Тәуліктік рационға ұсынылатын майлардың орташа нормасы майдың тәуліктік қолданылуы адамның 1 кг салмағына шаққанда
1,4-2,2 г құрайды. Яғни 63-158 кг, адамның жынысына, жасына, еңбек
жасау түріне және тұрғылықты жердің ауа-райына байланысты.
бұлардың ішіндегі жануар тектес май 70%, ал өсімдік тектес 30%
құрайды.
тамақпен қолданылатын майлардың түрі және саны адам
денсаулығын сақтау үшін және жүрек-тамыры ауруларының профи-
лактикасына әсері бар. тамақпен бірге көп мөлшердегі холестеринді
және қанықпаған май қышқылын (жануар тектес) пайдалану атеро-
склероздың пайда болуына әсер етеді.
тамақтағы артық майлардың әсерінен семіру, жүрек-тамыры ауру-
лары және қатерлі ісік аурулары –болады. негізінен, тамаққа өсімдік
тектес майларды қолданып, жануар тектес майлар мөлшерін аз пайда-
лану қажет.
жалпы, майларды қабылдау рацион калориялылығын 30%-дан
артық қамтамасыз етпеуі керек. Қазіргі кезде мектеп жасындағы
балалардың тамақтануындағы жалпы майлар мөлшері рацион
калориялылығының 34-35%-ын құрайды. күрделі мәселеге холесте-
ринге аса бай жануар тектес майларды артық қабылдау жатады.
• ет тағамдарын, құс еттерін, сүт және сүт өнімдерін алу бары-
сында майлылығы кемдеу тағам түрлерін немесе майсыздарын
(мысалы, майлылығы нөл ақ ірімшік түрлерін) таңдаған дұрыс.
• таңдау омега-3 май қышқылдарымен байытылған тағам
түрлеріне түскен жөн.
• Құрамында қаныққан май қышқылдары бар тоң майлар мен
өсімдік майларын және транс-майларды пайдаланудыазайтып,
аталған майлар кіретін тамақтарды қабылдауды шектеу керек.
• Қаныққан майлар есебінен калорияның 10 пайызынан кемі
түскені дұрыс. Холестеринді 300 мг/күндігіне артық қабылдауға
болмайды және транс-майларды қабылдаудан аулақ болған
дұрыс.
• калорияның 20 пайызын, негізінен, балықта, жаңғақтарда,
өсімдік майларында болатын көп қанықпаған май қышқыл-
дарының есебінен қабылдауды қамтамасыз ету қажет.
66 • тамақ әзірлеген уақытта өсімдік майларын көбірек пайдаланып
ал жануар тектес майларды пайдалануды шектеген жөн.