67
Байыту өлшемдері:
тамақ өнімдерін байытудан барынша көп әсер алу үшін, Дүние
жүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы ДДсҰ келесі өлшемдерді ұсынды:
– халықтың бір немесе одан көп топтарының тағамдық затқа деген
айқын мұқтаждығы;
– тағамдық зат ретінде таңдалып алынған тағамдық өнімдер тиісті
топтар өкілдеріне қолжетімді болуға тиіс;
– тағамдық өнімге салынатын тағамдық зат мөлшері,
осы өнімді
әдетте қабылдағандағы қажеттілікті қанағаттандыру үшін
жеткілікті болуға тиіс;
– қосылатын тағамдық зат мөлшері байытылған өнімді көп
мөлшерде тұтынғанда, уландырушы немесе зиянды әсерін
тигізбеуге тиіс;
– тағамдық зат биологиялық қолжетімді және оны таситын өнімде
тұрақты болуға тиіс;
– таңдалып алынған өнім тағамдық
затты пайдаға асыруда
айтарлықтай кедергі жасамауы керек;
– тағамдық затты қосу тағамдық өнімнің дәміне, сақталуына,
түсіне, консистенциясына және дайындалуына кері әсерін
тигізбеуі керек;
– белгілі бір тағамдық өнімді байыту техникалық жағынан орын-
дала алатындай болуға тиіс;
– байытуға жұмсалатын шығындар байытылған тағамдық өнімнің
құнын айтарлықтай өсірмеуі қажет;
– байыту деңгейін анықтау үшін бақылау әдістерін әзірлеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: