42
арқылы өлшенеді немесе қалыпты тыныс ауасының (Қта) көлемін бір
минуттық тыныс жиелігіне (мтж) көбейту арқылы анықталады. мтж
ересек адамда 14-20 тмҚ осы аталған екі көрсеткіш мөлшеріне қарай
өзгеріп отырады. тмҚ өкпенің желдену мөлшерін, өкпе желдеткішін
көрсетеді. бірақ өкпенің жалпы желдену мөлшеріне альвеолалық жел-
дену мөлшері тең болмайды (кем келеді), өйткені өкпе көпіршігіне
сырттан келген ауаның тек 70%-ы ғана енеді, қалғаны өлі кеңістіктің
желденуін көрсетеді. альвеолалық желдену – өкпедегі ауаның минут
сайын жанарып отыру мөлшерінің, өкпедегі газ алмасу қарқынының
көрсеткіші. Қалыпты тыныс алу кезінде альвеолалық желдену біркелкі
болады. мысалы, өлі кеңістік ауасы 150 мл, ал минуттық тыныс 16
болса, өлі кеңістіктің желденуі (Өкж) 150 · 16 = 2400 мл тең. ал Өжж
(өкпенің жалпы желденуі) 8000 мл делік, онда альвеолалық желденуі
бұдан өлі кеңістіктің желденуі мөлшеріндей кем болады, яғни
8000 мл – 2400 мл = 5600 мл тең. егер тыныс жиілігі екі есе өссе, онда
альвеолалық желдену төмендейді. мысалы,
өлі кеңістіктің желденуі
150 · 32 = 4800 мл болса, альвеолалық желдену – 8000 – 4800 = 3200 мл
болады, яғни ол көп төмендейді. сонымен, өлі кеңістіктің желдену
мөлшерінің өкпеде өтетін газ алмасуына әсері зор.
Өкпе мен ұлпасындағыі газ алмасу.
Дем алғанда өкпеге кіретін
атмосфералық ауамен, деммен бірге шығатын немесе альвеолалық
ауаның құрамындағы әр газдың мөлшерін жеке салыстырып, өкпе
альвеоласындағы газдар мен қан құрамындағы газдардың өту бағытын
байқауға болады.
негізгі газдар атмосферада, оның
жеке қабаттарында ұдайы бір
мөлшерде болады. адам дем алғанда, осы атмосфералық ауа өкпеге
енеді, ал өкпедегі альвеолалық ауа мен дем шығарғанда шығатын
ауада оттегімен көмірқышқыл газ мөлшері ұдайы өзгеріп отырады:
оттегі азайып, көмірқышқыл газ көбейеді.
Деммен бірге шығатын ауамен, альвеолалық ауадағы оттегімен
көмір қышқыл
газ мөлшерін салыстырсақ, деммен шыққан ауада
оттегі көбірек, көмірқышқыл газ азырақ: альвеолалық ауа өкпеден
шығарда тыныс жолындағы атмосфералық ауамен араласып кетеді.
Өкпеде газ алмасуының негізгі көрсеткіші - альвеолалық ауадағы
газдардың құрамы мен мөлшері. атмосфералық ауамен альвеолалық
ауа құрамындағы газдардың мөлшерін салыстырсақ, оттегінің атмос-
ферадан қанға, ал көмірқышқыл газдың қаннан альвеолаға өтетінін
байқауға болады.
43
белгілі ұлпамен құрамындағы газдармен
алмасу тәртібін білу
үшін, қандағы газдардың физикалық жайымен мөлшерін, кернеу
күшін анықтап алу қажет.
әрбір газ қанда еріген не химиялық жолмен байланысқан күйінде
кездеседі. биологиялық мембрана арқылы тек еріген газдар өтеді.
газдар қан айналысының үлкен және кіші шеңберлеріндегі
қылтамырдан бір тәртіппен өтеді, сондықтан өкпеде немесе белгілі
ұлпада өтетін газ алмасуын бірге қарауға болады.
әрбір газ бір және бірнеше қабатты мембранадан өте алады.
Оның өтуі мембрананың
екі жағындағы меншікті қысымға, ондағы
айырмашылыққа байланысты. басқаша айтқанда, газ бір жерден
екінші жерге қысымның жоғарғы жағынан төмен жағына қарай диф-
фузия жолымен көшеді.
ауадағы газдың меншікті қысымын білу үшін, алдымен оның
мөлшерін және барлық газдардың жалпы қысымын анықтап алу қажет.
Қандағы жалпы газ қысымын 1858 жылы и.м.сеченов анықтаған.
әр газдың меншікті қысымы қанда кернеу күшіне
тең болса,
сұйықтықта және ерітінді үстінде газ тепе-теңділігі пайда болады.
ал газдың меншікті қысымы кернеу күшінен жоғары болса, ол ери
бастайды, кернеу күші жоғары болса, газ сұйықтықтың құрамынан
бөлініп шығады.
кернеу күші деп бір молекула газдың ерітіңдіден сыртқа шығаруға
жұмсайтын күшін айтады.
газдың еруі ерітіндінің құрамына, сұйықтықтың үстіндегі газ
қалпында сақталған газдардың көлемі мен мөлшеріне, ерітіңдінің тем-
пературасына және газдың табиғатына байланысты. газдың ерітіндіге
көшуі мен ерітінді үстіңдегі газдар қатарына
шығуы арасында тепе-
теңдік болады. газ молекуласының ерітіңдіден бос газдар арасына
шығаратын күшін газдың сұйықтықтағы кернеуі деп атайды.
бір жағынан, газдың альвеола ауасындағы меншікті қысымын,
екінші жағынан, сол газдың күретамыр мен тамырдағы, сондай-ақ
ұлпадағы кернеу күшін өзара салыстыра отырып, газ диффузиясының
бағытын анықтайды.
Қан айналысындағы кіші шеңберіндегі капиллярларда оттегінің
меншікті қысымы венадағы кернеу күшінен 60 мм жоғары, сондықтан
да оттегі
альвеоладан тамырға ауысады, сөйтіп вена қаны күре
тамырқанына айналады. тамыр қаныңдағы көмірқышқыл газдың
кернеу күші альвеоладағы меншікті қысымнан 6 мм жоғары.
айырмашылықтың аздығына қарамастан, көмірқышқыл газ тамыр-