Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет23/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   189
Өкпенің серпімділігі мен серпін күші. 
Өкпеде серпімді ұлпалар көп. 
сондықтан да ол созылып, қайта тартылып алғашқы қалпына келе 
алады. Өкпе ширығуы мен созылуы тығыз байланысты. созылған 
өкпе ұлпасының бұрынғы қалпына келтіретін күш серпін күші деп 
аталады. Өкпе неғұрлым созылғыш келсе, оның серпімділігі де 
соғұрлым жоғары болады. серпін күші өкпенің аумағын тарылта 
отырып, висцеральдық плевраны париетальдық плеврадан тартып 
ажыратуға тырысады. бұл – плевра қуысындағы қысымды азайта-
тын негізгі себептердің бірі. созылған өкпенің қайта тарылуы бронх 
еттерінің үніне да байланысты. плевра қуысында теріс қысымның 
тағы бір себебі альвеолалардың ішкі бетінде «сурфактант» атты беткі 
кернеу күші өте төмен заттың болуы. әрбір альвеоланың ішкі беті 
осы сурфактантпен майланған. бұл белок аралас липидтен тұрады. Ол 
екі пневмоциттен бөлініп шығады. сурфактанттың қалыңдығы 20-100 
нм. альвеоланың көлемі кішірейген сайын оның беткі кернеу күші 
төмендей түседі. сондықтан сурфактантпен көмкерілген альвеола 
өкпенің трансмуральдық қысымы қанша жоғарыласа да қабыспайды
әрқашан кернеліп тұрады. сурфактанты бар өкпеде ателектаз бол-
майды. сонымен, альвеоланың серпімділігі сурфактант әсеріне де 
байланысты.
Өкпенің жалпы сыйымдылығы.
тыныс алу барысында ауа тыныс 
жолы арқылы өкпеге кіріп, оттегін берген соң сыртқа шығып оты-


36
 
 

рады. Өкпеге дейін кіріп – шығатын ауаның мөлшері дем алу мен дем 
шығарудың тереңдігіне байланысты. біркелкі тыныштық жағдайда 
демді ішке жай тартып, сыртқа шығарса, өкпеге дейін кіріп-шығатын 
ауаның мөлшері 500 мл-дей болады. Осы жай дем алғанда тыныс 
ағзаларына еніп, қайта шығатын ауаның мөлшерін қалыпты тыныс 
ауасы деп атайды. Қалыпты тыныс ауасы тұтас өкпе көпіршігіне 
барып жетпейді, оның 150 мл тыныс жолын толтырады да, газ алмасу 
үдерісіне қатыспайды. сондықтан тыныс жолын толтырған ауа өлі 
кеңістік ауасы деп аталады. сөйтіп сырттан келіп түскен ауаның
350 мл-і ғана өкпеге барып, газ алмасу үдерісіне қатысады. 
Демді әдеттегідей жай ғана ішке тартып қоймай, одан ары демді 
келгенше тереңдете түссе, адам қалыпты тыныс ауасына қосымша 
1500-2000 мл ауаны жұта алады. Осылайша, қатты дем алғанда 
қалыпты тыныс ауасына қосымша жұтылатын ауа көлемін резервтік 
дем алу ауасы дейді. сөйтіп, демді қатты ішке тартқанда, тыныс 
жолдарын толтырып өкпеге жететін ауа мөлшері Қта (500 мл) мен 
РДаа-нан (1500-2000 мл) тұрады. мұны дем алу мөлшері дейді. Ол 
2000-2500 мл-ге тең.
Қалыпты тыныс алу кезінде әдеттегідей дем шығарып, дем алма-
стан күшпен дем шығарса, тағы да сыртқа 1000-1500 мл ауа шығаруға 
болады. мұны «резервтік дем шығару ауасы» (РДШа) дейді. сонымен, 
үш түрлі ауа – қалыпты тыныс ауасы, резервтік дем алу ауасы және 
резервтік дем шығару ауасы бірігіп, өкпенің тіршілік сыйымдылығын 
(Өтс) құрады. 
Өтс = Қта + РДаа + РДШа
Өтс = 500 мл + 2000 мл + 1500 мл = 4000 мл.
былайша айтқанда, Өтс дегеніміз – терең дем алып, іле-шала терең 
дем шығарған кезде сыртқа шығатын ауаның көлемі. Өтс ересек 
адамда 3500-5500 мл-дей. Өтс адамның жасына, жынысына, бойына, 
дене еттерінің (оның ішінде тыныс еттерінің) күшіне (ширақтылығына) 
байланысты болады. Өтс қарт адамда аз, оның қабырға шеміршектері 
қатайып, өкпесінің серпімді қабілеті төмендейді, сондықтан демді 
ішке тартқанда, кеуде қуысы онша кеңімейді, өкпесі керегінше жазыл-
майды. ер адамға қарағанда әйелдің көкірек қуысы тарлау, ал жолақ 
еттері әлсіздеу келеді. сондықтан да әйелде Өтс төменірек болады.
спортшы адамның тыныс еттері ширақ, күштірек келеді де, дем алған 
кезде көкірек қаттырақ керіледі, Өтс-і жоғары болады. 


37
Өтс-ті, оның құрамындағы ауа түрлерінің көлемін спирометрмен 
өлшеп немесе спирографпен жазып, олардың мөлшерін спирограмма 
арқылы табуға болады. 
күш салып терең дем шығарған сәтте 1000-1500 мл ауа сыртқа 
шықпай, өкпеде қалып қояды. мұндай ауа «қалдық» деп аталады. 
Қалдық ауамен резервтік дем шығару ауасы қалыпты дем алып, дем 
шығаратын кезде әрдайым өкпеде қалып отырады. мұндай екі түрлі 
ауаның қосындысы «функциялық қалдық» ауа (ФҚа) деп аталады.
ФҚа = Қа + РШДа.
ал қалыпты дем алған кезде функциялық қалдық ауа (ФҚа) 
қалыпты тыныс ауасымен (Қта) араласып, әрдайым аздап жана-
рып отырады. Демді мейлінше ішке тартқан кезде, өкпені толтырған 
ауаның жалпы мөлшері өкпенің жалпы сыйымдылығы (Өжс) мен 
қалдық ауадан (Қа) тұрады. 
Өжс = Өтс + Қа.
Өкпедегі қалдық ауаның мөлшері жанама әдіспен (азот немесе 
гелий көлемін анықтау арқылы) анықталады. әдетте, қалыпты ауа 
өкпенің жалпы сыйымдылығының (Өжс) 20-30% -іне тең. Қарт адам 
өкпесінің серпімді қабілеті төмендеп, шеміршегі қатайғандықтан, 
өкпенің тіршілік сыйымдылығы азайып кетеді, ал қалдық ауаның 
көлемі, керісінше, көбейе түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет