117 ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАМАҚТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ. ТАМАҚТАНУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ Үйлестірілген тамақтану теориясы а.а.покровскийдің үйлестірілген тамақтану теориясына сәйкес,
ағзаның қалыпты тіршілік етуін оны тек қана қуат пен ақуыздың
тиісті мөлшерімен қамсыздандырып қоймай, сонымен бірге зат-
тар алмасуында арнайы орын берілген тамақтанудың көптеген тап-
тырмайтын факторлары арасында қарым-қатынасты қатаң сақтаған
кезде ғана қамтамасыз етуге болады. Рациондардағы жекелеген
заттардың мөлшерлестігін анықтайтын үйлестірілген тамақтану
тұжырымдамасы ағзаның тіршілік ету негізінде жатқан химиялық
үдерістерді сипаттайтын алмасу реакциялардың жиынтығын көрсетеді.
Эволюциялық дамудың барлық кезеңдеріндегі тамақтың ассими-
ляциялану үдерістерін анықтайтын негізгі заңдылықтың ережесі:
ағзаның ферментті жиынтығы тамақтың химиялық құрылымына
сәйкес келеді және осы сәйкестіктің бұзылуы көптеген аурулардың
себепшісі болады. бұл ереже тамақтың ассимиляциялануының
барлық кезеңдерінде және тағамдық заттардың: ішек-қарын жолында –
ас қорыту және сіңіру үдерістерінде, тағамдық заттарды тіндерге
тасымалдауда, жасушалы және ішкі жасушалы құрылымдарда –
жасушалық тамақтану үдерісінде, сондай-ақ ағзадан алмасу өнімдерін
бөлу барысында сақталуы тиіс.
жоғарыда көрсетілген ереженің сақталмауы ағзаның физио-
логиялық күйінің едәуір бұзылуына әкеліп соғады, сондықтан
оның қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз ету үшін тамақ құрамына
міндетті түрде тамақтанудың таптырмас факторлары болып табы-
латын заттар міндетті түрде кіруге тиіс. ағзаның ферментті жүйе-
лерімен синтезделмейтін олардың химиялық құрылымдары зат
алмасудың қалыпты жүруі үшін қажет. адамның тағамдық заттар мен
қуатқа деген қажеттілігі жөніндегі заманауи көзқарастар 7 кестеде
көрсетілген.
ақуызды заттар бойынша үйлесімді ас үлесін анықтауда амин
қышқылдарының жекелеген мөлшерлестігін сақтауға жете назар
аудару қажет. бұл ақуызды сіңіру мен синтездеу үдерісінің қажетті
деңгейін қамтамасыз ету үшін маңызды. тамақ ақуыздары әрбір тамақ
жеген кезде амин қышқыл құрамы үйлесімді болған жағдайда жақсы
сіңіріледі.
118 ас үлесіндегі таптырмайтын амин қышқылдарының тапшылығы
немесе оның үйлесімді болмауы (яғни амин қышқылдарының
арасындағы оңтайлы қатынастардың бұзылуы) өсу мен дамудың
кешеуілдеуіне, сондай-ақ бірқатар басқа бұзылулардың туындауына
әкеліп соғады.
Үйлесімді амин қышқылды құрамның қажеттілігі оларды
толығырақ сіңіру мүмкіндігінен ғана туындап қоймай, осы ббз өзара
бейтараптандыратын әрекет етуінен туындайды. бұл жағдайлар
табиғи өнімдерді жекелеген амин қышқылдарымен байытуды жоспар-
лау кезінде ескерілгені жөн.
7-кесте
ересек адамның тағамдық және кейбір ббз деген орташа тәуліктің
қажеттілігі (тәулігіне 3000 ккал қуат жұмсаумен есептегенде)
тағамдық заттар
тәуліктік
қажеттілік
тағамдық заттар
тәуліктік
қажеттілік
1
2
3
4
су, г:
соның ішінде ауызсу
(су, шай, кофе,
шырын мен т.б.)
соның ішінде сорпа-
ларда
соның ішінде тамақ
өнімдерінде
ақуыздар, г:
жануарлар, г
таптырмайтын амин
қышқылдары, г:
триптофан
лейцин
изолейцин
валин
треонин
лизин
метионин
фенилаланин
ауыстырылатын амин
қышқылдары, г:
гистодин
аргинин
1750-2200
800-100
250-500
700
83-100
45-55
1
4-6
3-4
4
2-3
3-5
2-4
2-4
2
тағамдық талшықтар, г:
жасұнық, пектин
майлар, г:
өсімдік майлары
Холестерин, г
Фосфолипидтер
(лецитин мен т.б.), г
Органикалық
қышқылдар (алма, сүт
пен басқалары.), г
кальций
са:Р арақатынасы
фосфор
натрий
калий
хлор
Ca:Mg арақатынасы
магний
темір
мырыш
марганец
хром
жез
20-25
10-15
80-100
20-25
6-10
0,3-0,6
5
800-100
1:1,5
1000-1500
4000-6000
2500-5000
5000-7000
1:0,7
300-500
15
10-15
5-10
2-2,5
2
119 7-кестенің жалғасы
цистин
тирозин
аланин
серин
глютамин қышқылы
аспарагил қышқылы
пролин
гликокол
көмірсулар, г:
крахмал
қант, г
минералды заттар, мг:
РР (никотин
қышқылы)
пантотен қышқылы
(В
3
дәрімені немесе
В
5
),
а дәрумені (әртүрлі
пішіндер),
биотин,
Холин хлориді
5-6
2-3
3-4
3
3
16
6
5
3
400-450
50-100
2
15-20
5-10
1,5-2,5
0,15-0,3
500-1000
кобальт
молибден
селен
фтор
йод
Дәрумендер, мг:
с (аскорбин
қышқылы)
B1 (тиамин)
В6 (пиридоксин)
В12 (кобаламин)
В2 (рибофлавин)
Р (рутин)
Фолий қышқылы
(фолацин)
е дәрумені
(әр түрлі пішіндер)
к дәрумені
(әр түрлі пішіндер)
липой қышқылы
инозит
биофлавоноидтар
Д дәрумені, ме/мкг
Энергетикалық
құндылығы, ккал/кДж
0,1-0,2
0,5
0,5
0,5-1,0
0,1-0,2
70-100
1,5-2
2-3
0,002-0,003
2,0-2,5
25
0,2-0,4
2-6
0,5-2,0
3-5
500-1000
30-50
100-400/2,5
1800/42
таптырмайтын толық қанықпаған майлы қышқылдар ағзаның
қалыпты дамуы үшін ғана қажет емес, сонымен бірге холестерин
алмасуына қолайлы әрекет етуі мүмкін. ас үлесіне өсімдік майларын
шамамен 1/3 қосу ең оңтайлы болып табылады. Өсімдік майларының
биологиялық құндылығы тек қанықпаған майлы қышқылдардың
болуына ғана емес, оларда жоғары сапалы фосфатидтердің токоферол-
дардың болуына да байланысты.
ағзаның ферментті және гормондық жүйелерді құруға қолданы-
латын тіршілік етуге қажетті дәрумендер мен микроэлементтер
мөлшерін сипаттайтын мәндер 7-кестеде көрсетілген.
Дәрумендер мен микроэлементтерге деген қажеттілік тамақтану
сипатына, жасына, физиологиялық, кәмелеттік жасқа байланысты
қажеттілікке қарай өзгеруі мүмкін.
120 нәтижесінде, үйлесімді тамақтану қағидасы ағзаның тіршілік
етуіне маңызды заттардың қандай да бір тобымен ғана шектеле
алмайды. Үйлесімді немесе үйлесімді емес тамақтануды бағалауда
қолданыстағы өзара тәуелділіктерді толық есепке ала отырып,
тамақтанудың таптырмайтын факторларының барлық кешеніне
бағытталуға тиіс.
Оңтайлы тамақтану деп дұрыс ұйымдастырылған және физио-
логиялық талаптарға сәйкес келетін ағзаны жақсы дайындалған, дәмді,
құндылығы жоғары, оның дамуы мен қызмет етуі үшін түзілмейтін
таптырмайтын тағамдық заттарының тиісті мөлшері бар тағамды
айтамыз.