Негізгі алмасу
дегеніміз – адамға барынша тыныш күйде тіршілік
етуге қажетті энергияның ең аз мөлшері. мұндай алмасу, әдетте,
жайлы жатып ұйықтаған кезде өтеді. Ол көбінесе күш жұмсамайтын
дене еңбегімен шұғылданатын «өлшем» еркекке (жасы – 30-да,
денесінің салмағы – 65 килограмм) немесе «өлшемі» еркекте орта есеп-
пен 1600 килокалорияға, әйелде 1400 килокалорияға тең. Ол адамның
жасына (кішкентай балаларда салмақтың бір өлшеміне шаққанда
ересек адамнан 1,3-1,5 есе артық), дененің жалпы салмағына (осы
себепті көбіне негізгі алмасуды 1 сағатта 1 килокалория жұмсалады
деп ұйғарып, дене салмағының 1 килограмына шағып есептейді),
тұрмыстың сыртқы жағдайлары мен адамның жеке ерекшеліктеріне
байланысты. Үнемі күш жұмсайтын дене еңбегімен шұғылданатын
адамдарда негізгі алмасу, әдетте, едәуір (30 процентке дейін) көбірек.
Достарыңызбен бөлісу: |