
тапшы болғанда күшейе түседі. Қара нан және ірі тартылған ұннан 


73
пісірілген ақ нан кеңінен пайдаланылған жағдайда Ві жэне В2 
дәрумендерінің жетіспеушілігінен мүлде кұтылуға болады. кішкене 
балаларда кездесетін а және Д дәрумендерінің жетіспеушілігін бол-
дырмау оңай. сондықтан жетіспеушілігі елеулі қауіп болатын іс 
жүзіндегі бірден-бір дәрумен − с дәрумені. Оның организмдегі қорын 
толықтыру үшін қыста және ерте көктемде ерте пісетін көкөніс 
дастарқанға келгенге дейін ашыған капустаны көбірек жеу, итмұрын 
тұнбасын ішу, сондай-ақ с дәруменін препараттар түрінде (драже, 
таблетка) жеу керек. әрине, дәрумендерді таблетка күйінде емес, 
тамақ өнімдерімен алған жақсы. мұның үш себебі бар. Өнімдерде 
дәрумендердің әрекетін күшейтетін немесе олардың жақсы сіңуіне 
жәрдемдесетін заттар (соның ішінде микроэлементтер) болады. бұған 
қоса, өнімдерде бізге әзірге беймәлім биологиялық тұрғыдан белсенді 
заттар, соның ішінде дәрумендерде болады. бұлардың өздері-ақ 
белгілі бір дәрумендердің жетіспеуі нышандарын бәсеңдетуге 
жәрдемдесе алады. ақырында, дәрумендерді тамақпен қабылдау 
физиологиялық тұрғыдан неғұрлым дұрыс, өйткені олармен бірге 
өздерінің басқа түрге айналуын ыдырататын тамақтық заттар болады. 
Осы себепті, мысалы, перзентханаларда, балабақшаларда, бөбектер 
үйінде, балаларға арналған сүт асханасында, ауруханалар мен дема-
лыс үйлерде үшінші немесе тіпті бірінші тағамдардың өзіне дәрумен 
(негізінен, аскорбин қышқылын) қосады.
тиамин (В1 дәрумені, аневрин). тамақ құрамыңда тиамин немесе 
В дәрумені жоқ болса, бери-бери немесе полиневрит деген ауруға 
шалдығады. полиневрит кезінде нерв жүйкелері қабынады, жүректің 
қызметі бұзылады, асқазан ішек жолының қызметі бүлінеді, ас қорыту 
сөлінің секрециясы төмендейді, судың алмасуы бұзылады, ісік пайда 
бола бастайды.
азия және Оңтүстік америка материктерінде тұратын халықтардың 
арасында «бери-бери» ауруы ерте заманнан-ақ кең етек алып келгені 
белгілі. бұл нерв жүйесінің ауруы, әсіресе жапония, Шығыс азия, 
Филлипин аралдары, Оңтүстік америка сияқты күріш дақылын көп 
пайдаланатын елдерде жиі тараған. еуропа елдерінде «бери-бери» 
ауруы, керісінше, өте сирек кездеседі. мұның себебі, ондағы тұратын 
халықтардын негізгі тағамы күріш емес, олар қара нан, әртүрлі 
тағамдар мен көкөністерді жиі пайдаланады. голланд ғалымы Эйх-
ман 1890-1897 жылдары Ява аралында жүргізген зерттеулері кезінде 
мынаны байқады: адамның жегенінен қалған таза күріш берілген 
ғауықтарда «бери-бери» ауруының белгілері пайда болған. ал әртүрлі 


74
 
 

тағам қалдықтары берілген тауықтар бұл аурумен ауырмаған. Осы 
байкауларға сүйене отырып, жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде 
XX ғасырдың басында «бери-бери» ауруының негізгі себебі күріштің 
кебегінде көп кездесетін В дәруменінің (тиаминнің) жетіспеушілігінен 
екені анықталған.
Организмде В1 дәруменінің жетімсіздігінен нервтердің жарақат-
тануының мәні – бұл дәрумен фосфор қышқылымен қосылып, тиамин-
пирофосфат деген зат түзеді. тиамин (Ві дәрумені) тиаминпирофосфат 
декарбоксилаза деген ферменттің құрамына кіреді. Денеде Ві дәрумені 
жетіспегенде, ферменттің белсенділігі азаяды да, қанда пирожүзім 
қышкылы көбейіп кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым келтіріп, 
адамды ауруға шалдықтырады. тиамин ашытқы, сәбіз, сүт, бауыр 
құрамында көп кездеседі. бұл тағамдарда тиамин таза, не қосынды –
тиамин пирофосфат және кокарбоксилаза түрінде кездеседі. В1 
дәруменінің таза кристалды препараты 1926 жылы күріш кебегінен 
бөлініп алынды.
В1 дәрумені зат алмасуға, әсіресе көмірсулардың, организмдегі 
түрлі химиялық өзгерту үдерістеріне өте кажет. Өйткені ол осы 
үдерістерге қатысы бар ферменттердің құрамына кіреді.
В1 дәруменінің организмнің түрлі зиянды әсерлерге қарсы күресу 
кабілетін арттыруда мәні зор. күнделікті тағамда бұл дәрумен 
жеткіліксіз болса, нерв жүйесі зақымданады. сөйтіп, полиневрит, яғни 
нерв жүйелерінің ауруы пайда болады. жоғарыда айтылған «бери-
бери» ауруының негізгі себебі де осында.
«бери-бери» ауруымен ауырғанда, адамның жүру қабілеті нашар-
лап, кібіртіктеп жүреді, организмнің жалпы әлсіреуі байқалады. 
тамаққа тәбеті тартпайды, салмақ кемиді. аяқ-қолдың шаншып 
немесе сыздап ауруы пайда болады, сол ауырған жерлердің сезіну 
қабілеті нашарлайды. бұлшық еттер тартылып, солып қалады. жүрек 
қысылып, тамыры жиі соғатын болады. тиаминнің организмде 
жетіспеуінің негізгі себептерінің бірі - оның тағам құрамында аз 
болуы. жоғарыда көрсетілгендей, Ві дәрумені қауызынан тазаланбаған 
күріште, ірі тартылған ұнда, тағы баска өсімдік тағамдарында 
кездеседі. сүтте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда, бүйректе, 
етте көп болады. Организм тәулігіне орта есеппен 2-3 миллиграмм 
тиаминді керек етеді.
В2 дәруменінің көздің көру үдерісінде де үлкен мәні бар. әсіресе 
бұл дәрумен а дәруменімен бірге қараңғы түсе көздің көруіне және 
әртүрлі түсті айыруына кажет.


75
В дәрумені организмнің көптеген маңызды функцияларын, ең 
алдымен көмірсу алмасуын, сондай-ақ амин қышқылдары алмасуын 
реттейтін ферменттердің құрамына кіреді. Ол орталық және шеткері 
жүйке жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
В дәрумені бұршақ тұқымдастарда (бұршақта − 0,8 мг/%, үрме бұр-
шақта − 0,5 мг/%), кейбір жармаларда (сұлы жармасында − 0,5 мг/%, 
тарыда − 0,4 мг/%,), шошқа етінде (0,5-0,6 мг/%), II сортты бидай 
ұнының нанында (0,23 мг/%), бидай нанында (0,18 мг/%) біршама көп. 
нан пісіргенде салатын ашытқыда 0,6 мг/% В, дәрумені болады.
В дәрумені көкөніс (0,02-0,10 мг/%) пен жемістің көбінде (0,01-
0,06 мг/%), жоғары сортты ұннан пісірілген нанда (0,11 мг/%) аз. 
Өнімдерді қуыру кезінде бұл дәруменнің 20 −40 проценті жойылады.
ересек адам үшін В1 дәруменінің тәуліктік қажет мөлшері − 1,7 
миллиграмға жуық рационның құрамы В1 дәруменін қажетсінуіне 
ықпал жасайды. көмірсулар көп тамақ, алкоголь В1 дәруменін 
қажетсінуді арттырады. екінші жағынан, рационда май мен ақуыз 
көбейсе, бұл дәруменді қажетсіну біршама азаяды. В1 дәрумені 
жетіспеген жағдайда нерв жүйесінің қызметі бұзылады, ұйқы қашады, 
ашушаңдық байқалады, жүрек-қолқа (артериялық гипотония) және ас 
қорыту жүйесі тарапынан кінәраттар байқалады.
біздің елімізде тиаминің тәуліктік орташа тұтынылуы – 1,6-1,7 
миллиграмм, яғни нормаға жақын. алайда зерттеулер мынаны 
көрсетіп отыр: қазіргі уақытта В дәруменінің жетіспеушілігі 
(оның жетіспегендегі көрінісі – «бери-бери» ауруы) қалай деген-
мен де кездеседі, бала емізетін бар әйелдердің тамағында тиамин аз 
болса, ол балада азды-көпті шамада байқалады, кейде ересек бала-
лар мен жасөспірімдерде де болады. ересек адамдарда тиаминнің 
жетіспеушілігі көбіне алкоголизм жағдайында және тамақта 
көмірсулар (негізінен, қант және кондитер тағамдары) басым болған 
жағдайда байқалады.
В1 дәруменін толықтыру үшін, тамақ рационында бұршақ 
тұқымдастарды, жармаларды және ірі тартылған ұннан пісірілетін 
нанның құрамын көбейту керек. бұл дәруменнің жеткіліксіздігін бол-
дырмау үшін еліміздің кейбір аудандарында (Қиыр солтүстікте жэне 
т.б.) жоғары сортты ұнға дәрумен қосылады. мысалы, 100 г жоғары 
сортты бидай ұнына (әдетте, 0,4 миллиграмм В2 дәруменін және 2 мг 
РР дәрумені араластырып) 0,4 мг В1 дәруменін қосады.
сонымен қатар В1 дәруменінің тым көп болуынан да сақтану 
керек. көптеген адамдар (6 процентке дейін) В1 дәруменінің тым 


76


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет