Абжанова сокращенная indd


Дұрыс тамақтанудың үшінші қағидасы – тамақтану режимі



Pdf көрінісі
бет64/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   189
Дұрыс тамақтанудың үшінші қағидасы – тамақтану режимі. 
көптеген адамдар өздерінің тамақтану режимін тәбетіне қарай 
белгілейді. тәбет деген не және оған қалай қарау керек? Қарны ашу 
сезімі әркімге де белгілі, оның өзі адам организміне дұрыс тіршілік 
ету үшін тамақтың жаңа бір мөлшері керектігі туралы хабар береді, 
зат алмасу үдерістерінде жұмсалған энергияның, жұмсақ заттардың, 
дәрумендер мен минералды заттардың тамақпен келетіні белгілі. 
бұл сезімнің физиологиялық-биологиялық мәні толық анықталған 
жоқ. мидың үлкен жарты шарының қабығында әртүрлі соққыдан: 
қанда глюкозаның (қанттың) мөлшері кемігендігінен, асқазанның 
бос қалғандығынан және басқаларынан қозатын тамақ орталығы 
дейтін бар деп жорамалданады. тәбеттің өзі тамақ орталығының 
қозуынан болады, ал тәбеттің қандай болатыны тамақ орталығының 
қаншалықты қозуына байланысты. алайда тамақ орталығы қозуының 
инерциясы нәтижесінде тамақ ішкеннен кейін де тәбет біраз уақыт 
сақталып қалады. мұның өзі қоректік заттардың қорытылып, сіңірілуі 


112
 
 

15-20 минутқа созылатындығына байланысты. Олар қанға келіп түсе 
бастағаннан кейін ғана тамақ орталығы «тынышталуға» белгі береді.
ашығу сезімі адамға ғана емес, барлық дамыған жануарларға да 
тән, оның адамға тағы ата-балаларынан мұра болып қалғаны күмәнсіз. 
ал адамдар тамақ іздегенде, оны тауып жейтін мүмкіндіктері әр кезде 
бола бермегендіктен, тіршілік үшін күресте тамақ тауып алғаннан 
кейін оны бірден көп жей алатындардың, яғни тәбеті күштілердің 
белгілі бір артықшылықтары болды. тәбеттің күшті болуы, тегінде, 
жануарлар дүниесінің үдерісінде пайда болып, ұрпақтарда бекіп
адамға тұқым қуалап жеткен болса керек.
Қазіргі уақытта дамыған (қайталап айтамыз – дамыған) елдерде 
адамның тамақтануы мәселесі бұрынғыдай өткір мәселе болудан 
қалды, осыған байланысты тәбеттің күшеюі өзінің биологиялық 
мәнінен айырылды. Ол – ол ма, мұның өзі адамның өзінше бір жау-
ына, анда-санда немесе үнемі тамақты шамадан артық жеудің тіпті 
мешкейліктің де себепшісіне айналды. ал бұл – тәбеттің ашылуымен 
санаспауға болмағанымен, тек қана тәбеттің құлына айналмау керек 
деген сөз.
мәселе мынада: біздің тәбетіміз бізге қажетті тамақтың мөлшері 
туралы хабар беріп (нақ осы туралы ол дұрыс хабар бермейді) қоймай, 
сонымен бірге оның сапасы туралы да хабар береді.
күнделікті тамақта қайсыбір тағам ұзақ уақыт болмай жүріп, 
кенеттен берілетін болса, оны жей бергің келіп кететін сезім біздің 
бәрімізге белгілі. бұл фактінің себебі белгілі бір шамада мына-
дай: басқа өнімдерде жетпей жүрген, осының салдарынан біздің 
организміміз оны қажет ете бастаған алмастырылмайтын белгілі бір 
қоспалардың едәуір мөлшері нақ осы тағамда болады. бұл жағдайда 
біздің тәбетіміз бізге әбден дұрыс хабар береді, сондықтан біз, әрине, 
оған «құлақ асуға» тиіспіз.
сөйтіп, біз тәбетіміздің тартуын ескеруге міндеттіміз, бірақ егер 
ішетін тамақтың мөлшерін қадағалап отырмасақ, тәбетіміз бізді 
қолайсыз жағдайға душар етуі мүмкін екенін де ұмытуға болмайды. 
Өз денеңнің салмағын үнемі бақылап отыру тәбетке тиісінше түзету 
енгізуге көмектеседі.
тәбетті қалай қайтаруға болады? – деген сұрақ жиі қойылады. 
бұған біз семіріп кету жағдайларын қарастырған кезде ішінара жауап 
береміз, сол жерде біз ауық-ауық (күніне 5-6 рет) аз-аздап тамақтану 
тамақ орталығының қозуын басатынын да көрсетеміз. бұл орайда 
кейде бір алма немесе бір стақан айран жеткілікті болады. тәбетті 


113
қоздырмау үшін бұрышталған, тұздалған тағамдарды жемеу керек, 
спирт ішімдіктерін мүлдем ішпеу керек. алкогольдің тәбетті барынша 
қоздыратын әсері бар.
сонымен, тәбеттің күшеюі денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін, 
бірақ оның мүлдем болмауы да жақсы емес. баласы аузын ашса 
болғаны, «тәтті» бірдеңені тықпалауға дайын тұратын тым өбектегіш 
шешелердің балалары көбіне осындай болады. Осындай өбектеудің 
салдарынан бала тәбетінен айырылады, ал бұдан қорыққан шешелері 
оны үсті-үстіне тамақтандыруға тырысып, жағдайды бұрынғадан да 
асқындыра береді.
тамақты тәбетің тартып тұрғандай ішкен әрқашан жақсы. тәбетің 
тартуы үшін уақыт керек. тамақтың арасында үзіліс әбден қажет. бала 
кезде бұл үзіліс ересек кездегіден гөрі қысқа болуға тиіс.
мұндай үзілістер қандай болуға тиіс? тамақтанған уақытта қанша 
тамақ және қандай тамақ ішу керек? басқаша айтқанда, дені сау ере-
сек адамның тамақтану режимі қандай болуға тиіс?
тамақтану режимі негізгі төрт қағидасына сай құрылуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет