91
1 ретинол теңбе-тең
(RE)’=
{
1 мкг транс-ретинол;
1,147 мкг транс-ретинин ацетаты;
1,832 мкг транс-ретинин пальми-
таты;
3,33 ме а дәруменінің белсенділігі;
6 мкг β-каротин.
ескерту. 1ме β-каротин = 0,6 мг β-каротин = 0,1 мг ретинол = 0,333
ме а дәруменінің белсенділігі (FAO/WHO).
а дәруменінің жануарлардан алынатын
көздерінің шектеулілігі
құрамында β-каротині бар өсімдікті өнімдерді жеткілікті түрде
тұтынудың ерекше маңызын, сондай-ақ жаппай тұтынылатын тамақ
өнімдерін байыту қажеттілігін анықтайды.
Каротиндер мен каротиноидтер.
жануарлар
өнімдері мен
өсімдіктерге түс беретін сары немесе сары-қызғылт сары түсті табиғи
баяғыш заттарды каротиноидтер деп атайды. табиғатта каротиноид-
тер бос күйінде және глюкозоидтер, каротинпротеиндер немесе эфир-
лер түрінде кездеседі.
Қазіргі уақытта анықталған 500 астам табиғи каротиноидтер арасы-
нан бояғыш екі топажыратылады: біріне – көмірсутегілер, екіншісіне –
әртүрлі оттегісі бар қосылыстар кіреді. бұл ретте каротиннің 4
изомері бар – α, β, γ, δ-каротиндер. екінші топқа рубиксантин, лютеин,
зеаксантин, флавоксантин, виолаксантин, ксантофилл, криптоксантин
жатады.
каротин табиғатта изомерлер қоспасы түрінде кездеседі, негізінен,
β-каротин басым (85 % дейін). Қазіргі уақытта биологиялық белсенділігі
басым табиғи β-каротиннің қасиеттері зерттелген. Осылайша, оның
белсенділігін 100%
деп алсақ, онда α-каротиннің белсенділігі – 53%,
γ-каротин – 28% құрайды, ал қалған каротиноидтердің белсенділігі
төмен немесе мүлдем белсенді емес.
адам тағамында каротиноидтерді іс жүзінде пайдалану олар мен
а дәруменінің арасындағы биологиялық белсенділікке негізделеді.
адам ағзасында а дәрумені β-каротиннен синтезделеді. β-каротиннің
белсенділігі а дәруменінің белсенділігінен екі есе кем. β-каротинді а
дәруменіне қайта есептеу факторы 6:1 құрайды (6 мг β-каротин рети-
нол түріндегі а дәруменінің 1 мг сәйкес келеді).
каротиноидтер медицинада кеңінен қолданылады.
Олар кейбір
офтальмологиялық және онкологиялық ауруларды емдей алады,
92
ағзаның қорғаушы қызметін арттырады,
өсуді ынталандырып, фото-
дерматоздардан қорғайды. каротин оттегінің жасушалық мембрана-
лары арқылы тасымалдануына қатысады және табиғи антиоксидант
болып табылады және күйіктер мен үсулерде
ауырсынуды басатын
дәрі ретінде қолданылады.
антиоксидант ретінде β-каротин бос радикалдарды бейтарап-
тандыруға көмектеседі, тізбекті реакцияның дамуын тежейді.
тамақ өнеркәсібі мен қоғамдық тамақтануда β-каротин кондитерлік
өндірісте сары майға, маргаринге,
макарон өнімдеріне, ірімшік пен
балмұздаққа түс беру үшін қолданылады.
Өнімнің тауарлық түрлері: β-каротин (е160а); май ерігіш түрі
β-каротин – 30%-дық FS; су ыдыратқыш түрлері: β-каротин 10%-дық
CWS (суық суда еритін); β-каротин – 5%-дық EM (эмульсия); β-ка-
ротин – 1%-дық CWS (суық суда еритін). тағамдық мақсатта сондай-ақ
ликопин каротиноиді-ликопин 10% WS қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: