Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет43/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   189
70
 
 

Дәрумендер.
барлық тағамның құрамында кездесетін төменгі 
молекулалы органикалық заттар дәрумендер деп аталады. астың 
құрамында дәрумендер аз мөлшерде кездескенімен, олардың орга-
низмге тигізетін әсері өте көп.
Дәрумендер микронутриенттерге жатады. Олар адам организміне 
микро мөлшерде ғана керек, оларға деген тәуліктік қажеттілік мил-
лиграммен немесе микрограммен өлшенеді. Витаминдер тағаммен 
түсетін алмастырылмайтын тағамдық заттар болып табылады. Олар – 
организмнің барлық өмірге маңызды функцияларына қатысатын 
ферментативтік катализге, биохимиялық үдерістердің қалыпты 
жүруіне қажетті төмен комолекулярлық органикалық қосындылар.
Дәрумендер жапсыру материалы, не энергия көзі емес, олар зат 
алмасуында кейбір биохимиялық және физиологиялық үдерістерде 
катализаторлар мен реттегіштер ретінде жұмыс атқарады. мысалы, 
көптеген дәрумендер ферменттердің құрамына кіреді. адам 
организміндегі барлық ферменттер негізгі екі құрауыш – апофермент-
тен (белоктық құрауыш) және коферменттен (құрауышқа витаминдер 
және микроэлементтер кіреді) құралған.
танымал 13 дәруменнің төртеуі (а, Д, е және к дәрумендері) майда 
еритіндер болса, ал қалған 9 (В1, В2, В6, В12, с дәрумендері, био-
тин, фолий, никотин және пантотен қышқылдары) суда еритіндерге 
жатады. майда еритін дәрумендер организмге май құрамдас 
тағамдармен енеді, олардың сіңуіне май қажет. адам организмі 
дәрумендерді синтездемейді, тек қана Д дәрумені күн сәулесі немесе 
ультракүлгін сәулелену кезінде адам терісінде синтезделуі мүмкін. 
Дәрумендер, а және Д дәрумендерден өзгелері, организмде қорға 
жинақталмайды, сондықтан олар күнделікті тағаммен жеткілікті 
мөлшерде қабылдануы керек.
Дәрумен емес қосындылар − организмде олардың бастапқы туын-
дысы болып табылатын заттарды провитаминдер деп атайды. Оларға 
организмде ретинол (а дәрумені) түзумен ыдырайтын каротиноид-
тер, сонымен қатар Д дәруменінің бастапқы туындысы болып табы-
латын стерин жатады. каротиноидтердің негізгі өкілі β-каротиннің 
12 мг-ынан организмде 1 мг ретинол (а дәрумені) түзіледі. а 
дәруменінің негізгі қоры ретінде көкөністер мен жемістер танымал. 
β-каротинге сары және қызғылт сары көкөністер мен жемістер бай, 
өйткені бұл түске олар β-каротин арқасында ие болып отыр.
белгілі бір биологиялық белсенділікке ие дәрумен тәріздес заттар 
да бар, бірақ олар дәрумендер сияқты өмірге аса қажет болып табыл-
майды.


71
Оларға биофлавоноидтар, холин, инозит, карнитин, липой 
қышқылы, орот, пангам және парааминобензой қышқылдары жатады. 
Олар алмастырылмайтын тағамдық заттарға жатпайды, алайда 
тағамның биологиялық белсенді қоспалар жатады.
Қазіргі уакытта дәрумендер тобына жататын заттар өте көп.
әріппен белгілеу ескіру салдарынан ыңғайсыздық тудыра бастады, 
әрі күнделікті зерттеулер нәтижесінде табылған дәрумендер санының 
көбеюіне байланысты, олардың биологиялык және химиялык 
қасиеттері толық қамтылмады. соңғы кезде дәрумендер жіктеп үлкен 
4 топка бөлінеді:
1) алифатикалык дәрумендер қатары (аскорбин қышкылы);
2) алициклді дәрумендер қатары;
3) ароматикалық дәрумендер қатары;
4) гетероциклді дәрумендер қатары.
Осылардың ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен тара-
лып, жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатын су мен май-
ларда еритін дәрумендерге тоқталуды жөн көрдік.
суда еритін дәрумендерге: тиамин, рибофлавин, пантотен 
қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, 
аскорбин қышқылы, биотин, инозит, холин, рутин, фолий қышқылы
парааминобензой қышқылы және т.б. (Ві, В2, В3, В5, В6, В12, В5 РР, с, 
н, Р және т.б.) енеді.
майда еритін дәрумендерге: ретинол, кальциферол, токоферол, 
филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары (а, Д, 
е, к, с) және т.б. кіреді.
Қазіргі кезде 30-дан астам дәрумендер түрлері ашылды. суда еритін 
дәрумендер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына 
кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің белсенділігі жоғарылатады. 
керіде әсер етеді. суда жақсы еритін дәрумендер түрі өте көп. бұл 
дәрумендердің адам организміне қабылдану мөлшері де түрліше 
болады.
Дәрумендер организмде тотығу-тотыксыздану реакциясына түседі. 
Дәрумендерге: бауыр, бүйрек, жүрек, ішек-қарын, жұмыртқа, ет-сүт, 
май, нан, жеміс-жидектер өте бай келеді. Дәрумендерді организмнің 
қажет етуі тамақтану режимі кезінде өзгеруімен бірге, сол сияқты 
кейбір физиологиялық және патологиялық жағдайларда да күшті өседі. 
ал дәрумендерді көп мөлшерде пайдалану гипервитаминоз 
құбылысының тууына әкеледі. тамақ азықтарында дәрі-дәрмек-
тік өсімдіктер мен баска да заттардың құрамында кездесетін 


72
 
 

витаминдерді түрлі түсті сапалық реакциялар көмегімен ашуға 
болады. Дәрумендерге салалық реакциялар жүргізу кезінде шыққан 
зерттеу жүмыстарының нәтижелерін төмендегідей кестеге түсіру өте 
ыңғайлы болады.
Дәрумені бар өнімдер жоқ не аз болған жағдайда дәрумендердің 
«гексавит» үлгісіндегі кешенді препараттарын қабылдау керек. 
Өйткені егер адамда қайсыбір дәрумен жетіспейтін болса, онда пре-
парат мұның орнын толтырады, ал суда еритін дәрумендер (ал бұлар 
кешенді препараттардың басты бөлігін құрайды) тым көп болса, олар 
организмнен несеппен және нәжіспен бірге шығарылып тасталады. 
бұған қоса, кешенді препараттар дәрумендердің табиғи арақатынасын 
бұзбайтындай болып құралған, ал бір дәруменді қабылдаған жағдайда 
бұл арақатынас бұзылмай қоймайды. майда еритін дәрумендерге кел-
сек, оларды (тегінде, а вдәруменінен басқасын), негізінен, балалар 
қабылдауы және міндетті түрде дәрігердің қадағалауымен қабылдауы 
керек. ал бәрінен дұрысы – бұл дәрумендердің жеңуі.
Дәрумен алмасуды дұрыстау үшін, арнайы зерттеулер – көрсет-
кендей, жеңіл дене қимылы, жеңіл дене жаттығулары керек. таңертеңгі 
дене шынықтыру да – денсаулық «дәрумені». Дәрумендердің 
жеткіліксіздігі (гиповитаминоз және авитаминоз) – цивилизацияның 
ауруы. біздің ата-тегіміз өсімдік тағамымен тамақтанған, жыл бойы 
күн кезінде жүрген, жүріп-тұруы көп болған және дәрумендер 
жетпейтін қиындық көрмеген. талай ғасыр өткеннен кейін адам-
дар неғұрлым солтүстік аудандарға коныстанды, киім киетін, үй 
салып алып тұратын болды, неғұрлым көз тартарлық және сол кезге 
сай дәмді тамақ дайындап ішетін − күрішті ақтап, дәнді қабығынан 
аршып, ақ нан пісіретін болды, өздерін дене еңбегінен босатқан маши-
налар ойлап шығарды. содан барып гипо және авитаминоздар шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет