Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет22/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   189
Дем шығару механизмі. 
кәдімгі дем шығару кезінде дем 
алуды қамтамасыз еткен еттер босайды. көкірек клеткасы өзінің 
ауырлығының нәтижесінде бұрынғы қалпына келеді. Диафрагма 
көкірек қуысына қарай жоғары көтеріледі. көкірек клеткасының, олай 
болса, өкпенің көлемі кішірейеді, альвеолдардағы қысым көбейеді, 
нәтижесінде, дем алу кезінде өкпеге түскен ауа сыртқа шығады.


33
күшті дем шығару кезінде іш басылымы да қатысады. бұл кезде 
іш қабырғалары жиырылып, іш органдарын қысады, ал іш орган-
дары диафрагманы қысады, ол жоғары көтеріле түседі де, сыртқа 
шығарылатын ауа көлемін көбейтеді. жалпы алғанда, диафрагма 
қозғалысы өкпе желдеткішінің 70-80% -ін қамтамасыз етеді. 
Қалыпты тыныс алуда көкірек клеткасының кеңуі, негізінен, 
қабырғалар көтерілуінің есебінен жүрсе, бұл тыныс алудың 
қабырғалық типі деп аталады. бұл жағдайда диафрагманың жылжуы 
белгілі дәрежеде жауапкершілікті түрде, көкірек қуысындағы қысым 
өзгерісіне байланысты жүреді. тыныс алудың келесі түрі құрсақтық 
деп аталады. бұл жағдайда диафрагма күшті жиырылады да, құрсақ 
қуысындағы органдар қысылып, орындарынан жылжиды. Осыдан дем 
алу кезінде іш қампиып кетеді.
плевралық кеңістіктегі теріс қысым және оның маңызы. бізге 
өкпенің мықты жабылған көкірек қуысында жататыны мәлім. Осы 
өкпенің сыртқы қабатын висцеральдық плевра қабаты деп атайды. 
ал көкірек клеткасының өкпеге қараған ішкі бетін, диафрагманың 
көкірек клеткасына қараған бетін жауып жататын қабатты плевраның 
париетальдық қабаты деп атайды. плевраның бұл екі қабатының ара-
сында өте тар кеңістік болады да, оны ұйыма сұйықтық толтырып 
тұрады. бұл кеңістікте ауа болмайды және ол атмосфералық ауамен 
еш қатынаспайды.
плевралық қуыстағы қысым өкпе қабырғаларының серпімділік 
қасиетінің арқасында атмосфералық қысымнан төмен болады. себебі, 
егер ондағы қысым атмосфералық қысымға тең болса, онда өкпеге 
ауа түспей, организм тұншығып өлер еді. плевралық қысымның 
атмосфералық қысымнан кем болатындығынан ол теріс қысым деп 
аталады. Оның мөлшері өкпеге ауа түсіп, оны кеңейткенде сол ауа 
қысымнан өкпенің серпімді ұлпаларының келтіретін кедергі күшіне, 
не болмаса серпімді күшке тең болады. Өкпенің түскен ауа әсерінен 
созылуы неғұрлым көп болса, оның ауа қысымына келтіретін кері 
күші де соғұрлым көп болады. Олай болса, сол кері күшпен өлшенетін 
теріс қысымның да шамасы көп болады.
көпшілік жағдайда, қысымдардың жалқы мәнінің физиологиялық 
мағынасы жоқ болғандықтан, теріс қысым деп тек атмосфералық 
қысым мен плевралық кеңістіктегі қысымның арасындағы айырма 
ғана аталады. біздің мысалымызда теріс қысым 8-ге тең екен. 
плевралық қысымның шамасын сынап, монометрге жалғанған қуыс 
инені көкірек клеткасына сұғу арқылы анықтауға болады. Осын-


34
 
 

дай жағдайда плевралық қысымның атмосфералық қысымнан төмен 
болатындығынан көкірек клеткасымен жалғасқан жағындағысынан 
бағанасы көтеріледі. клиникалық тәжірибеде плевралық қысым шама-
сын анықтау үшін, адамның өңешінің төменгі бөліміндегі қысым 
өлшенеді. Осы мақсатта оның мұрын қуысы арқылы ұшында серпімді 
баллоны бар арнайы катетер енгізіледі. Өңештегі қысым шамамен 
плевралық қысымға сәйкес болады. Өйткені өңеш көкірек қуысында 
орналасқандықтан, ондағы қысым өзгерісі өңеш қабырғасы арқылы 
беріліп, өңеш ішіндегі қысымды өзгертеді. 
Осы әдіспен зерттеу көрсеткеніндей, барынша терең дем 
шығарудың соңында плевралық кеңістіктегі қысым атмосфералық 
қысымнан 4-5 см-ге төмен, ал жай кездегі қалыпта дем шығару кезінде 
бұл көрсеткіш біраз өседі. 
көкірек қуысына көптеген органдар жатады. Онда өңештің бір 
бөлігі, жүрек, кіші қан айналу жолының барлық тамырлары, жоғарғы 
қуыс тамыры және төменгі қуыс тамырының жоғарғы бөлігі т.б. бар. 
Өкпенің созылу кезіндегі серпімді күші париеталдық плевра 
арқылы көкірек қуысында жатқан барлық органдарға беріліп, оларда 
да теріс қысым тудырады. бұл қысым жүрек жұмысына, артерия мен 
аортадағы қысымға әсер ете алмайды. себебі, олардағы қан қысымы 
өте үлкен болады. бірақ көкірек қуысында туған теріс қысымның 
жүрекке құятын қуыс тамырдың жұмысы үшін өте үлкен манызы 
бар. себебі, бұл теріс қысым үлкен тамырдың қабырғаларының созы-
луына, сөйтіп, оларда теріс қысым онан сайын көбейеді. мұндай 
қуыс веналардағы теріс қысымның көбеюі оң жүрекке қанның түсуін 
жақсартады. себебі, кіші веналар мен қуыс веналардың арасындағы 
қысым айырмашылығы жоғарылып, қуыс веналардың қанды өзіне 
сору мүмкіндігі көбейеді. 
есте болатын нәрсе – плевралық қысым тек өкпенің серпімділік 
күшіне ғана байланысты емес. бұл күш әр уақытта көкірек 
клеткасының көлемін азайтуға бағытталған. Оның ақырғы мәнін 
анықтауға тыныс алу қозғалыстары кезіндегі тыныс алу еттері жиы-
рылуынан туатын белсенді күш те қатысады. плевралық қысым 
деңгейіне белгілі дәрежеде висцеральдық және париетальдық плевра 
қабаттарының сұйықтықты сүзу және сіңіру үдерістері де әсер етеді.
альвеолдық қысыммен плевра ішіндегі қысым айырма-
сын транспульмональдық (Рт) қысым деп атайды. Өкпенің диа-
фрагмамен жанасатын жеріндегі пранспульмональдық қысымды 
трансдиафрагмалық дейді. Р = Ра – Рpl, мұндағы Рa альвеолдық 


35
қысым, Рpl – плевра ішіндегі қысым, Рт – транспульмонольдық 
қысым. тыныс алу еттері тудыратын күштер сыртқы тыныс алудың 
мынадай сандық көрсеткіштері арқылы сипатталады: көлем (V), өкпе 
желдеткші (Ve) және қысым (Р). 
Физиологиялық жағдайларда өкпе дем алу кезінде плевралық 
кеңістіктегі қысымның төмендеуі нәтижесінде ғана созылып, ауаға 
тола алады. ал плевралық кеңістіктегі қысым ол сыртқы ауамен 
қатынаспаған жағдайда ғана төмендейді. егер көкірек клеткасының 
зақымдануынан т.б жағдайлардан плевралық кеңістікке ауа түсетін 
болса, ондағы қысым атмосфералық қысымға теңеседі де, өкпеге екі 
жақтан бірдей қысым әсер ететіндіктен, ол созылмайды, өзіне ауа 
толтыра алмайды, адам демалуын тоқтатады. пневмотаркстың меди-
цинада өкпе туберкулезін емдеуде манызы бар. туберкулез кезінде 
өкпе қозғалысын баяулату үшін плевралық кеңістікке белгілі мөлшер 
қажет.
тыныс алу кезінде өкпедегі ауаның жаңарып отыруы өкпе 
желдеткіші деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет