Ақуыздардың биологиялық құндылығы.
ақуыздардың биология-
лық құндылығы құрамында алмастыруға болмайтын амин қыш-
қылдарының болуына, олардың алмастыруға болатын амин
қышқылдарымен қатынасы, ас қорыту жүйесінде ферменттермен
қорытылуына негізделген.
биологиялық құнды және құндылығы аз ақуыздар болады.
біріншілері барлық алмастыруға болмайтын амин қышқылдарынан
тұрады. Құндылығы аз ақуыздарға бір немесе бірнеше алмастырыл-
майтын амин қышқылы кірмейді.
алмастырылмайтын амин қышқылдары организмде синтез-
делмейді, сондықтан да олар организмге тамақпен бірге түсуі керек.
Оларға: метионин, лизин, триптофан, фенилаланин, лейцин, изо-
лейцин, треонин, валин жатады. балалар организмі үшін тағы екеуі:
гистидин, аргинин қосылады. кейбір авторлар олардың қатарына
цистин мен тирозинді де жатқызады. алмастырылатын амин
қышқылдары да тамақпен қажетті мөлшерде түсіп тұруы керек. Үлкен
адамға тәулігіне: триптофан – 1 г, лейцин – 4-6 г, изолейцин – 3-4 г,
треонин – 2-3 г, валин – 3-4 г, лизин – 3-5 г, метионин – 2-4 г, фенила-
ланин – 2-4 г, гистидин – 1,5-2,0 г, аргинин – 6,0 г қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |