Еңбекпен түзету педагогикасы
түрмеде отырған азаматтарды қайта
тәрбиелеудің теориясы мен практикасын қарастырады. Мұнда азаматтардың
жас ерекшелігі ескеріледі, оларда әсіресе балалар мен жасөспірімдер
қылмысына қатысты кездесетін заң бұзу және оны жою жолдары зерттеледі.
Сауықтыру педагогикасы
психология мен педагогиканың өзара белсенді
әрекеттері барысында салыстырмалы түрде кейінгі кезде ғана дами бастады.
Педагогика тарихы
– адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен
мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Салыстырмалы педагогика
әрбір елдердегі білім беру және тәрбие
жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра
дамуын зерттейді.
Жеткілікті дәрежедегі дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе
пәндік педагогика құрайды. Жалпы педагогикада педагогикалық заңдар мен
заңдылықтар, танымдық іс-әрекет әдістері, оқу-тәрбие процесінің мазмұны
қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |