Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет170/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Өзіне-өзі бұйыру
дегеніміз адамның өзіне-өзі берген қысқа, үздік-үздік 
үкімі. Өзіне-өзі бұйыру адам өзін нақты бір іс-әрекет жасау керектігіне сендіріп, 
енді басқаша әрекет жасауға болмайды деп сезгенде ғана қолданылады. 
Өзін-өзі бақылау
– адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық процестер мен 
көңіл-күйлерін түсінуі, бағалауы және реттеуі.
Өзін-өзі түзету
адамға өз мінез-құлқын, кемшіліктерін, қателіктерін және 
басқа адамдарға деген қарым-қатынасын өзгертуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі 
түзету адамның өзіне сын тұрғысынан қарауына байланысты болады. 
Өзіндік даму
- өзіндік ерекшелігімен өзгешеленетін үрдіс. Өзіндік даму 
дегеніміз – өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі бағалауды дамытудың белгілі 
бір деңгейінің нәтижесі. 
Оқушының өзін-өзі тәрбиелеу ісіндегі мұғалімнің педагогикалық қолдауы: 
-
оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеуге кеңес беру, тапсырмалар мен міндеттер 
белгілеу, нұсқау беру; 
-
оқушылармен оңтайлы қарым-қатынас орнату; 
-
оқушылардың іс-әрекетін, қызметін обьективті бағалау; 
-
өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыруға шығармашылық қатынас жасау; 
-
жеке басының өнегесі, үлгісі, ықпалы; 
-
жеке басының беделін пайдалану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет