121
4. тікелей (парентералды) тамақтану. 1908 жылы француз химигі
п.-Э.-м.бербло келешектің басты міндеттерінің бірі – ішек-
қарын жолына тоқтамай, қанға нутриенттерді тікелей енгізу ке-
рек деген түсінік қалыптастырған.
мембраналық ас қорыту мен ғылымның жаңа жаңалықтарын ескере
отырып, үйлесімді тамақтану теориясының бірқатар қағидаларын
тәжірибе жүзінде тексеру негізгі қайта қарауға алып келді.
зерттеу нәтижелері көрсеткендей,
алдын ала тамақты тазарту
идеясы едәуір зиян келтірді. Осылайша, ас үлесіндегі балластық зат-
тар, жасұнық үлесін төмендету көптеген аурулардың, соның ішінде
ішек-қарын жолы, бауыр, өт жолы ауруларының дамуына, алмасудың
бұзылуы мен май басудың пайда болуына себепкер болды.
Үйлесімді тамақтану теориясының
дағдарысы мен маңызы,
бұрынырақ белгісіз болған тетіктердің (ас қорытудың лизосомалы
және мембраналық типтері, тасымалдаудың әр түрлері, ішек гормо-
налдық жүйенің жалпы әсерлері) ашылуы; микробсыз жануарлар
мен адамның ағзасына бақыланатын бактериялы дақылдар енгізілген
бірқатар сипаттамаларын
салыстыру нәтижелері; элементті диета-
лардың ағзаға әсер етуінің тікелей зерттеулерінің мәліметтері мен т.б.
оның негізгі ережелерін қайта қарауға әкеліп соқты. мұндай тексеру
дұрыс тамақтану теориясын қалыптастыруға мүмкіндік берді:
1. тамақтану молекулалық құрамды ұстап тұрады және ағзаның
негізгі алмасуға, сыртқы жұмыс
пен өсуге жұмсалатын қуат
және жұмсақ шығындарының орнын толтырады.
2. тамақтың қажетті қосылыстар тек қана нуриенттер ғана емес,
сонымен біреге балласты заттар да болып табылады.
3. Қалыпты тамақтану ішек-қарын жолының нутриенттерінің бір
ғана ағынымен емес, тіршіліктік маңызы бар нутритивті және
реттеуші заттардың бірнеше ағынымен қамтамасыз етіледі.
4. зат алмасу және әсіресе трофикалық
қатынаста ассимиляция-
ланған ағза жоғарғы ағза ретінде қарастырылады.
5. ішек микрофлорасымен түзілетін иесі бар ағзаның эндоэкологи-
ясы болады.
6. тағамдық заттар үйлесімі қуыстық және мембраналық ас қорыту
(бірқатар жағдайларда ішкі жасушалық) есебінен, сондай-
ақ жаңа заттар, соның ішінде таптырмайтын заттар синтезі
нәтижесінде тамақ құрылымынан оның микромолекулаларының
ферментативті ыдырауы кезінде нутриенттердің босуы
нәтижесінде қол жеткізіледі.