114
Тамақтанудың дұрыс режимінің үшінші қағидасы – әрбір тамақ
ішкен сайын ұтымды болуын барынша сақтау.
мұның өзі – әр тамақ
ішкен сайын (таңертеңгі, түскі, кешкі ас) тағамдардың түр-түрі адам
организміне
ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, дәрумендер
мен минералды заттардың неғұрлым қолайлы арақатынаста түсуі
жағынан ойластырылуға тиіс деген сөз.
Тамақтанудың дұрыс режимінің төртінші қағидасы – тамақ
мөлшерінің бір күнде тамақтану мезгілдері бойынша физиологиялық
тұрғыдан неғұрлым дұрыс бөлінуі.
көптеген бақылаулар адам
таңертеңгі ас пен түстікті тәуліктік рациондағы калориялардың
жалпы мөлшерінің үштен
екісінен астамын, ал кешкі аста үштен
бірінен кемірегін алатын болса, осы режимнің адамға неғұрлым пай-
далы екенін көрсетіп отыр. тәулік ішінде таңертеңгі, түскі, кешкі ас
ішетін уақыт адамның өндірістік қызметіне байланысты, әлбетте,
әртүрлі болуы мүмкін. алайда таңертеңгі ас пен түстіктің арасындағы
уақыт 5-6 сағат және түстік пен кешкі астың арасындағы уақыт та 5-6
сағат болғаны дұрыс. жүргізілген зерттеулер негізінде кешкі ас пен
ұйықтау арасында 3-4 сағат өтуі керек деп ұсынуға болады.
«тәбетіміз тартпағандықтан, таңертең
дұрыстап тамақ іше алмай-
мыз», – деп шағынатын адамдар өте көп. мұндайда біз 20-30 минут
ертерек тұруға, сөйтіп, бұл уақытты таңертеңгі гимнастикаға, жуынып-
шайынуға, денені дымқыл орамалмен ысқылауға немесе белуарға
дейін суық сумен жуынуға жұмсауға ақыл береміз. таңертеңгі гим-
настикадан кейін көшеге шығып, бірнеше минут «бүлкектеп» жүгіріп
алу немесе, егер денсаулығың көтерсе, біраз қашықтыққа жүгіріп келу
өте пайдалы. Осы қарекеттердің бәрі организмнің энергия жұмсауын
көбейтіп, тәбет арттырады. бұлардың өте пайдалы болатын тағы бір
себебі – олар парасимпатикалық жүйке жүйесінің тонусын күшейтіп,
симпатикалық жүйке жүйесінің тонусын төмендетеді; ал сипатикалық
жүйке жүйесі тонусының артуы: тіршілік қарқынының жеделдеуі,
жүйкеге күш түсуі, қарбалас жағдайлардың көбеюі, дене күшінің пай-
даланылмауы сияқты себептерден болады.
тамақтанудың дұрыс режимі дамуы қалып келе жатқан балалардың
организмі үшін ерекше маңызды. жаңа туған баланы 3-3,5 сағат сайын
емізген дұрыс.
тамақтану режимін өзгермейтін нәрсе деп қарауга болмайды.
тұрмыс жағдайларының өзгеруі оны өз ыңғайына ойыстырады.
мұның үстіне, тамақтану режиміне бірте-бірте ас қорыту жүйесін
белгілі бір дайындақтан өткізу мақсатымен өзгеріс енгізіп отыру керек.
115
бейімділікті күшейту жөніндегі басқа да үдерістер сияқты,
мұндай
жағдайда да тамақтану режиміндегі өзгерістердің тым көп жасал-
мауын есте ұстау керек, яғни олар тамақтану режимін өрескел бұзу
болып шықпай, физиологиялық тұрғыдан жол берілетін ауытқулар
болуға тиіс.
алайда тамақтану режимінің бұзылатын реттері, ал кейде
әжептәуір бұзылатын реттері өте жиі кездеседі.
тәулік ішінде тамақтанудың мынадай сипаты режимді бұзудың жиі
кездесетін түрі болып табылады: таңертең
жұмысқа кетер алдында
тамақ мүлдем аз ішіледі (не мүлдем ішілмейді – бір стакан шай не
кофе ғана ішіледі); жұмыста түскі тамақ жөнді болмайды, кейде бутер-
бродпен шектеледі, жұмыстан келгеннен кейін үйде кешкі тамақ тым
көп ішіледі. іс жүзінде тәулігіне бұлайша екі рет тамақтану әдетке
айналса, денсаулыққа едәуір зиян тигізуі мүмкін. біріншіден, кешке
тамақты тым көп ішу миокард инфарктінің, гастриттің, панкреатиттің,
жара ауруының өршу қаупін едәуір күшейтеді (басқаша айтқанда,
қатер факторы болып табылады). тамақ неғұрлым көп ішілсе,
адамның қанында липидтер (майлар) соғұрлым күштірек
және ұзақ
уақыт шоғырланады, ал мұның өзі, көптеген зерттеулер көрсеткендей,
организмде атеросклероздың асқынуына әкеліп соғатын өзгерістердің
пайда болуымен белгілі бір байланыста болады. Шамадан тыс ішкен
тамақ асқазан мен ұйқы безінің ас қорытатын сөлдерінің көп бөлінуіне
әкеп соғады. бірқатар жағдайларда мұның өзі біртіндеп асқазан
қызметінің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін, ол екінің бірінде гастрит
түрінде немесе асқазанның (не ұлтабардың), немесе ұйқы безінің жара
ауруы түрінде көрініп, көбінесе панкреатит болып шығады. мәселен,
ғылыми әдебиетте тамақтану рәсімін ғана сақтайтын адамдарда мио-
кард инфаркті мен асқынған панкреатит кездесетін жағдайлардың
едәуір көбейіп кететіні жазылған.
еңбек күші аяқталғаннан кейін кешкісін адамдар энергияны әдетте
аз жұмсайды. түнде ұйықтаған кезде оның жұмсалуы одан да аза-
яды. сондықтан кешкі тамақты көп ішкен жағдайда ішке барған
көмірсулардың дені толық қорытылмай, май ұлпасына барып жинала-
тын майға айналады. сөйтіп, тамақ рационының негізгі бөлігін кешке
ішіп, тамақтану режимінің бұзылуы адамның семіріп кетуіне себепші
болады.
тамақтану режимі бұзылуының әсіресе әйелдер тарапынан біршама
жиі кездесуі себебі – олар түскі тамақты дұрыстап ішудің (немесе ара-
116
сына аздаған үзіліс салып, тамақты тіпті екі-үш рет ішудің) орнына,
кондитер немесе ұннан пісірілген тағамдарды жиі жейді. көптеген
адамдар түскі тамақтың орнына әртүрлі
тәтті нан, тоқаш және бөлке
жей салуды жөн көреді.