Абжанова сокращенная indd


Рациондағы ақуыздық қосылыстар ең қолайлы



Pdf көрінісі
бет59/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   189
Рациондағы ақуыздық қосылыстар ең қолайлы.
тамақ 
өнімдерінің ақуыздары (бұлар туралы біз кейінірек неғұрлым толық 
айтамыз) адам (ересек адам) үшін алмастырылмайтын 8 және алма-
стырылатын 12 амин қышқылынан тұрады. Дұрыс тамақтану үшін 
амин қышқылдарының алмастырылмайтындары да, алмастырылатын-
дары да белгілі бір мөлшерде қажет болады. алмастырылмайтын және 
алмастырылатын амин қышқылдарының қандай арақатынаста керек 
болатыны адамның жасына байланысты.
алмастырылмайтын амин қышқылдары мектеп жасына дейінгі 
балалардың тамағында амин қышқылдары жиынтығының – шамамен 


106
 
 

40 проценті, мектеп оқушыларының тамағында – 16 процент болуға 
тиіс, яғни ақуыздың тәуліктік нормасы (ересек адам үшін) 80-90 грамм 
болғанда, ең қолайлы арақатынаста 13-14 грамм алмастырылмайтын 
амин қышқылдары тұтынылуы керек. кейбір деректерге қарағанда, 
алмастырылатын амин қышқылдары арақатынасының да маңызы 
болғанымен, ол онша елеулі емес.
алмастырылмайтын да, алмастырылатын да амин қышқылдарының 
бәрі ең қолайлы арақатынас болатын немесе таным ақуыз деп ата-
латын ақуыз табиғатта кездеспейді. алайда жануарлардан алына-
тын, етте, балықта, құста, жұмыртқада, сүтте және сүт өнімдерінде 
болатын ақуыздар толымды ақуыздар деп есептеледі, өйткені 
оларда алмастырылмайтын амин қышқылдары таным ақуыздағыдай 
немесе ондағыдан да көп. Өсімдіктен алынатын ақуыздардың басым 
көпшілігі толымды болмайды. Өйткені оларда алмастырылмайтын 
кейбір амин қышқылдарының мөлшері таным ақуыздан анағұрлым аз. 
мысалы, бидай мен қарабидайдың ақуыздарында, демек, бидай наны 
мен қарабидай нанының ақуыздарында лизин мөлшері жеткілікті емес 
(ең қолайлы деген мөлшерден 2 есе дерлік аз), сондай-ақ треонин, изо-
лейцин және валин мөлшері де жеткілікті болмайды.
күнделікті өмірде адам тамаққа, әдетте, малдан алынатындарын 
да қамтитын ақуыздар қоспасын пайдаланады. бұл қоспа таным қоспа 
емес, сондықтан егер таным ақуыздың биологиялық бағалылығын 100 
процент деп алсақ, еліміздің халқы үшін ол қоспаның биологиялық 
құндылығы 70 процент болады. сөйтіп, адамға бір тәулікте 
қанша ақуыз керек болатындығы ақуыздың сапасына байланы-
сты: тұтынылатын ақуыздар неғұрлым толымды болмаса, тәуліктік 
норма соғұрлым жоғары (ақылға қонымды шекте) болуға тиіс және, 
керісінше, тұтынылатын ақуыздар кұрамы жөнінен таным ақуыздарға 
неғұрлым жоғары болса, бұл норма соғұрлым төмен болуға тиіс (тео-
рия бойынша 56-63 грамм). Өсімдіктен алынатын ақуыздар толымды 
болмаса да, олар адамның тамағында елеулі рөл атқарады. малдан 
алынатын ақуыздар мен өсімдік ақуызының ең қолайлы арақатынасы 
60 : 40-тан 50 : 50-ге дейін (өсімдіктен алынатын ақуыздың сапасына 
байланысты), ал орта есеппен 55 : 45 болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет